Тәрбие сағаты "Мұхтар Шаханов"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Мұхтар Шаханов"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаттары сынып жетекшілеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұхтар Шаханов –Қоғам қайраткері.

Кештің мақсаты: қазақтың аса көрнекті ақыны Мұхтар Шаханұлының өмірі мен

шығармашылығынан жалпы мәлімет беру, азамат ақын екенін дәлелдеу, оқушылардың эстетикалық сезімін оятуға, сол арқылы адамгершілікке

тәрбиелеуге,музыканы түсініп, сүюге, әдебиетті тереңірек ұғуға үйрету, ізденімпаздық қасиеттерді қарастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын

ояту.

Көрнекілігі: М. Шаханов суреті,жыр жинақтары,ақын туралы жазылған плакаттар,

слайдтар.

Кіріспе сөз:

1-жүргізуші: Осыдан 65 жыл бұрын асыл қазынамыз «Абай жолы» эпопеясының

бірінші кітабы жарыққа шығыпты.Ұлы шығармалармен қатар дүниеге келіп,кіндігі

кесілген перзенттерінің бірі-Мұхтар Шаханов.Мұхтар өз талантын алыс-жақынға

түгел танытқан беделді де белді ақын, белсенді қоғам қайраткері, халық депутаты

және Қазақстанның Қырғызстандағыөкілетті елшісі де болған.

2-жүргізуші: Қазақта «Ел ағасыз болмас,тон жағасыз болмас» деген мақал бар,шү-

Кір, ел ағалары баршылық. Олар ерекше қасиетімен ел құрметіне бөленуде.

Соның бірі-белгілі ақын Мұхтар Шаханов. Оның поэзиясы елімізге де, шетелдерге

де танымал. Ол 1942 жылы Шымкент облысының Ленгір ауданындағы Қасқасу

ауылында туған. Шымкент педагогика институтын бітірген. Алдымен Мұхтар деп

неге аталғанын білелік.Ол үшін Мұхтар ағаның өзі шығарған «Мені неге Мұхтар

қойған»деген өлеңін тыңдалық.

1. «Мені неге Мұхтар қойған?» өлеңін жатқа оқитын: Анарбеков Серікболсын.

2.Халық сүйген қаламгер(М.Шаханұлының өмірімен шығармашылығы туралы

Баяндама ) оқитын: Сағындықова Ақбота.

1-жүргізуші: -Мұхтар «Адамзаттың Айтматовы» атанған қайраткермен үлкен

Достық әрі шығармашылық қарым-қатынаста болды.Шыңғыс ағамызға арналған

«Алтын, күміс, қалайы» деп аталатын арнауын тыңдайық.Оқитын:Қойлыбаева

Құндыз. 2. «Алтын, күміс, қалайы» өлеңі жатқа оқылады.

2-жүргізуші: Қазақ-қырғыз бір туған деп жатады ғой. Қазақ пен қырғыз халқының

Асыл азаматтарының үлкен шығармашылық, достық қарым-қатынасының айғағы

ретінде 1987 жылы «Ғасыр айрығындағы кездесу немесе құз басындағы аңшының

зары» атты роман-диалог жарық көрді.Осы жерде ақынның ең бір биік тұғырдан

көрінер жері:ол ақынның өзбойына төрт қасиетті сіңіре білуі.



1Туған ана. 2Туған жер.3Туған тіл.4Ділі.

3. «Төрт ана» өлеңі жатқа оқылады. Оқитын: Әкімгереева Ә.



1-жүргізуші: Мұхтардың тарихи тұлғаларды жасаудағы ерекшелігі мен шеберлігі.

Мұхтар шығармаларында адамдар арасындағы бауырмалдық,ерлік,батылдық қа-сиеттері кең сөз болады. Адамзат тарихындағы әділет үшін күрес, қайсарлық

қасиеттер салыстырыла сипатталады. «Отырар» дастанынан үзінді тыңдайық.

4. «Отырар» дастанынан үзінді оқитын: Өтемісова Айымгүл.

2-жүргізуші: Ерлікті уағыздау.



«Ақын болу дегеніміз- туған халқының парасат биігін меңгеру» дейді.Мұхтар

ақынның адам бойындағы жігер, намыс, ерлік, батылдық сезімдерін оятатын

өлеңдері бар. «Ұяңдық», «Батылдық», «Бозбала жыры», «Жігерлендіру».

Солардың бірі-«Жігерлендіру» атты өлеңін Қанафин Сақтаған оқиды.



5. «Жігерлендіру» өлеңін жатқа оқитын:Қанафин Сақтаған.



1-жүргізуші: «Көңілі дархан, жаны жомарт халқым-ай».М ұхтар өз өлеңдерінде

Туған халқының дәстүрін, қалаулы деп, ибасын тілге тиек ете білген.Сондай

өлеңдерінің бірі-«Дастархан». Қазақ халқының жері қандай кең болса, көңілі сондай кеңпейіл. Қазақ дастарханын жақын түгіл жатқа да жая білген. Өлеңді

оқитын Бегалин Әсет.

6. «Дастархан» өлеңін жатқа оқиды. Әнге кезек берейік «Қуаныш вальсі» орындайтын Карина Лола.



2-жүргізуші: Достықта жоқ шекара. Ақын ағамыз өз өлеңдерінде адам баласының

қадір тұтар екі ұлы қасиетінің бірін достық деп таниды. «Махаббат пен достық»

сезім патшалығы. «Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз айтқандай, ақынның досқа, жолдасқа, ағайынға, туғанға деген жүректің мейірімді жан жылуын сипаттауға, достық пен махаббат жыры мен сырына толы «Танакөз»

атты поэмасынан үзінді тыңдайық.

7. «Танакөз» поэмасынан үзінді жатқа оқитын: Ідірісова Арайлым.

8. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңін жатқа оқитын: Карина Лола.

«Ақ бантик» әні орындайтын: Анарбеков Серікболсын.

9. «Түсінісу теоремасы» өлеңін жатқа оқиды Бауыржанова Фариза.

10. «Достық өлкесінің заңы» өлеңін жатқа оқитын: Сағымгереева Бағдагүл.

«Гүлдәурен» әні орындайтын: Анарбеков Серікболсын.

11. «Арман» поэмасынан көрініс:Жиеналин Ұлан, Жақсылықов Мейірлан,

Панабеков Руслан.



1-жүргізуші: Еліміздің егемендігін аңсаған үл-қыздарымыздың тағдырын жырға

қосқан ақындарымыз аз емес. Соның бірі-Мұхтар ағамыз. КСРО халық депутат-

тарының 1 съезінде басын бәйгеге тігіп, желтоқсан оқиғасы туралы мәселе көтерген Шыңғыс Айтматовша айтсақ: «Кремльдің қабырғасында тұп-тура бом-

ба жарылғандай» етіп сөз сөйлеген Мұхтар Шахановтың съезд мінберіндегі үш минуты болашақ үшін ақиқаттың бастауындай болған еді. Ақын тілімен айтсақ:

Арман ойда күмбір-күмбір күй қызып,

Арғымақтың жал-құйрығын түйгізіп,

Аңыратып, көсілттің бір жүректің

Үлкен сөзін үш минутқа сиғызып.

Үш-ақ минут шабыт нөсер мырза шақ.

Көк тіреді көңіл біткен бір жасап,

Үш-ақ минут жетеді екен мәрттікке

Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап.



11. «Төрт жыл кешіккен шындық» өлеңін жатқа оқитын: Сағындықова Ақбота.

Әнге кезек берейік. «Кешікпей келем деп ең» орындайтын Кенжеғалиева Ж.





2-жүргізуші: Мұхтардың тағы бір қыры көптеген әндер авторы екендігі. Оның

«Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүлдәурен», «Мен саған ғашық едім»,

«Арал қасіреті», «Құпия арман», «Қалғымасын ерлігің», «Қазақ дастарханы»,

«Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Айналайын» т.б. әндері бар.



«Айналайын» әнін тыңдайық. Әнді орындайтын: Асылжанова Ақерке.



Оқушыларға Мұхтар Шаханов шығармашылығына байланысты бәйге сұрақтары

қойылады.



«Бәйге» сұрақтары:



1. Мұхтар Шаханов өлеңдеріне ән жазған қазақ ән өнерінде шоқтығы биік

сазгер кім? (Ш. Қалдаяқов. )



2.Мұхтар Шахановтың айтуымен беті ашылған қазақ тарихындағы елеулі

оқиға. ( желтоқсан оқиғасы. )



3.Кезінде Мұхтар Шаханов қызмет еткен жастар газетінің атауы. («Жас алаш»)



4.Орта ғасырда Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы ірі өнер, мәдениет,

Ғылым ошағы болған, ақынның поэмасында сөз болатын қаланың аты.(Отырар.)



5.Мұхтар Шаханов шығармасындағы Қараспан қыпшақтарының оқиғасы

баяндалатын өзеннің аты. (Арыс.)



6.Мұхтар Шахановтың алғашқы өлеңдерінің жинағы. (Бақыт.)







«Арыс жағасында», «Өмір-өзен» әндерімен кеш аяқталады.

Әндерді орындайтын: Кенжеғалиева Жансүйген, Сағындықова Ақбота.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4027
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі