400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Менің тұңғыш Президентім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі бар. 1-желтоқсан Елбасы күніне орай өткізуге болады. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының рәміздерімен елбасы туралы мағлұматты қамтиды.Көркем еңбекпен пән аралық байланысы бар.Тәрбие сағатта білім алушыларды жан-жақты көруге болады: ән айтады, өлең шумақтарын жолдайды, суретті көркем бояйды және өздерін келген қонақтардың көзінше өздерін еркін ұстауға бейімделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 желтоқсан – Президент күніне арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: Менің тұнғыш Президентім!

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, Мемлекеттік рәміздер туралы мағлұмат беру.

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  слайд, бейнефильм.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Барысы:

Мемлекеттік гимн орындалады.

Шаттық шеңбер:

Армысын досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық сыйлайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

Мұғалім:

Балалар, мына бейнефильмге назар аударайық.

-Кім туралы?

-Елбасы туралы не білесіңдер?

-Тағы не көрдіндер?

-Ту, Астана

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім!» атты тақырыбында өткіземіз.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Мұғалім:

  • Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны. :

 Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.








Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы- Болат Назарбаев, нағашы апасы

Елбасымызға арнап өлең жолдарын арнаймыз

Қалиәкпар:

Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,

Әрқашанда алда жүрді жеңісі.

Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,

Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.

Арнұр:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Абылайхан:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Мұхамет:

Емірентті еркін сезім шақтары,

Елжіретті қазағымды бақ таңы.

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы-

Егеменді Қазақстанның мақтаны!

Айзаттың орындауында «Елім менің» әні



Рәміздерімізге не жатады?

-Қазақстан  Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы жарлығымен  мемлекеттік символдар бекітілді:

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Туы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Елтаңбасы,

·        Қазақстан Респуликасының мемлекеттік Әнұраны

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба    — Қазақстан   Республикасының   негiзгi   мемлекеттiк     рәмiздерiнiң  бiрi.                    ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заңды күшi бар Жарлығымен  белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан   ҚР мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.





Мұхамет:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Қалиәкпар:

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ло төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.



          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ –Мемлекеттік ту- көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

 







Айзат:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қанаты.

Абылай:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.





        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӘНҰРАНЫ



DrawObject1

Астана туралы айтып өту.

Айзат:

Жаңа кезең бастауына сендіңдер,

Астананың бәйтерегін көрдіңдер.

Халқымыздың саны өсіп бүгінде,

Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.

МАД тақпақ



Жапсыру : Ту

«Миға шабуыл» (блиц-сауал)









1.Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?



2.Қазақстан Республикасының рәміздері.

         

3.Қазақстан халқының ұлттық валютасы.



4.Қазақстанның бас қаласы.



5.Әнұран қалай айтылады?

         

6.Туда не бейнеленген?



7. Елтаңбада не бейнеленген?



8.Жазда Астана қаласында не өтті?



9. Елбасмыз кім?



10. Нұрсұлтан Назарбаевтің анасының аты кім?



11. Нұрсұлтан Назарбаевтің әкесінің аты кім?



12.Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?





     ІІІ. Қорытынды:



ӘН « Егеменді Қазақстан » ОРЫНДАЙТЫН 1- СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі