400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

Балаларға Наурыз- жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңыздығын түсіндіру. Ата- бабамыздың ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Ата- ана ,бала,тәрбиеші,жұртшылық өкілдерін біріктіру. Қазақ халқының салт- дәстүрін, дінін, әдет- ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйі жабдықтарымен безендірілген. Ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан жайылған. Ұлттық киім киген балалар, ата-аналар.

1-жүргізуші: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың , еңбектің ,көктемнің ,ізгіліктің ,бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

2- жүргізуші: Осы ұлы күнге байланысты наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ , наурыз тілек, наурыз көк сияқты жөн – жоралғылар бар.

(Аталған жөн – жоралғылар жөнінде бір ана шығып түсінік береді)

«Қош келдің ,Наурызым»әні орындалады.

Айым: Наурыз тойы т тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Әлижан: Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Ислам : Уа,халайық,халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың ,

Жыр шашуын шашайық.

Дильназ : Есебімен дананың ,

Күн мен түнді теңеген.

Наурызымыз – жаңа күн,

Парсы сөзі көнеден.

«Қазақы дастарханым»әні орындалады.

Бейбіт: Жаңа күн ол – жыл басы,

Жиырма екісі Наурыздың.

Наурыз айда төл басы ,

Бүршік атар бау біздің.

Салауат: Арпа,бидай,бастаған,

Жеті дәмнен жасаған.

Наурыз көже көп көже,

Бұл тойдағы бас тағам.

Найля: Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрі бері қараңдар.

Наурыз – думан басталды,

Бері жақын тұрыңдар.

«Наурыз – думан» биі биленеді.

Жасмин: Қыс өтіп,қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Мерей: Берсе дағы шырай күн,

Қылау болып себелер.

Қырбақ қарын бұл айдың ,

Наурызша дер көнелер.

Айқын: Келсе дағы көктемі

Үрікпеген қылаудан

Ұлыс күні өйткені,

Нұр жауды деп қуанған.

«Ерке сылқым» күйі ойналады.

Жүргізуші: Мұсылман ұғымы бойынша 21- наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен,Қыдыр бабаны қарсы алған.Осы түні әр адам қандай ой-арман ойласа,ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.

(Қыдыр ата келеді)

Хормен:Қош келдің Қыдыр ата!

Қыдыр ата бата береді:

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын,

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінін бәрі болсын,

Елдің іргесі берік болсын,

Жасқа ізет,кәріге құрмет болсын.

Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш,бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі