Менің Отаным -
Қазақстан!
Мақсаты: Отан туралы білімдерін
назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не
білетіндігін саралау, алған
мәліметтербойынша білімдерін
бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан,
Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін
кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге,
еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін
аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін,
жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға
тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ -
жауап, пікірталас
Көрнекіліктері:
жалауша, суреттер,
плакат
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Хор:
Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген
не?
- Адамның туып өскен жері, туған
- туысқандары, біз тұратын
атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай
аталады?
- Біздің - Отанымыз
Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие
сағатымыз «Менің Отаным -
Қазақстан»
деп
аталады.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа
бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың
аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған
жер
2 - топ:
Отан
3 - топ:
Атамекен
(Өлең, мақал - мәтел айтқан
топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске
жетеді.)
Тақтада ілінген плакатқа
назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай
жинайды.
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы
алды?
20 – Еліміздің бас
қаласы
20 – ҚР
президенті
50 – ҚР туының
авторы
50 – ҚР елтаңбасының
авторлары
50 – Әнұранымыздың
авторлары
100 – Еліміздің көрікті
жерлері
100 – Отан туралы өлең
айт
100 – Отан туралы ән
шырқа
Балалар Қазақстан туралы
өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.
Ендеше өнерімізді ортаға
салайық.
1 - оқушы: Арыстандай
айбаттым.
Жолбарыстай
қайраттым,
Аспандаған
байрақтың
Қанша жұлдыз
жайнаттың.
Қанша бұлбұл
сайраттың,
Қазақстан
ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос
қыран,
Аясында
қалқыған.
Аспан түсті туым
бар,
Көк теңіздей
шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді
бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды
анық.
Шырқадым ән ұранды бар
дауыспен,
Арманым ата заңым
қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі
туыңда,
От пен ауа, суың
да.
Жаса
Қазақстаным,
Белді бекем
буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа
Астанам
Өркен жая
бастаған
Болашақтың
есігін
өз қолыңмен аш
маған.
6 - оқушы: Бұлт баспасын
күнімді
Тартылмасын
өрісің
Биік ұстау
туымды
Қасиетті
борышым.
7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын
түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты
үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір
көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы
бар
8 - оқушы: Отан деген
атамекен
Отан деген туған
жер.
Отан ана, Отан
үлкен
Қазақстан туған
ел.
- Отан, туған жер туралы қандай
мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан
басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер
болмас,
Туған елдей ел
болмас.
3 - оқушы: Отансыз – адам,
ормансыз – бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да
ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс
күймейсің,
Арың үшін алыссаң
өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап,
қорытындысын шығару.
Көрініс. (Музыка
ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып
отырады. Осы кезде жүгіріп немересі
шығады).
Немересі: Ата, не ойлап
отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не
ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы
жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен
өмір»
деген
не?
Атасы: Ә,
балам, «өткен
өмір»
деген сонау ежелгі
бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес
пе?
Немересі: Ол қандай
болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен
тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз
бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз
халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың
керек.
Немересі: Ата, ендеше мен
Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын
боламын.
Атасы: Балалар, туған дерді
гүлдендірер ұл - қызы, міне,
сендерсіңдер.
(Атасы мен немересі шығып
кетеді).
Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер
таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа
келіп, көгершіндерді
іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз –
Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз
көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену
дегеніміз білімді, тәртіпті
болуымыз.
Хор: «Көк тудың
желбірегені»
(Қолдарына жалаушалар алып
сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім
менің
Арта берсін даңқың
сенің
Көк байрағың
желбіресін
Егеменді елім
менің
– дей отырып, құрметті қонақтар,
балалар осымен «Туған елім, туған
жерім»
атты кластан тыс шарамыз
аяқталды.