Тәрбие сағаты Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер үшін өте қажет, құнды материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚ ББ "Қосалқы мектеп-интернаты"КММ











Тәрбиелік сағат



Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы»















Қабылдаған:_________Мықтыбаева Г.

Тәрбиеші: Естемес Д.













Шымкент

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу; өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, ауызша да, жазбаша да, еркін, көркем сөйлеуге үйрету, әдебиет теориясынан алған білімдерін кеңейту;

Тәрбиелік: оқушыны болашаққа деген сенімге баулу. Отаншылдыққа, туған жерге деген адамгершілікке, сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет сабағы, тарих,

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу,түсіндіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, қосымша материал.


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу.

  2. Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру.

Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі сабақта жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылықпен танысасыздар.


  1. Жаңа сабақ

Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі сабақта жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылықпен танысасыздар.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда ұлкеннін де, кішінің де сүйікті ақынына айналған , Қазақстанның халық жазушысы, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев туралы сөйлеспекпіз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға-жүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігі-жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық, бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011 жылы ақиық ақынның 80- жылдығы елімізде кең тойланды.


ә) Тақырыпқа ену (ақын өміріне арналған диафильм көрсету арқылы):

- өмір жолына тоқталу:









 «Шеше сен бақыттысың»

Сен мына жанарымның ішіндесің

Білесіңғой жанардың кішірмесін.

Ішінде жанарыңның сақта мені,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін.







 Қорытынды:
           Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адамен табиғатпен бірге  өлетініне кәміл сенемін .
          Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады .. Ол – ақын. Ақырғы сөз соныкі.

«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам соған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім!» - деп өзі жырлағандай, оның артына қалдырған мұрасы ешқашан өлмек емес. Оның сөзі адамға үлгі, өнеге, өсиет деп біліп, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2021
1193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі