Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Менің Отаным – Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан, туған жер туралы білім- біліктерін жетілдіруге,патриоттық сезімдерін оятуға,Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №15 гимназия КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Бельдибаева Гульнази Жақсылыққызы

Сынып сағатының тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан.

Мақсаты: Отан, туған жер туралы білім- біліктерін жетілдіруге,патриоттық сезімдерін оятуға,Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал ету.

Сахна өнеріне баулу.

Көрнекілігі: «Менің Отаным- Қазақстан» слайд

Өтілетін орны: Акт залы

Өтілу барысы

Кіріспе бөлім

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата- аналар, «Менің Отаным- Қазақстан» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!

1-оқушы:

Оттай жанып жанарым

Одан қуат аламын.

Әнұран – ол тынысы,

Кең жазира даламның.(Әнұран айтылады)

2-оқушы:

- Балалар,Отан дегенді қалай түсінесіңдер? Кім айтады?

3-оқушы:

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

4-оқушы:


- Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың. Әке туралы әнорындалады.

-оқушы:

Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

-оқушы:

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

-оқушы:

-Балалар, Қазақстан Республикасы туралы не білесіңдер?

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата- бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ- бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9-ыншы орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған.

8-оқушы:

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар,ұйғырлар, өзбектер, кәрістер, украиндер және басқа көптеген ұлттар тұрады. Олар тату- тәтті , бірлікте өмір сүріп жатыр.

-оқушы:

Отанымыздың бас қаласы, астанасы- Нұр- Сұлтан. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Нұр- Сұлтан қаласын қазір бүкіл ел біледі. Нұр- Сұлтанда биіктігі 97 метрлік бәйтерек бар.

- Балалар, бәйтеректі көргендерің бар ма? Кім Нұр- Сұлтанда болды? Иә,______ айта ғой.


10-оқушы:

Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын,Әнұран-
Тәуелсіздікке тән белгі.


11-оқушы:

- Бабалар, кім біледі, 30- тамыз қандай мереке?...

Конституция туралы не білесіңдер?

12-оқушы:

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның негізгі Заңы, яғни Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ата заң қабылданған күн 30- тамыз – Мемлекеттік мереке- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды.

13-оқушы:

Ата Заңым,

Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.

14-оқушы:

Көк аспандай көкреңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен- тек,

Елдің ашық қабағы.

15-оқушы:

Елтаңбас елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

16-оқушы:

- Кім, бабалар, Отанын сүйетұғын?

Отан әркез ойында жүретұғын?...

__________ортаға келіңдер. Сөздерің рас болса, Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдер айтудан жарысқа түсіп көріңдер.

17-оқушы:

Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне.

18-оқушы:

Кісі елінде сұлтан болганша,
Өз елінде ұлтан бол.

(Кеэектесіп, қашан бір оқушы тоқтап қалғанша айта береді)

Өз елім – өлең төсегім.

Мал конысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.....

19-оқушы:

- Иә, балалар Отанын, туған жерін сүймейтін, қадірлемейтін адам жоқ шығар. Біз бәріміз Отан туралы эссе жаздық. Айарудың эссесін тыңдап көрейік.

20-оқушы:

Туған жер,Отан туралы өздері өлең құрастырған балалар бар. Соларға кезек берейік.

21-оқушы:

- Отанын, туған жерін сүймейтін, қадірлемейтін адам жоқ шығар. Бізде өз еліміздің мәртебесін асқақтатуға үлес қосайық!

22-оқушы:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

«Мен қазақпын» ән орындалады.

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата- аналар, «Менің Отаным- Қазақстан» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2020
821
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12