Тақырыбы:
Менің Қазақстаным!
Мақсаты:
А)Білімділігі:Оқушыларға
Қазақстанның көпұлтты және тәуелсіз
мемлекет екені туралы түсінік беру.
Ә)Дамытушылығы:Арнайы
жаттығулар жасату арқылы оқушының
танымдық қабілетін,жалпы және ұсақ қол
маторикасын дамыту.
Б)Түзетушілігі:Интерактивті
тақта және суретпен жұмыс жасаған кезде
байланыстырып сөйлеуді қадағалау.Оқушының
сөздік қорын молайту.
В)Тәрбиелігі:Тапсырманы
таза және ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Слайд,сұрақ-жауап,ойындар.
Көрнекілігі:Интерактивті
тақта,көп ұлттардың және рәміздердің
суреті,қоңжық,сиқырлы дорба.
Сабақ
барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі.
Сәлемдесу.
Сәлемдесейік
иіліп,
Жылы
жүзбен жымиып.
Қызығы
мол сабақта,
Ойнайық
та күлейік.
Шаттық
шеңбері:
«Сүйкімді қоңжық»
Мақсаты:Баламен
жылы қарым-қатынас орната отырып,оның
оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл-күйін
қалыптастыру.Ауа райын бақылау,апта
күнін,күн ретін,айдың атын айтқызу.
ІІ.Негізгі
бөлім.
Қол
саусақтарына арналған жаттығулар:
-Алақан
арасына жұмыртқаны салып,қолымызды
жоғары-төмен,оңға-солға қимылдату(10
рет)
Тыныс
алуын дамытуға арналған жаттығулар:
а)«Шарды
үрле»-ауызбен ауаны жұтып,ауаны мұрнынан
шығаруға үйрету. (5 рет)
ә)Мұрынмен
терең тыныс алып,ауаны ауыз арқылы
үзіп-үзіп шығару.
ІІІ.Жаңа
сабақ
-Балалар,бүгін
біз «Қазақстан көпұлтты,тәуелсіз
мемлекет»атты жаңа сабағымызбен
танысамыз.Алдымен барлығымыз слайдты
тамашалайық.
-Слайдта
не көрсетілген?
-Мұнда
не туралы айтылған? (балалардың жауабы)
-Жарайсыңдар,балалар!
Бүгін,
біздер Қазақстанның көпұлтты,тәуелсіз
мемлекет екенін білдік.Жаңа сөздермен
таныстық.
-Мемлекет,елтаңба,рәміздер,елбасы.Осы
сөздерді дәптерге көшіріп жазу.
Ойын:
«Сиқырлы дорба»
Шарты:Сиқырлы
дорбадағы номерленген асықты таңдап
алады.Оқушылар номерленген асыққа
байланысты сұраққа жауап береді.Әр
сұраққа жауап берген оқушыға мадақтау
қағазы беріледі.
-Жарайсыңдар,балалар!
Үлестірмелі
тапсырма: «Суретпен
жұмыс»
Әрқайсысының
алдында суреттер берілген.Әр оқушы
тақтаға шығып,сол суретті атап,берілген
тапсырманы оқып шығады.
Сергіту
сәті:
Интерактивті
тақтамен жұмыстану «Қара жорға»
Жалпы
және ұсақ қол маторикасын дамыту.
Шарты:Түрлі-түсті
жіптер арқылы ақ матаға бүгінгі сабақтан
алған әсерлерін бейнелейді.Екі топ
бейнеленген суреттерін қорғап шығады.
ІV
Қорытынды: Балалар
бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
(оқушылардың жауабы)
-Елімізде
қандай ұлттар тұрады?
-Елбасымыз
кім?
-Біздің
тәуелсіздігіміз қай күні тойланады?
-Рәміздерімізді
атандар?
-Жарайсыңдар,балалар!Сабаққа
жақсы қатысқандарын үшін сендерге
кішкентай сыйлығым бар. (Оқушыларға
қалам сыйлау)