Тәрбие сағаты Менің Отаным - Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Менің Отаным - Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
5-11 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


















Тәрбие сағаты


«Менің отаным – Қазақстан»


9 «А» сынып






























2024-2025 оқу жылы



«Менің Отаным – Қазақстан»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту. Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

«Додекаэдр» әдісі арқылы жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне додекаэдрды лақтырып, суреттелген тапсырмаларды орындайды: шапалақта, бір шумақ өлең айт, биле, бір аяқпен 3 рет секір, көршіңді құшақта, көршіңе «бес» бер, 3 рет отырып тұр, 2 рет айнал, тілек айт, көршіңе комплимент айт, 1 миллион доллар ұтқандай қуан, жүрек жаса.


І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Балалар, бүгін біз «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткіземіз. Қазақстан – біздің туған жеріміз, біздің ортақ үйіміз. Біз осы жерде өмір сүріп, білім алып, елімізді көркейтуге үлес қосып жүрміз. Бұл сабақта біз Отан туралы сөйлесеміз, оның байлығы мен ерекшеліктері туралы ой бөлісеміз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!


ІІ. Қазақстанның рәміздерін таныстыру

1. Қазақстанның Туы туралы мәлімет:

Мұғалім: Қазақстан Республикасының Туы – көгілдір түсті, ортасында күн, астында қыран бейнеленген. Бұл рәміз еліміздің бейбітшілігі мен кең байтақ даласын көрсетеді.

Сұрақ: Тудың түсі неліктен көгілдір болып таңдалды? Оның мән-мағынасын ашып беріңдер.

Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштықпен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Сұрақ: Тудың ортасындағы күн нені сипаттайды?

Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі.

Сұрақ: Қанатын жайған қыран құс нені бейнелейді?

Қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.









2. Елтаңба туралы мәлімет:

Мұғалім: Елтаңба – мемлекеттің айқын белгісі. Ол киіз үйдің шаңырағы, қанатты пырақтар мен бес жұлдыздан тұрады. Бұл қазақ халқының ежелгі мәдениетін бейнелейді.


Елтаңбаның авторы: Шотаман Уәлиханов.









3. Қазақстан Әнұраны:

Мұғалім: Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.

2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімиденов жазған ән сөзіне тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев


ІІІ. Сурет арқылы мақалдарды табу

Өз елім – өлең төсегім

Мұғалім – мектептің жүрегі

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл

Ұстаздан шәкірт озар

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Мектеп – кеме, білім – теңіз

Кітап – алтын қазына

Білімнің кілті – мектепте

Мектеп – білім бесігі

Күш – білімде, білім – кітапта

ІV. Жұптық жұмыс. «Сандар сөйлейді» әдісі бойынша көрсетілген сандарды дұрыс мәліметтермен сәйкестендіру.

9

облыс бар

1991

Конституция күні

15.11

этнос тұрады

2724900

жер көлемі бойынша әлемдегі орны

17

елдегі өзендер саны

30.08

республикалық маңызы бар қалалар саны

20 млн

жер аумағы

130

халық саны

3

Тәуелсіздік алды

8500

ұлттық валюта күні


Жауабы:

9

жер көлемі бойынша әлемдегі орны

1991

Тәуелсіздік алды

15.11

ұлттық валюта күні

2724900

жер аумағы

17

облыс бар

30.08

Конституция күні

20 млн

халық саны

130

этнос тұрады

3

республикалық маңызы бар қалалар саны

8500

елдегі өзендер саны


V. Кері байланыс парағы


VI. Қорытынды бөлім

Отанымызды сүю, оның жетістіктерін мақтан тұту – әрбір азаматтың міндеті. Сендер де болашақта елдің дамуына үлес қосып, елімізді биік белестерге жетелейсіңдер деп сенемін. Отанға деген сүйіспеншілік тек сөзбен ғана емес, іспен де көрінеді. Отанымызды қорғап, оның әрбір жетістігіне қуанып, оның болашағы үшін еңбек ету – біздің басты міндетіміз. Әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2024
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі