15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Менің отаным - Менің мақтанышым"2-сынып
Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты
«Менің Отаным – менің мақтанышым!»
(Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады)
1-сынып
Нагуманова.С.К.
Петропавл қаласы
Сабақтың тақырыбы:
«Менің Отаным – менің мақтанышым»
Сабақтың мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына
орай, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,
мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының
картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер,
гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап,
әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие
сағаты
Сабақтың әдіс -
тәсілі:топпен жұмыс, шаттық
шеңбері,
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, бейнежазба, суреттер
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту
(Шаттық шеңбері арқылы оқушылар Қазақстан, Отан, туған жер туралы бір-бір сөйлем айтады.)
Мұғалім:
Біз бүгін «Менің Отаным – Менің мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
Қазастан Республикасының Гимні орындалады.
ІІ. Мағынаны ашу
- Балалар, біздің
Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
Қазақстан жері
қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің еліміз - жерінің кеңдігімен
қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай
тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы,
таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
|
Альмира Бақытты боп жүргенім Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің –тірегім, Құшағында гүл атам |
Даниял Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң. Сенен бақыт тарайды Баршамызға Ұлы Отан. |
|
А Мерей Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан. Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан! |
Темірлан Отанды біз атамекен Деп аялап атаймыз, Өйткені оны мекен еткен, Бабамыз бен атамыз. |
|
Диар Елінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем? |
Зарина Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар, Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем? |
|
Дастан О, алақай, туған жер! Жақсы-ау, бақша-бауларың! Көзге ыстық көрінер Сенің асқар тауларың. |
Арлан Туған жердің жырларын Қызғалдақтай терейік, Кең өлкенің қырларын Жүр, аралап келейік! |
Мұғалім:
Отан дейміз кең -
байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Сөзжұмбақ:
-
Қазақстандағы мемлекеттік тіл қандай тіл?
-
Қазақстанның бас қаласы қай қала?
-
Қазақстанның негізгі тұрғындары кім?
-
Аламсы көп қаланы аты
-
Оқушының міндеті не?
-
Петропавл Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
-
Не отбасынан басталады?
-
Бізге өмір сыйлаған кім?
-
Ас атасы не?
Кластер: «Қазақстан» сөзіне кластер құру.
|
Әділхан Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. |
Аружан Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. |
|
Нұржан Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. |
|
-Біздің елімізді кім басқарады?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Әкесі нің аты - Әбіш , анасының аты -Әлжан болған. 61 жасында еліміздің алғашқы президенті болып сайланды. Ол 1991 жылдың 1-желтоқсаны болатын. Міне 25 жыл бойы елімізді басқарып келе жатыр. Дариға Динара, Әлия - деген үш қызы бар.
-Тәуелсіз ел болғаннан кейін әр елдің өз рәміздері де болады. Біздің рәміздерімізді кім атап береді?
|
Әкежан Рәміздерім-елдігімнің белгісі, |
Темірәлі Көк аспандай көкпеңбек |
|
Самира Алтын күннің астында, |
Мадина Желбірейді шалықтап, |
|
Жанель Көк аспанда нұрлы Күн, |
Дария Ұлттық өрнек мұрамыз |
|
Ж Мерей Айнымайды аспаннан |
Абай Шайқалмайды шаңырақ. |
|
Асия Құт, береке шаңырақ |
Айша Елтанбасы елімнің |
|
Наргис Әнұраны елімнің |
Шыңғыс Барша халық таныған |
Мұғалім:
-Ел ордам менің – Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген – Астанам.
-Біздің туған өлкеміз - кең байтақ Қазақстан. Елордамыз – Астана. Еліміздің асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы біздің ақ бесiгiміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексiз сүйемiз. Әрқашан аялап,қорғап жүремiз.
«Тәуелсіз Қазақстан» туралы видео.
|
Аяна Ел ордам менің – Астана, |
Дәулет Астанама қарашы, |
|
Дильназ Ардақталды Астанам, |
Амир Қарсы тұрып қас жауына қаптаған, Ешбіріне туған жерін сатпаған. Халқымыз өз жомарттығын сақтаған. Мен қазақ боп туғаныма мақтанам. |
ІІІ. Ой толғау
Топпен жұмыс.
1-топ: Пазл жинайды
2-топ: Сурет бояйды.
3-топ: Сурет салады
4-топ: Ермексазбен жұмыс жасайды.
Мұғалім:
Қазақстан, сен
заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа
бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,
тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген