400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға және жалпы тәрбиешілерге өзара тәжірибе алмасуға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернат тәрбиешісі Сәулебекова Роза

Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты: 

А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.

Барысы:

І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

2. Әкелеріңнің анасы кім болады?

3. Отбасының тірегі кім?

4. Үйдегі алтын қазық кім?

5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:

1-оқушы 

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

2-оқушы 

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

3-оқушы 

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

4-оқушы 

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

5-оқушы 

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.

6-оқушы 

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді

7-оқушы 

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

8-оқушы 

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

9-оқушы

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

10-оқушы

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

11- оқушы 

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

12- оқушы 

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анамене данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен

V. Ән: «Асыл әжем»

VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

5. Балалы үйдің еңсесі биік.

6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым »тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.

VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсің

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің

Аппақ мөлді сезімсің

Мен барымды аяман

Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.

Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»

-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)

Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Үшінші ойын: «Сезім гүлі»

-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.

ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

1. Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

1. Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?

Х. Ата-аналарға сауалдар:

1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»

ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Гүлсезім

Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,

Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.

-Не дейсің ғой, айтайын:

-Бірі-Анаң да,

Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!

Осы екеуі-бақытың, үміт таңың

Осы екеуі-ашатын жігіт бағын

Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,

Осы екеуі-мәңгілік ұмытпа ұлым!

Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,

Осы екеуін арманым, ақ құсым де!

Өз арыңды лайлап алмау үшін,

Осы екеудің арына дақ түсірме!

Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,

Бермес саған ол бірақ жасын қиып

Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да

Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.

ХІІІ. Қорытынды

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Әкем біреу, анам да біреу менің

Мен жығылсам сүйенер тілеулерім

Олар барда мереке

Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің

Менің досым әкесін жек көреді

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды, сыртынан тістенеді.

Бір-біріне бітпейді өкпелері

Дос тапса да адамдар, тапсадағы

Әке жалғыз табылмас ақшаға да

Жамандасаң әкеңді саған әкеп

Жақсы әкесін береме басқа бала

Әке білек, саусағы балалары

Қан тамырымен жалғасқан аналары

Ана тамыр бойымен беріледі

Тіршіліктің жылуы таралады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі