жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты «Менің Тәуелсіз, Қазақстаным!» "Ботақан" ересектер тобы
«Менің Тәуелсіз, Қазақстаным!»
Мақсаты:
Білімділік:
Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы
түсінік беру балалардың Отанға деген
сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстан
Республикасының мемлекетік рәміздері:
Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін
қалыптастыру. Отан туралы тақпақ.
Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету.
Патриоттық сезімге баулу.
Дамытушылық:
Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді
байланыстырып сөйлеу қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік:
Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге
тәрбиелеу.
Методикалық әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап;
Сөздік жұмыс: Рәміз,Ту, Елтаңба, Республика, Бәйтерек.
Көрнекіліктер: Слайд, плакат (әр ұлттың өкілдерінің,
шаңырақтың,тудың,елтаңба мен көгершіндердің,бәйтерек,
гүлдердің суреттері) Киіз үй жабдықтары. Биленгвальды компонент: Отаным – Родина, тәуелсіз – независимый, мемелекет – государство, елбасы – президент, қыран – орел, тұлпар – тулпар.
Сабақтың барысы: Балалар топқа Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әуен ырғағымен кіреді.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Менің Тәуелсіз, Қазақстаным!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберімізді құрайық,
Шаттық шеңбері: Шеңберге тұрады.Барлығы бірге:
«Жүректен-жүрекке»
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
-Балалар,біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
-Мен сендерге қазір Қазақстан Республикасы туралы слайд көрсетіп берейін.
-Мынау біздің Отанымыз.Отан-дегеніміз әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз. Біздің туған жеріміз-Қазақстан Республикасы. Бұл бай тарихпен,көш мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мелекет.Мынау Қазақстанның астанасы-Нұрсұлтан қаласы. Нұрсұлтан бас қала.Астананың президенті Қасымжомарт Тоқаев. Мынау-бәйтерек.
Слайдтан көрсете отырып,балаларға әр сурет бойынша түсінік беру.
Сұрақтар қою.
-Осындай үлкен елімізді,жерімізді басқарып отырған кім?
-Қазақстан Республикасы елбасы Қасымжомарт Тоқаев
-Елбасының негізгі жұмысы қай қалада?
-Нұрсұлтан.
- Нұрсұлтан қандай қала?
- Нұрсұлтан –бас қала,әдемі қала,жас қала.
Қанекей, балалар отан туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайык.
Медина:
Отанның
қасиетті тілін сүйем,
Отанның
қасиетті күнін сүйем.
Отан,
Отан, Отан!
Бәрінен
де биік екен!
Мен
оны мәңгілікке сүйіп өтем
Раййана:
Родина-одна,
Оно-родная мать.
Ее нельзя купить
Нельзя ее продать.
Сұңғат:
Отан-менің ата-анам,
Отан-досым,бауырым.
Отан-өлкем,астанам,
Отан-туған ауылым.
Шахнияз:
Көгінде
күн нұрын төккен,
Жерінде
гүл жұпар сепкен.
Неткен
сұлу, неткен көркем!
Осы
менің туған өлкем!
Раяна:
Отан елдің анасы
Отан жердің анасы. Бақытты ғой дәл мендей,
Тәуелсіз ел баласы
Нұрайша:
Отан – сенің ата-анаң
Отан – досың, бауырың
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың
Абылай:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан-ана, Отан- пана
Қазақстан туған ел!
Мирас:
Отанымның төренінде,
Сарарқаның өрінде.
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам.
Мәди:
Отан
деген- атамекен.
Отанымды сүйемін
мен.
Отан жерім,Отан елім
Міне,менің
Қазақ жерім.
8-слайд (Желтоқсан оқиғасынан үзінді)
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді.
Слайд-6 Балалар барлығымыз тақтаға назар аударайық! 1986 жылы Алматы қаласының орталық алаңында барлық студент жастар жиналып, сол аға-апаларымыз елімізді қорғап қалу үшін жандарын беріп аянбай тер төгіп, ерлік көрсетті. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова осы аға-әпкелеріміз желтоқсан құрбандарына айналды.Біз ол кісілердің ерліктерін мәңгі ұмытпаймыз. Батыр аға-әпкелеріміздің арқасында біз тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Сол азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Міне балалар биыл тәуелсіздігімізге 28-жыл толыпты.Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Сұрақтар қою:
- Мынау біздің рәміздеріміз.
-Сендер «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер,
балалар?
-Өзіміздің жеріміз,еліміз,теңдігіміз бар.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.
Балалар, осы тәуелсіздік туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайықшы.
Айбар:
Тәуелсіздік
туымыз,
Тәуелсіздік
сырымыз.
Арналады
тек саған,
Ән
менен күй жырымыз.
Б.Мансур:
Бақыт
құсы қонды ғой,
Менің
туған жеріме.
Тіліміз
бен дініміз,
Қайта
келді еліме.
С Мансур:
Қазақстан
- азат елім,
Таңғажайып
туған жерім.
Тек
сен үшін мақтанамын,
Қазақстан
– елім менің.
Нұрасыл:
Он
алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік
алған күн.
Мерекеге
ел тосқан
Шырқатып
ән салған күн.
Ясмина:
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз кунде біз.
Ата-бабам қалдырған
Қазақтың біз батарымыз сенсеңіз!
Айбар:
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі
жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға,
Әпкелеріміз.
Раййана:
Бабамның
да арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ
береді баршаға
Мейрамбек: Көк аспандай тулайтын, Желтоқсанның күні бұл. Елім деген ұлдардың, Елжірейтін күні бұл.
Арсен: Өзімдікі туымда, Отпен ауа суымда. Жаса Қазақстаным, Белді бекем буында!
Бекнұр: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Альбина: Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік-тілегім. Ертеңі деп елімнің, Дүрсүлдейді жүрегім
Мерей: Желбіреп көк байрағы, көгімізде Тәуелсіз орнады елімізге Жаңалық жақсы кундер ала келді Салтанатты үнімен жерімізге.
-Біздің рәмәздерімізді атайықшы?
-Елтаңба,Ту,Әнұран.
Рәміздерді жеке-жеке сурет бойынша сипаттайды.
Сұңғат:
-Қазақстан Мемлекетінің туы көгілдір түсті.Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі.Күн-байлық пен берекені білдіреді.
Медина:
-Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ,құс пырақ ат бар.Ат-адамның қанаты.Шаңырақ үлкен ортақ үй дегенді білдіреді.
-Әнұран-салтанатты ән.Мемлекеттік әнұран-егеменді еліміздің туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.
Сергіту сәті:
Жоғары
қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
-Балалар, сендер Отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Раяна:
1.Туған жерге-туыңды тік.
Мерей:
2.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Медина:
3.Әркімнің туған жері-өзіне ыстық.
Абылай:
4.Отан-оттанда ыстық
Дидактикалық ойын: « Суретті құрастыр»
(Бәйтерек пен тудың суретің құрастырады)
Таңғажайып сәт: (Пошташы кіріп сыйлық береді)
Балалар,біздің қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет.Сендер тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?Олай болса ,
балалар, «ұжымдық жұмыс» жасай отырып,тілектерімізді айтайық.
Балалар арнайы дайындалып койылған суреттерді алып,жеке-жеке тілектер айта отырып плакатқа жапсырады.
-Бейбітшілік болсын!
-Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын!
-Балалар,бугінгі сабағымызды қорытындылайық.Мен сендерге бейнеролик көрсетемін.Бәріміз қолымызға туымызды ұстап тұрып,бірге «Көк тудың желбірегені» әнін қосылып айтайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген