400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты. «Наурыз - жыл басы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық баннерлер, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан. Тақырыптық әндер, әдеби футаж

І. Кіріспе

  • Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.

ІІ. Негізгі бөлім

  • Көрініс: «Алдар көсе мен Қожанасыр»

  • Сәлемдесу көрінісі. (Қазақтың салт - дәстүрі туралы шолу)

  • Топтардың көрсетілімдері: «Тұсау кесер», «Баланың бесікке бөлеу», «Ұлттық ойындар»

  • «Наурыз туралы аңыз» бейнежазба

ІІІ. Қорытынды бөлімі

  • «Көрші ауылға қонаққа бару»

  • Наурыз көже

Барысы:

Мұғалім:

- Армысыздар ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп-өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын-күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан «Наурыз – жыл басы» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

1-жүргізуші:

Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.


2-жүргізуші:

Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.


3-жүргізуші:

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.


Көрініс: Алдар Көсе мен Қожанасыр.


Қожанасыр:

- Ассалаумағалейкум, халайық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар көсе:

- Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.

Қожанасыр:

- Әкел шапанымды. Бер деймін шапанымды.

1-жүргізуші:

- Қойыңыздар ағалар не болды сіздерге! Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.

Алдар:

- Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр:

Татулассақ татуласайық.

Тойға құтты болсын айтайық.

Арайы бар даланың,

Амансың ба, жаңа күн.

Сәлем, халқым, тірегім

Сендермен бірге жүрегім,

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Алдар:

Сәлем Наурыз күніміз
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз!
Қайтқан емес толайым,
Алдарыңа кеп тұрмын,
Айналайын, ағайын.


2-жүргізуші:

Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.


Мұғалім: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, қане, соны көрейік.

(Ортаға оқушылар шығады. Төс қағыстырып, амандасады)

Нұрболат:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Рахман:
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Қамбар:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Жансерік:

Наурызың құтты болсын,

Денсаулығың мықты болсын!


3-жүргізуші:

«Ұлыстың ұлы күнінде»

«Оң болсын, – деп, – ұлысың!»

Төс түйісіп көрісер.

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер.



1-жүргізуші:

Төс түйісу дегені –
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені –
Тоқшылықтың белгісі.


Мұғалім: Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар.


1-жүргізуші:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.


2-жүргізуші:

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.


1-топтың көрсетілімі: «Бесікке бөлеу» салтын тамашалау


3-жүргізуші:

Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төсейік.

Жарылқасын алдыңнан.

Тұсауыңды кесейік!

Тұсауыңды кесейік!

Күрмеуіңді шешейік.

2-топтың көрсетілімі: «Тұсау кесу» салты.

(Сәбидің тұсауы ала жіппен кесіледі. Шашу шашылып, ән айтылады. Сәбиді жүгіріп, жүргізеді. Барлық ырымдары жасалады.)


Мұғалім: Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кімқандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге алу, асық ойнау).
– Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап көрейікші.

3-топтың көрсетілімі: «Ұлттық ойындар» (Балаларға ойын ұйымдастыру)

«Ақшамшық» ойыны. Жүзік салу

«Ханталапай» асық ойыны

«Ләңгі тебу» ойыны

«Қол күрес» ойыны


Мұғалім: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Оның мәні – Жаңа жылда молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету. Сонымен қатар наурыз мерекесіне арнап дастарханға басқа да тағам түрлері дайындалады.

Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.


 1-жүргізуші:
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.


2-жүргізуші:

Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта – ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.


3-жүргізуші:

Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.


Барлығы наурыз көженден ішеді.

1-жүргізуші:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр-аңыз.


3-жүргізуші:

Жасай берсін жаңа күн!

Туа берсін жаңа нұр!

Дүр сілкінсін дала бір.

Құтты болсын Наурыз тойы,

Құтты болсын жаңа жыл!


Ән: «Наурыз көктем».

Мұғалім:

Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз Аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!

2-жүргізуші:

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! Шашу шашу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1686
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі