400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Менің Отаным-Қазақстан"!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,махаббат сезімін ояту.

Дамытушылық: Отаннын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдерімен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қаласына және Үржар ауданына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік формасы: тәрбие сағаты

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патоиоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды дөңгелете тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.

Біз бүгін ата-аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

Өту барысында өз Отанымыз туралы ой-пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

- Балалар, біздің отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен , әдемі, әрі бай.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.

- Біздің еліміз-жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өрісі толы малға, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң-құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Хор: «Отан» әні.

- Балалар, «Отан» - деген сөзді қалай түсінеміз? (ой-пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1-оқушы:

Көп аузынан түспейтін,

Отан – сенің ата-анаң,

Отан деген немене?,

Отан – досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін,

Отан – өлкең, астанаң,

Достым білгің келеме?

Отан – аудан, ауылың.

2-оқушы:

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан – қуат нәр берді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан – мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата-анамды,

Мені өсірген елімді.

3-оқушы:

Отан – деген Атамекен,

Отан – деген туған жер.

Отан – ана, Отан – пана,

Қазақстан – туған ел!

4-оқушы:

Отанды біз Атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

5-оқушы:

Отанды жас – кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Мұғалім:

- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?

- Үржар

- Туған жеріміз Үржар біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар. (өзім оқимын)

Осы кезде Үржардың өсіп – өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі.,зер салып қарап отырамыз.

- Біздің өз туған жеріміз Үржарды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау)

Қазір Қ.Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар.

Ата-ана «Туған жер» өлеңін оқиды. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер біледі екенбіз?

  1. Туған жер – тұғырың

Туған ел – қыдырың.

  1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  2. Туған жер – алтын бесік.

  3. Туған жердің топырағы да ыстық.

Хор: «Атамекен» Мирас Ж.Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды.

10 –оқушы:

Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы.

Бәрі: Қазақстан – Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.

Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні.

11-оқушы:

Тас жаратын семсердей тілімдесің,

Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.

Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан.

Ойым да, түнім де, күнімдесің.

Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім – тәрбиесі зор ойлар айта білген.

Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударайық.

Ортаға Төле би, Қазбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала шығып, сөздерін айтады.

12-оқушы:

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

13-оқушы:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Осы жерде ата-ана тәуелсіздік тақырыбына өлең оқиды.

Хор: «Біз өмірдің гүліміз».

14-оқушы: Отан – менің өзегім, 15-оқушы: Отаным менің – өзегім,

Қиының болса төземін. Қырыңды шарлап, кеземін.

Алдыңғы бақыт шақтарды, Білу керек әр ұрпақ,

Жүрегіммен сеземін. Бес саусақтай өз елін.

16-оқушы: Отаным – мәңгі қорғаным, 17-оқушы: Бақытты боп жүргенім,

Қалаймын бақыт қонғанын. Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Сүйемін және сондықтан, Елім менің тірегім,

Өзенін, көлін, орманын. Құшағыңда гүл атам.

18-оқушы: Ата, Әжем, анам-

Төртеуі де «Отан!»маған

Төртеуі де «Ботам» дейді

«Ер азамат атан!» дейді

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын» мен.

Жақсы балалар, осымен «Менің Отаным – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымыз өз мәресәне жетті. Әрбір қазақ баласының жүрегі өз отаны үшін соғу керек.



Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
859
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі