400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Менің тұңғыш президентім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Елін, жерін қадірлеу, сүю. Балалардың Елбасына деген сүйіспеншілігін ояту. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге бағыштау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізген: Ақтөбе облысы Темір ауданы

Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі М.С.Кырыкмылтыкова

Күні: 30.11.2017 ж.

Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім»
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
 
Бұл далада атам қолға ту алған,
 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, 
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.


«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
 
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”

14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
 
Жас Отанның өмірін де түсініп,
 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
 
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан»






























Шұбарқұдық №2 қазақ-орыс орта мектебі











«Ұстаз – ұлы тұлға»






Өткізген: М.С.Қырықмылтықова

Сыныбы: 4 «А» сынып



















2017 – 2018 оқу жылы


Күні: 02.10.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға»

Сабақтың   мақсаты:

а) Оқушыларға ұстаз – екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.
ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты  нығайту.
б) Айналасына білім, тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби-музыкалық бағдарлама.
Әдіс-тәсілі: Өлеңдер оқу, ән шырқау.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер, шарлар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. ҚРмемлекеттік Әнұраны.

   Балалардың бағы болып басты әні,
   Ұстаз елді болашаққа бастады. 
   Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
   Ашық болсын туған елдің аспаны.

  Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
  Арайлап ата берсін таң күліп.
  Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып, 
  Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
Мұғалім: Ұстаз! Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына , қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім – мектептің  жүрегі» деген  Ы.Алтынсарин  атамыз. Жүрексіз  өмір  болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етудің өзі бір үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Сонымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.    
                           Мұғалім деген – ерекше тұлға, дара шың,
                           Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
      Мұғалім деген – аяулы адам асыл жан,
      Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

   

Хормен барлығы: Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
  Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық. 
                    Аяулы  ұстаздардың  бұл  мерекесін  
Барлығымыз  қуанып  қарсы  алайық!

   1 оқушы: Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
    Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
   Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
   Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
2 оқушы: Армысыздар,мұғалімдер – әз жандар,
  Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
  Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
  Би-билеп, әнде бүгін шырқалар.
3 оқушы: Ізгілікті өн бойына жинаған,
    Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
   Қалап берген ірге тасын білімнің, 
   Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!
4 оқушы: Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім-тәрбие алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.


Ән: Хор «Мұғалім ол біздің»
5 оқушы: Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін – ұстаз.


6 оқушы: Анадай бесік тербеткен  
    Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
    Суарып білім шәрбетпен
    Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.     

Ән: «Ұстазым» (хор).
 

Мұғалім: Сүйікті, парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп, шәкіртіндей құрмет тұтып 
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!-деп, Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.


Мұғалім: Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.


7 оқушы: Ұстаздық – ұлы  құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.


8 оқушы: Мұғалім – оқушы  үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да, ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.


9 оқушы: Мұғалім – өзінің  білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.

10 оқушы: Мұғалім – өзінің  бойындағы, барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халқына беріп отырады.

11 оқушы: Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін – ұстаз!

12 оқушы: Көрдім де соларды-қызықтым ісіне,
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол – Ана! 
Өмірдесеніде, мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім? Мұғалім ол – дана!
Жасқа да, қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба? Ұстаз ол – ер диқан.

13 оқушы: Ұстаз кім – ол  зергер, дәрігер, қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым, президент, не маман,
Ғарышкер де, қаламгер де, әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе?  


Мұғлім: Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын! Осымен ұстаздарға арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
938
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі