400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие сағаты «Менің елімнің шекарасы» 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды елін жерін сүюге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәдениет негізгі мектебі» КММ







Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай ашық тәрбие сағаты ашық

«Менің елімнің шекарасы»

3- сынып







Сынып жетекшісі: Хавсейт А























Сабақ тақырыбы: Менің елімнің шекарасы

Мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;

Тәрбие сағаттың әдістері: Сұрақ - жауап,дәлелдеу, сипаттау, жинақтау

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта: жалауша, суреттер, слайд

Тәрбие сағаттың түрі: Дамыта оқыту Тәрбие сағат барысы
Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Хор: Әнұран.
 

Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы. Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл? Балалар 25 жыл дұрыс айтасындар. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Кәне, балалар сол қалаларды кім атап береді?

- Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы. Тәуелсіздік тірегі 
Жеріміздің кіндігі 
Халқымыздың бірлігі – Астана 
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті 
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы.  
Астана кеше ғана басқа қала  
Айналды бәйтеректі Астанаға Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Елім менің»
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің, Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа  сүйер азаматы болайық.
Таси берсін ырысың!

I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ. Бағдарлау - мотивациялық кезең «Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз. «Қызықты ұйқастар»

Өрмекші құрды тұзақ

Менің ұлтым... /қазақ/

Аман болсын қарттар

Суықты болар.../қаңтар/

Құт - береке жауғыз,

Келе жатқан.../наурыз/

Ашытылған қамыр

Мерекелі... /мамыр/

Суда жүзер сазан

Айдың бірі... /қазан/

Биіктеуде жас қала,

Бас қаламыз... /Астана/

Менің досым салмақты

Бұрынғы астанамыз.../Алматы/

Партаның бетін жырма

Күзде басталады.../қырман/

Тынықтырар түн

Қуаныш сыйлар.../күн/ -

Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі. Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б. - Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық? -«Қазақстан» - Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. 1. Өткен күн. Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі) 2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/ Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар. «Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады. 4. Дәптермен жұмыс. Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Ресей Түрікменстан Өзбекстан Қырғызстан Қытай

ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)

1. Қазақстан жері кең байтақ

2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен

3. Астанасы – Алматы

4. Ұлты қазақ

5. Пайдалы қазбаларға өте бай

6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі

7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер

8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері

9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі