400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Менің Отаным - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Құрылымы: Бағдарламаға 5 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 10. Ойын 9 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Соңғы айналымда барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

1-жүргізуші:  Қазақ жері-ата-бабам бесігі,

                        Орман, дала, аса байлық несібең

                        Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын

                         Туған жердің Тәуелсіздік күніне!

2- жүргізуші:  Күн шаңырақты күміс отау далам бар,

                         Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!

                         Азат өлкем күндей күлген Шығыстан,

                         Айналайын Қазақстан-Гүлстан!

-Қош келдіңіздер құрметті оқушылар! Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
Бағдарлама кезеңдері:
1. «Таныстыру» кезеңі
2. «Бір сөзбен айту» ойыны
3. «Білгенге маржан»
4. «Сиқырлы әріптер»
5.
«Құрастырма сурет»
6. « Математик»
7. * Жедел жауап* . Жұмбақтар шешу.
8. «Кім жылдам?»

-Бүгінгі ойнымызға сыныптан 10 оқушы қатысып отыр. «Бірлік» тобы және «Алғырлар» тобы деп атадық.Ал, енді ойнымызға әділ баға беріп,шешімін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен өнер жарысып.
Тәрбие ,тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.

Ал, енді бүгінгі ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1. «Таныстыру» кезеңі
І топ «Бірлік»
Ұраны: Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз – еңбектену,
Тапсырманы тез орындап,
Жеңіске қолды жеткізу.

ІІ топ «Алғырлар»
Ұраны: Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық ,
Қандай тапсырма болса да,
Шешпей оны қоймайық!

2. «Бір сөзбен айту» ойыны
( Берілген сөздерді оқушылар бір сөзбен айту керек )
І топ «Бірлік»
Қыркүйек, қазан, қараша – айлар.
Шеге, балға, ара – саймандар.
Арыстан, түлкі,аю – аңдар.
Атырау, Ақтау, Көкшетау -қалалар.
Шырша, емен, терек – ағаштар.
Қарға, сауысқан, бүркіт – құстар.
Автобус, трамвай, трактор- көліктер.
Кесе, қасық, табақ – ыдыстар.
Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш – пішіндер.
Сәбіз, қызылша, қияр- көкөністер.

ІІ топ «Алғырлар»
Қосу, азайту, тең – таңбалар.
Үстел, орындық, диван-жиһаздар.
Маса, сона, қоңыз- жәндіктер.
Жауқазын, бәйшешек, түймедақ-гүлдер.
Самат, Қанат, Талғат- есімдер.
Доп, қуыршақ, зырылдауық-ойыншықтар.
Алма, өрік, шабдалы-жемістер.
Жаз, күз, қыс-мезгілдер.
Құлын, қозы, бота-төлдер.
Ақшыл, көкшіл, сарғылт-түстер.

3. «Білгенге маржан»
Бұл айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
«Бірлік»
1. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
2. Қандай жағдайда сөз жуан айтылады?
3. Буын дегеніміз не? Неше түрі бар?
4. Қандай жағдайда сөздерді тасымалдауға болмайды?
5. Сөйлем дегеніміз не?

«Алғырлар»
1. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
2. Буын құрайтын қай дыбыстар?
3. Тасымал дегеніміз не?
4. Буынның неше түрі бар? Оларды ата және анықтама бер
5. Тіл және сөйлеу дегеніміз не?

4-айналым «Сиқырлы әріптер»
Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді жазуы тиіс. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

5-айналым «Құрастырма сурет»
Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
«Бірлік»
Жемістер
«Алғырлар»
Кірпі

6-айналым « Математик»
Ой арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешеміз.
Келесі айналым- «Математик» деп аталады. Топтың мақсаты – бір минуттың ішінде математикалық амалдарды ауызша дұрыс шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
«Бірлік»
10 – 5 = 5
0 + 2 = 2
6 + 4 = 10
4 + 3 = 7
3 – 1 = 2
9 – 5 = 4
8 – 3 = 5
3 + 3 = 6
7 + 3 = 10
4 – 2 = 2
«Алғырлар»
4
+ 2 =6 6+1=7
7
– 2 =5 3 + 2=5
6- 0 = 6
5–3=2
3+3=6
7 – 2=5
5-4=1
0+2=2

7. кезең * Жедел жауап*. Көрермендер көмегі арқылы жұмбақтар шешу.
1. Алдына келесің,
Өзіңді көресің. ( Айна)
2. Әрқашан таң атпай,
Оятады сағаттай. (Әтеш)
3. Ақ көбік боп көпірер,
Кірдің бәрін кетірер. (Сабын)
4. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
5. Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен от)

1. Жаны бар тізбек тікен,
Кім бәрін тізбектеген. (Кірпі)
2 .Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
3. Отқа жанбас,
Суға батпас. (Мұз)
4. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)
5 .Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су )

9 кезең «Кім жылдам?» Бос шаршының орнына тиісті таңбаларды қою *+*, *-*.

І топ «Бірлік» ІІ топ «Алғырлар»
2+5=7
6+0=6
4-1=3
6-2=4
3+1=4
7-5=2
6-6=0
2+2=4
5-3=2
1+5=6

-Міне, балалар осымен бүгінгі ойынымыз аяқталды. Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Жеңген топты марапаттау, дипломдар табыстау. Ойынымызды сынып оқушыларының орындауындағы флешмоб биімен аяқтаймыз.











«Менің Отаным – Қазақстан» интеллектуалдық ойыны


4 сынып








Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Мирманова Ж.Ж.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі