Материалдар / Тәрбие сағаты: "Менің тұңғыш Елбасым!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Менің тұңғыш Елбасым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материмал 1 сынып оқушыларына 1 желтоқсан Президент күнініе арналған меркеліс тәрбие сағатының жоспары болып табылады. 1 сыныптың мұғалімдері осы дайын жоспарды алып тәрбие сағатын өтуіне әбден дайын жоспар деп есептеймін. Дәл осы жоспарды арқылы өзімде сабақ өттім. Нәтижесіне өте ризамын. Жақсы материал сіздерге көмегі бар деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
653
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Менің тұңғыш Елбасым!

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар, Н. Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші:

Күнге беттеп бар жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасын құрметтейтін ерекше,

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған 1 сынып оқушыларының « Менің тұңғыш Елбасым!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Кәне оқушылар бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, «Жылулық шеңберіне» тұрайық.

Арайланып таң атты!

Алтын сәуле таратты,

Жер бетінде тыныштық

Келбетінде күн ыстық.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн достарым!



Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік? Иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздық қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп, келешек ұрпақ тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйға тартты. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Еласымыз Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.

Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы Шмалған ауылында дүниеге келген. Атын әжесі Мырзабала «Нұрсұлтан» деп қояды. Ата- ананың тамаша тәлімін алған жас Нұрсұлтан мектепті үздік аяқтап, техникалық бағытта білімін жетілдіреді. Техникалық училищеде және жоғары оқу орнында оқиды. Байқап қарасақ еңбек өтілі де қарапайым. 1960 жылдан Қарағанды металлургиякомбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды.

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған – дей келе келесі кезекті оқушылардың өлең жолдарына берсек.

Қарақат

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Нәби

«Елім, сен тістеме бармағынды»,

Әлемге танытып жүр бар халқыңды

Нұрсұлтан-заңғар тұлға, ел тірегі

Шын сүйіп, әспеттей біл ардағыңды.

Нұрислам

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың.

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Сымбат

Ұл едің қатарынан артық туған

Еңбекке жастайынан белін буған

Танытып әрбір елге қазақ жерін

Жастарға жалын бердің білім қуған.

Берікжан

Отан-деген әр адамның жүрегі

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім – мақтанышым, тірегім!



Ал, олай болса Н. Ә. Назарбаев жайлы видео тамашаласақ. (Видеоны талқылау)

Ал келесі кезекті оқушыларымыздың жаттаған өлең шумақтарына берсек.

Ернұр

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін,

Көлдері күміс шашқан

Қазақстан- Республикам менің!

М. Рауан

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстаным!

Саян

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқешенда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Дінмұхаммед

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке атаң қымбат

Айналайын анаң қымбат

Асқар тау әкең қымбат

Ән « Нұр аға» орындайтын 1 сынып оқушысы Нұржан Берікжан

Х.Рауан

Қиялы ұшқыр, ойлы адам

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын оцлаған,

Аман-сау жүрші атамыз.

Арайлым

Барша қауым бейнеттен арылғанда

Жаңа ғасыр есігі ашылғанда,

Елбасы тыныш таппай, ел кезіп жүр

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

Салтанат

Халқымның көшбасшысы

Тәуелсіз қазақ елім

Бақ қонған ғажап елім

Нұрсұлтан Назарбаев

Атамыз сізге сенім.

Елім деп, жерім деп,

Адымдап сенімменен

Халқымның көшбасшысы

Еңбектен ерінбеген

Балнұр

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Бірлгіміз жарасқан

Нақыл сөздерді оқу

Сатанатты қаласы бар, ұшан-теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік.

«Ой толғау» сұрақ-жауап

  • Біз қай мемлекетте өмір сүреміз? (Тәуелсіз Қазақстанда)

  • Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл? (қазақ)

  • Елордамыз қай қала? (Астана)

  • Елордамыз астанада қандай ғимараттар бар? (Ақорда, Бәйтерек, Хан шатыры)

  • Қ. Р. Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран, ту, елтаңба)

  • Тудың түсі қандай? (Көк)

  • Туымызда қандай сурет бейнеленген? (Қыран құс, шуақты күн, ою)

  • Ал, елтаңбамызда не бейнеленген екен?

  • Кәне, кім айтады мемлекеттік әнұранымыздың авторлары кім? (сөзін жазған-Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Ш. Қалдаяқов)

  • Мына суретте кім бейнеленген? (Н. Ә. Назарбаев)

  • Президентіміздің жұмыс орны қайда? (Астана, Ақордада)

  • Ақмола «Астана» болып қай жылы ауысты? (1997)



Отан туралы мақал-мәтелдер тыңдасақ.

  1. Отан үшін отқа түс күймейсін.

  2. Отан оттанда ыстық

  3. Отан отбасынан басталады

  4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл

  5. Опасызда отан жоқ

Би «Жаса Қазақстан»



Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып ортырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен, дейді Елбасымыз. Сондықтанда балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан адаспаймыз.

ІІІ. Қорытынды

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби, үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз-басшы, халқың қосшы бола бергей,

Жарасып әніміз де, сәнімізде,-дей келе «Менің тұңғыш Елбасым» атты тәрбие сабағымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар! Дендеріңіз сау, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!