400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Музыка күніне

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Музыка-жүрек тілі» (1 - қазан халықаралық музыка күні) Тәрбие сағатының бағыты: - Эстетикалық тәрбие және кәсіби-шығармашылық тәрбие Формасы: Музыка сағаты Күні: 30.09. 2023 ж Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Білім алушылардың мамандықтарына сәйкес музыкалық мәдениетін көтеруге ықпал жасай отырып, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлға болып қалыптастыруға үлес қосу. Тәрбие сағаттының міндеттері: - Білім алушыларға ата-бабамыздан бері келе жатқан ғажайып әуен сарынын құрметтеуді, ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін, дәріптеу және дамыту.. - Білім алушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. - Білім алушылардың музыкалық әсерін кеңейту, білімдерін, шығармашылық белсенділіктерін педагогикалық-психологиялық кеңес беру арқылы кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Музыка-жүрек тілі»

(1 - қазан халықаралық музыка күні)

Тәрбие сағатының бағыты:

- Эстетикалық тәрбие және кәсіби-шығармашылық тәрбие

Формасы:

Музыка сағаты

Күні: 30.09. 2023 ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Білім алушылардың мамандықтарына сәйкес музыкалық мәдениетін көтеруге ықпал жасай отырып, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлға болып қалыптастыруға үлес қосу.

Тәрбие сағаттының міндеттері:

Білім алушыларға ата-бабамыздан бері келе жатқан ғажайып әуен сарынын құрметтеуді, ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін, дәріптеу және дамыту..

- Білім алушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

-  Білім алушылардың музыкалық әсерін кеңейту, білімдерін, шығармашылық белсенділіктерін педагогикалық-психологиялық кеңес беру арқылы кеңейту.

Тәрбие сағатының құрылымы:

1. «Жақсылық тамшысы» жаттығуы 5 минут

2. Топ жетекшінің кіріспе сөзі 3 минут

3. «Музыка» бейнематериал 5 минут

4.«Сен білесің бе?» 5 минут

  1. 5. «Мені түсін» ойыны 7 минут

  2. 6. «Мюзикбукс» әдісі 5 минут

  3. 7. «Жүректен жүрекке» жаттығуы 5 минут

  4. 8. Рефлексия 3 минут

  5. 9. Топпен ән айту 4 минут

10. Қорытынды 3 минут

Тәрбие әдістері:

Адамгерішілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері: түсіндіру, этикалық әңгіме, өнеге.

Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: ойын, тапсырма.

Ынталандыру әдістері: жарыс.

Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі байқау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне есеп беру.



БАРЫСЫ

Кезеңдер

Стратегия

лар

Топ жетекшісінің іс-әрекеті

Топ студенттерінің іс-әрекеттері

Мтивациялық-қызығушылықты ояту

«Жақсылық тамшысы» жаттығуы


Топқа психологиялық жағымды көңіл-күйді орнату.

Тәрбие сағаты басталар уақытта тақтаға әр түрлі суреттер жабыстырылады. Әр білім алушы топ жетекшімен таңдаған суреттері бойынша амандасып, бір-біріне жақсы көіл-күй сыйлайды. Осындай көңілді нотада бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.

Әр бала жапсырылған суреттердің ішінен біреуін таңдайды. Музыканың суретін таңдаса, аудиторияға кірер кезде музыка қосылады да, соған сәйкес билеп кіруі тиіс. Жүректің суретін таңдаса, бір-бірімен құшақтасып амандасуы керек. Смайликтің суретін таңдаса, бет-әлпетімен сол смайликті көрсетуі керек.

Топ жетекшінің кіріспе сөзі


1-қазан халықаралық муызка күні. Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – адамдар, халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықтарды түзу. Өнер атаулының ішіндегі қалың көпшілікке ең жақыны музыка болса керек. Себебі, ол ана әлдиінен бастап, адамнын бүкіл өмірімен жалғасып жатады. Адамның музыкасыз бірде – бір сәті жоқ. Дүние есігін ашқан сәби тіршілікке деген құлшынысын өзінің іңгәлаумен білдіруге, о дүниелік болған жермен қоштасқан кейінгілер жоқтау арқылы зарын сыртқа шығарады. Ән – күйсіз той – думанның өтпейтіні белгілі музыка еріккенің ермегі немесе жай дыбыстардың тізбегі емес, ол қоғамдық құбылыс.

Зейін қойып тыңдау, ұғыну


Ізденушілік-зерттеушілік

Бейне

материал

«Музыка» туралы бейнематериал көрсетіледі.

Зейін қойып көру, тыңдау, ұғыну, ой түю

«Сен білесің бе?»

Интерактивті тақтаға ұяшықтар шығады. Тақтадағы шыққан ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру

Білім алушылар тақтадағы ұяшықтардың біреуін таңдап, жауап беруі тиіс.

«Мені түсін» ойыны

Ортаға топтан бір білім алушы шығады. Ортаға шыққан балаға наушник кигізіп, қалған балалар оған сөздерді жасыруы керек.

Наушник киіп алып, достарының жасырған сұрақтарын табу.

«Мюзикбукс»әдісі

Білім алушыларға ішіне тапсырмалар салынған қобдиша беріледі. Қобдишаны бір-бірлеріне берген кезде музыка ойнап тұрады.

Өздеріне берілген қобдишаны музыка тоқтағанша алмастырып отырады. Музыка тоқтағанда кімнің қолында қобдиша қалса, сол бала тапсырмаларды ашып, ортаға шығып орындап көрсетеді.

Қорытынды-рефлекциялық

Топ жетекшісінің рефлексиясы:


Ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді.  Музыканы ұнатпайтын адам өмірде жоқ шығар. Музыка адамның денсаулығына әсер етеді. Оның бірнеше түрі болады. Жақсы музыка көңіл-күйді көтереді және адамды рахаттандырады. 

Кері байланыс

Топпен ән айту:

«Проблема жоқ» Қуандық Рахым

Қорытынды бағамдау:.

Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сезімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге, жалпы өмірдің мән-мағынасын түсініп-білуге көмектеседі. Музыка - әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер. Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы – қасіреті мен түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12