400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "менің мамандығым-менің болашағым" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланған материалдан мамандықтар жайында мағлұматтар алуға болады. ." Қазақстанның болашағы -білімді жастардың қолында". Келешекте мамандықтың адам өмірнідегі алатын орны зор екендігі айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар бойынша өткенді кеңейтіп, мағынасын толық түсіну, жалпы мүшелерінің формуласын шығаруда қолдана білу

Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, «Кім жылдам», «Формулалар вальсі» стратегиясы, .«Тапқыр болсаң, тауып көр» стратегиясы, «Математикалық диктант» стратегиясы

Сабақ түрі: Білімді бекіту, пысықтау.

Күтілетін нәтиже:

- Есептерді шығару барысында оқушылар топта бірлесе жұмыс жасауға, өз-өзін бағалауға және кері байланыс жасауға дағды қалыптастырады;

- Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын қолданып, есеп шығаруға қол жеткізеді;

Түйінді идея: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып есептер шығару

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру



1. Сәлемдесу;

2. Топқа бөлу: ауызша 1,2,3,4 сандары бойынша

3. Бағалау парағын топбасшыға таратып беру

1. Сәлемдеседі.

2. 1,2,3,4 сандарын айтып, сол сан бойынша 4 топқа бөлінеді. Топтың атын құрастырып, топ басшысын сайлайды


АКТ

стикерлер

2. Өткен сабақты қайталау




1.«Кім жылдам» стратегиясы бойынша әр топқа (ауызша) 5 сұрақтан қойылады.

2. «Формулалар вальсі» стратегиясы

1) Әр топ өз сұрақтарына жауап береді.



2) «Формулалар вальсі» стратегиясы бойынша негізгі тепе-теңдіктерді топтастырады.


А-4 қағаздары

Маркерлер

Түрлі-түсті қағаздар.

3. Тез есептей аламызба?


1.«Тапқыр болсаң, тауып көр» стратегиясы бойынша ауызша есептерді экранға шығару.

2. Оқулықпен жұмыс

1.Топта бірлесе отырып есептерді шешіп, жауабын экраннан тексереді.


2. Әр топқа бір-бір есептен беріледі. Тақтаға және плакатқа жауабын жазады.

Интерактивті тақта, плакат

4. «Сәйкесін тап!» стратегиясы.

Сәйкестендіру тесті бойынша шығармашылық жұмысқа жұмылдыру .

Әр топ бір есепті шешіп, оның жауабымен тақтаға шығып сәйкестендіреді.

Интерактивті тақта

5. Сергіту сәті

«Әсем әуен» стратегиясын пайдаланып, би қозғалысын ұйымдастыру.

Оқушылар әсем әуенге шапшаң қимыл-қозғалыспен билейді.

Ән

6. Білімді пысықтау

Пысықтауға арналған

«Математикалық диктант» стратегиясы бойынша тапсырмалар беру (экранда көрсетеді)

Әр топ білімді пысықтауға арналған «математикалық диктантты» орындайды.

Топпен бірлесе отырып орындалады.


АКТ

Үлестірме-

лер

7. Бағалау

Табыс критерилерімен таныстыру.

Бірлескен топта көшбасшы оқушымен бірге өзара бағалау, топ мүшелеріне қорытынды баға қою.

Бағалау парақтары.

8. Рефлексия



9. Үйтапсырма

«Бес саусақ» байланыс парақтарын таратып беру.


Қайталауға арналған есептер шығару.

Сабақ бойы алған әсерін өз-өзіне жүгіне отырып, рефлексия жазады.


260,№261

Кері байланыс парақтары







































9 сынып оқушыларына «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып есептер шығару» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспарды құрып, сабақ өттім. Осы сабақты өткендегі мақсатым оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалану. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйрету, тапсырманы тез, жылдам орындауға дағдыландыру. Есеп шығаруды тиімді жолдарын үйрету.

Сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларды топқа біріктіру үшін 1,2,3,4 сандарын қолдандым. Топқа біріктіруде оқушылар жылдам топқа бірікті. Топқа біріктіру – оқыту мен оқу тәсілі, бұл тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау, бірлесе жұмыс істеуді білдіреді.

Өткен сабақты қайталауда «Кім жылдам» стратегиясын қолдандым. Бұл стратегия бойынша әрбір топқа (ауызша) 5 сұрақтан қойылады. Осы стратегияны қолдануда оқушылар өз ойын еркін жеткізуде, баланың осыған дейін алып келген ілім-білімдерін, дағдыларын одан әрі дамытуға, өзін-өзі бағалай білуде, рухани адамгершілік әрекеттерді қалыптастыруға ықпалы зор.

«Формулалар вальсі» стратегиясы бойынша негізгі тепе-теңдіктерді топтастырады. Бұл стартегияда оқушыларға тапсырманы тез,жылдам орындайды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушылардың ойлау қабілеттері негізінде ұжымшылдық жүйеде шығармашылық ізденістерін дамытады.

«Тапқыр болсаң, тауып көр» стратегиясы бойынша ауызша есептер экраннан көрсетіледі. Топта бірлесе отырып есептерді шешіп, жауабын экраннан тексереді.

Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бір-бір есептен беріледі. Тақтаға және плакатқа жауабын жазады. Сол өздерінің шығарған есептерін қорғайды. Тапсырманы қорғау кезінде әр оқушы өз жазғандарын, ізденістерін дәлелдемелер келтіре отырып қорғап шықты.

Сәйкестендіру тесті бойынша шығармашылық жұмысқа жұмылдыру . Әр топ бір есепті шешіп, оның жауабымен тақтаға шығып сәйкестендіреді.

Сабақты қорытындылау үшін «Математикалық диктант» стратегиясын пайдаландым. Топпен бірлесе отырып орындалады.

Менің жаңа бағыттағы стратегияларды пайдалану барысындағы түйгенім: Сабақ барысында, тақырыпты меңгертуде тек пәндік білім беріп қана қоймай, оқушылардың жазу сауаттылығын арттыра отырып, топтық жұмыстарды қорғауда шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны ерекше деп білемін. Білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру үшін; оқушының еркін өз ойын жеткізуде, шығармашылық қабілетін дамытуда, түрлі ақпараттарды синтездеуде, таңдау жасауда, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда Қазақстан ұрпағының болашағы бұданда жарқын боларына сенемін.

Қорыта айтқанда, «Мектептің жаны – мұғалім». Мұғалім білімді болса, сол мұғалім шәкірті де білімді болып шығады. Ең әуелі мектепке керегі – білікті маман, жаңашыл мұғалім. Әрбір ұстаз алдын-ала өзін – өзі педагогикалық жұмысқа іштей бейімдеуі керек, инновациялық ынталық пен табандылыққа үйренуі қажет және өз сенімін оқушыға жеткізе білуі керек.

Ұлы неміс педагогы А. Дистерверг «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», - деген.

Сондықтан біз оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете білетін, бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын, кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар ұлағатты ұстаз болуымыз керек.


Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық - 2012ж.

«Мектеп» журналы, №10, 2011ж.

Алгебра 9 сынып. А. Н. Шыныбеков 2013ж.

«Математика және физика» журналы №5 2012ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі