400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Менің Отаным Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды білім күнімен құттықтап тәрбие сағатын ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақсаты: Балаларға 1 қыркүйек – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету. Мектеп алды даярлық тобына келіп отырған балаларды оқуға шақыру, қызығушылығын арттыру.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік.

Барысы:

Мемлекттік Әнұранды орындау.

Амансыңба, Алтын Күн

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз білім күніне, 1 қыркүйек күніне арналған. 1 қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде, басқа да білім беру мекемелерінде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әрбір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерінде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді). Осы тұңғыш қоңыраудан бастап, күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Біздің отанымыз қай ел? Балалар, біз Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алған болатынбыз. Ендеше, есімізге түсірейікші. Біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз?

(балалардың жауаптарын тыңдау).

Тәрбиеші

- Менің Отаным-Қазақстан!

-Әнұран, ту, елтаңба. Балалар, айтыңдаршы біз қай Республикада тұрамыз?

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: -Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?



-Қазақстан Республикасының президенті Н.,Ә.Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала?

-Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз.

-Біз Орал қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші.Біз қай мектепте оқимыз?

-№46 жалпы білім беретін мектебі.

Тәрбиеші. Өте жақсы балалар. Сендер өздеріңнің республикаларың , рәміздері жайында, Елорда жайында барлығын білесіңдер.Ал, балалар, енді Отан туралы тақпақты қайталап айтып жаттап алайық.

Отан деген-атамекен,

Отан деген- туған жер

Отан –ана,

Отан-үлкен

Қазақстан туған ел.

Тәрбиеші: Міне, осындай тату-тәтті, бақытты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Мирас: Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да

Бірге сайран құрамыз.

Ойын : «Менің сүйікті мектебім».

Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оку іс-әрекеттерміз қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен , барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін.

.



Shape1

Бекітемін



№46 Мектеп директоры м.а.

И. Н. Садыкова.



















«Менің Отаным-Қазақстан»

(МАД «А» сыныбы. )









Сынып жетекші: Куанова С.Н.









2018-2019 жыл.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі