400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Менің Отаным-Қазақстан!"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Республика күні туралы қарапайым түсінік беру - Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту - Балалардың тіл байлығын, ойлау, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Менің Отаным-Қазақстан!"

Мақсаты:

- Республика күні туралы қарапайым түсінік беру

- Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту

- Балалардың тіл байлығын, ойлау, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту


Дәйек сөзі:

«Отан – отбасынан басталады»

(Мақал арқылы балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу)


Ұйымдастырылған іс-әрекет:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

Балалар Гимнді орындап болғаннан кейін отырады.


Мұғалім - Құрметті қонақтар, Тәрбиеленушілер және Ұстаздар! Баршаңызды 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
Қазақстан Республикамызда 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.


Балалар білесіңдер ме? Бізге сонау Астана қаласынан өздерің секілді Арман есімді азамат видио хабарлама жолдапты. Көреміз бе?

Балалар: Ияяяя

Жасанды интеллект арқылы жасалған видео

Балалармен сұрақ жауап болады.


Ендеше балаларымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін өздерінің тақпақтары арқылы білдірсін.

Балалардың тақпақтары:


Иманали:

Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам.



Асылым:

Отаным менің Қазақстан

Қарызбын саған әрқашан

Азаматтық борышты

Өтеуге мәңгі талпынам.


Ибрахим:

Отаным менің - Қазақстан,

Ыстық қой сенің топырағын.

Орманын, көлін, бау-бағын,

Қастерлеген қазағым.



Бекхан:

Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықты ғой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт - дәстүрін сақтаған.



Алина:

Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан.


Нұрали:

Әрбір қазақ батыры,

Желбіреткен көк туын.

Кен байтақ жерге қазағым,

Егін егіп, мал жайған


Мұхаммед:

Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан.


Асылхан:

Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім,
Отаным - Қазақстаным.

Адина:

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Алинұр:

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?



Амина:

Республика күні бұл,
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жатаймыз,
Тақылдатып көмейді.


Алихан:

Құтты болсын, Қазағым,
Республика күні бұл.
Мерейлі де тәуелсіз,
Қазағымның үні бұл.


Ұлданай:

Республика күні бұл,
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың,
Сен деп соғад(ы) жүрегім.


Айкөркем:

Көңілге нұр сыйлайтын,
Республикам сен менің.
Өзің барда биіктеп,
Көтерілер еңсем мың!



Мұғалім: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы мақалдар білеміз бе?

Мақал – мәтелдер айтылады.

Мұқағали:

Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Алихан:

Отан от басынан басталады.

Ақтөре:

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Ұлданай:

Отан қадіріне жетпеген

өз қадіріне жетпейді.

Насихат:

Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

Әмина:

Отан үшін еңбек етсең

халқыңның сүйген ұлы боласың.


Сергіту сәті: «Мен Қазақстандықпын!»

1 - Қолымды көтерем

2- Күнге жеткізем

3 - Көк байрақ желбіреп

4 – Елімді мақтан етем.

5 - Қазақстан жерім менің

6 - Бейбіт өмір керемет

7 - Достық әнін айтамын

8 - Мен Қазақстандықпын.



Балалар Арман бізді өзінің қаласына шақырды. Барамыз ба?

  • Ия

Ендеше, пойызға отырып бәріміз Астана қаласына барайық ия?

Балалар пойызға қараңдаршы! Вагондарда тапсырмалар беріліпті. Сол тапсырманы орындасақ пойызға отырғызады екен. Тапсырмаларын орындаймыз ба?

  • Ия

  1. Бірінші вагондағы тапсырма: Мемлекеттік рәміздер, яғни көлеңкелерін табамыз.

  2. Екінші вагондағы тапсырма: Ұлттық құндылықтар, жартысын тап.

  3. Үшінші вагондағы тапсырма: Менің отаным, сурет арқылы мақалды тап.

  4. Төртінші вагондағы тапсырма: Көрікті қалаларым, боямақтар.



Жарайсыңдар балалар! Ендеше пойызға мініп Астана қаласына барайық.


Мұғалім: Күлімде күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!



Мұғалім:- Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз! Сау болыңыздар!!!!






















Picture 2

«М.Әуезов» атындағы жалпы білім беретін мектеп



«Менің Отаным - Қазақстан»

МАД «Ә» тобы





Тәрбиешісі:Сакен Жанерке Бақытжанқызы








2025-2026 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2025
34
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі