Тәрбие сағаты "Мерекелі, берекелі Алтын күз!" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мерекелі, берекелі Алтын күз!" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып жетекшілеріне қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерекелі, берекелі алтын күз

1 - жүргізуші: армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Мерекелі, берекелі алтын күз» ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жадыраған жас достар!

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

1 - жүргізуші: Ендеше ортаға сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық.

/Сайыскерлер ортаға шығады

2 - жүргізуші: Сайысымыздың жоспары мен әділқазыларымен таныстырайық.

1

2

3

1. Таныстыру

2. Қолөнер

3. «Білгенге - маржан» сұрақ - жауап

4. Өнер сайысы

5. Сән үлгісі

6. Қорытынды

1 - бөлім:

1 - жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бұл айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын.

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды,

Би де билеп, ән айтты.

Қуаныштан шалқыды.

Ендеше, сайысымызды бастайық /Сайыскерлер өздерін таныстырады/

2 - бөлім: 1 - жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалып айтпас,

Әрқашанда нанымды.

Өнерімен танысайық,

Тілекші болып көңілден - деп бұл бөлімімізде сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.

1 - жүргізуші: Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді.

Білім - ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

3 - бөлім:

2 - жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Ерлікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,- деп Қ. Мырза әлі ағамыз жырлағандай бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. /Жасырынған сұрақтарға жауап беру/

1. Жылдың төрт мезгілін ата.

2. Күз мезгілінің айларын ата.

3. Күздегі ауа райын суреттеп бер.

4. Күз туралы тақпақ айт.

5. Көкөністерді ата, біреуінің пайдасын айт.

6. Жемістерді ата, біреуінің пайдасын айт.

7. Күзде қандай өзгерістер болады?

4 - бөлім:

2 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар, шақырған сайыстарға бірі - бірін.

Өнерпаздар - дарындар, көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін - дей келе сайыскерлер үй тапсырмасы бойынша қолөнерлерін көрсетеді.

5 - бөлім:

1 - жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісімен,

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен. Келесі кезекті сән үлгісіне береміз.

Бүгінгі сайысымыз соңына таяп қалды. / Әділқазылар жеңімпаздарды анықтауларыңызға болады/

2 - жүргізуші: Білім теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратына.

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге.

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, «Мерекелі, берекелі алтын күз» ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.









1. Жылдың төрт мезгілін ата.

2. Күз мезгілінің айларын ата.

3. Күздегі ауа райын суреттеп бер.

4. Күз туралы тақпақ айт.

5. Көкөністерді ата, біреуінің пайдасын айт.

6. Жемістерді ата, біреуінің пайдасын айт.

7. Күзде қандай өзгерістер болады?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі