Материалдар / Тәрбие сағаты. Менің Отаным Қазақстан. Ортаңғы топ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты. Менің Отаным Қазақстан. Ортаңғы топ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
4523
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: «Тілім менің тағдырым»

Тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»


Мақсаты:

Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардыңқызығушылығын,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. Балаларды Отанын сүйе білуге, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер көп білуі.

Игереді: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Меңгереді: Өз еркімен сұрақтар қоя алуды.

Билингвальды компонент: Отан-родина, Астана-столица.

Сөздік жұмыс: Отан, Елтаңба.

Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңбері.

Сәлеметсің бе? Күн шуағы! Сенің шуағың ертемен бізді оятты. Күн шуағы бізге әрдайым, нұрын шашады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Біз бақытты баламыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.


2.Негізгі кезең:

-Балалар сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының гимнін орындадық.

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір Республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимн, туы, елтаңбасы болады. Біз оны Рәміздер деп атаймыз. Осы Рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. –Мынау біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр. –Мынау елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. –Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала?

-Астана қаласы.

Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз, Астанамыз Астана-бас қаламыз. –Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, гимн орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Ал гимнді біз білеміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?


Ерәлі.

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Айару.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


Нұрсұлтан.

Елтаңбасы елімнің.

Қандай әйбат әдемі .

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз-Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар

-Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

-Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім? -Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі?

Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

Балалар өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады.

Қазақ тілі -біздің ана тіліміз.

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.


3.Рефлексия

Балалар, сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.

Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтыңдар. Отан-оттанда ыстық.

Отан-елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Міне,балалар,өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны,тірегі болыңдар. Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта,бар қалан»деп,бүгінгі балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген екен.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!