Сабақтың
тақырыбы: «Мың бір мақал жүз
бір жұмбақ»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды сөз мәйегі
–мақал дегендей ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы
адамгершілікке, еңбекке, оқу-білімге, жылдамдыққа, ойын нақты,
еркін жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы
оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекіліг: Слайдтар, қанатты сөз
жазылған плакаттар.
Өтілу
барысы: бұл сайысқа 5-6-сынып
оқушылары қатысады. Ойынымыз 6 турдан тұрады.
1-тур: Кім көп біледі деп
аталады. Ойынды жеребе арқылы бастаймыз. Әр бала өз жұбымен ортаға
шығып мақал-мәтел айтып жарысады. Әрбір жауап бір
ұпай.
2-тур: Мақал- сөздің мәйегі
мақалдың басы беріледі, жалғасын табу керек. Тақтаға
жазылады.
-
Ақылды көрген-білгенін
айтады, .....
-
Ер туған жеріне,
.......
-
Жалған достан,
.........
-
Ашу-дұшпан,
.........
-
Өнерді үйрен де,
.........
-
Көз жетпеген жерге
..............
-
Өнерлінің қолы алтын,
..............
-
Қарт кісіні қадірле,
............
-
Кісі болар баланың
кісіменен ісі бар, ............
-
Тазалық-саулық негізі,
............
Осыдан соң ұпайы төмен
ойыннан шығады,
3-тур: Ойлан тап. Өзім жұмбақ
жасырам оны шешеді және мақал айтады. Ал, балалар, жұмбақты көп
білеміз ғой. Жұмбақ дегеннің өзі, яғни қолдың ішіне бір нәрсені
жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда
айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп,
тұспалдап, сипаттап айтады. Ал кеттік ендеше...
-
Тұрғанмен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі. (күн)
-
Тілден ұшып қүлаққа
қонады. (сөз)
-
Ешкім де жемейді, тәтті
екен демейді.
Сарғайып піседі, үзіліп
түседі. (жапырақ)
-
Тал басында түндіксіз
отау. (ұя)
-
Бір беткейде екі көл.
(көз)
-
Қорқа ма әлде, жарықтан
ол қашады, әдеті бар паналайтын тасаны. (көлеңке)
4-тур: «Даналық ойдан дән
ізде» шарты интерактивті тақтадан сандарды таңдау арқылы шыққан
суреттер арқылы мақал-мәтел айтады. Осыдан соң ұпай төмен бала
ойыннан шығады.
5-тур: Бір сөзбен айтқанда
тұрақты тіркестер туралы:
1. Көз жазып қалу.
(айырылу)
2. Екі иығына екі кісі
мінгендей. (денелі, иықты, тұлғалы)
3. Саусағының ұшын
қимылдатпады. (ештеңе жасамады)
4. Айы оңынан туды.
(жолы болу)
5. Көзі ашық. (сауатты,
оқыған)
6. Тонның ішкі
бауындай. (тату)
7. Үріп ауызға
салғандай. (әдемі)
9. Тілімнің ұшында тұр.
(ұмыту, жеткізе алмау)
10. Ақсақ қой түстен
кейін маңырайды. (кеш, жәй)
6-тур: Мақал-мәтелмен ой
түйіндеу, төрт балаға төрт түрлі мақал беріп мағынасын
ашқызу.
1. Оқу инемен құдық
қазғандай.
2. Біреуге ор қазба
өзің түсерсің.
3. Әлін білмеген
әлек.
4. Ойнап сөйлесең де
ойлап сөйле.
Мұны оқыған
шығармаңнан, естіген әңгімеңнен, көрген оқиғаңнан мысалдар
келтіруге де болады.
Қорытынды
сөз. Қанаттарың
талмасын,
өнерлерің
самғасын.
Білімді
болып ер жетіп,
халқына
тигіз пайдасын.
Сөз әділқазылар
алқасына береміз.
№23
мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
апталығы
Тақырыбы: «Мың бір мақал,
жүз бір жұмбақ»
5-6 –
сыныптар
Өткізген қазақ тілі әдебиеті
пәні мұғалімі: Биғожаева Б.А.
2013-2014 оқу
жылы