400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Наурыз - көктем, жыр- думан "

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Наурыз - көктем, жыр- думан.

 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының  

                салт- дәстүрін, дінін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін,

                 тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.Дінге деген

                 ұлттық сезімдерін ояту, қазақ халқының салт- дәстүрлерін

                 бағалап, Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей 

                 білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер:  «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», «Еліме қуат, халқыма шуақ бер, Наурыз!»,

«Наурызым- мерекем,Наурызым- берекем».

Жүргізуші:

Уа, халайық, құтты болсын мерекең,

Құтты болсын, құтты болсын берекең.

Наурыз тойы тойланады мектепте,

Қош келдіңіздер мерекені көруге!

 

Уа, жараңдар, жараңдар!

Көңілін бар алаңдар.

Ата менен анаң бар,

Үлкен –кіші, ағаң бар.

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық,

Есік ашып, шашу шашып, ел боп қарсы алайық.

(шашу шашылады)

Қайырлы күн, құрметті қонақтар әні мен сәні жарасқан «Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға» қош келдіңіздер! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы көптен күткен «Наурызымыз»  келді. Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!Ұлыстың   Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, аман- есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық  жақсы ниет – тілектеріңіз  қабыл болсын! Ұлыс береке берсін!Берекелі тірлік дамып, мерекелі бірлік орнасын!Жылқы жылы береке, татулық жылы болсын!Ол бәрімізге көтеріңкі көңіл- күй сыйлайтын тамаша мезгіл. Көктем табиғаттың жаршысы секілді ғой. Наурыз мейрамы-Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылдануға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Шығыс халықтарының көне күнтезбесінде жаңа жыл басы  деп саналады. Наурыз мейрамы сонау 1926 жылдан кейін алғаш рет 1988 жылы тойланып, көпшілік көңілінен шықты.Наурыз мейрамы жыл сайын 22 жұлдызында мерекеленетін болған.Яғни, күн  мен түн теңелетін, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем басы.

Жаңа жылда Қыдыр баба таза үйге кірсе, ол үй ауру – сырқаудан, пәле – жаладан аман болады деген .

Көрініс:

(Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн:Жұлдызы көп түнмін.

 Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн:Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі:Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

Наурыз келді:





Жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын некен саяқ.

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Зеңгір көктен әні орындалады .

жүргізуші: Наурыз келсе, барлығы жасарады.

Жасарады, табиғат жасалады,

Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен

Аласталсын пәледен босағаны .



Алас! Алас!

Әже : Алас! Алас! Еліміздің елдігін тойдырған келетіндерден

Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден Алас!

Соғыстан, табиғат апатынан барша жамандықтан Алас!

1-жүргізуші: Аластаса әжеміз босағаны

Бар жаманның көңілден босағаны

Жеті шырақ жаңа өмір жаршысындай

Лаулап жанып Қыдырды тосады әлі.

Қыдыр ата кіреді.

2-жүргізуші: Той әкелген ғаламға

Қыдыр атам аман ба?

Бас иеді барша жұрт

Өзіңдей дана адамға.

Қыдыр ата: -Ау, аман ба, жарандар!

Алтын таңға қараңдар

Ерте жайнап атты таң

Естіліп тұр шаттық ән

Жұрағатым қуанып

Рақатын тапты жан

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдайық мұны біз

Жас балаша нұрланып

Жадырасын күніміз

Күннің жаңа нұры бар

Мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрам бұл

Би билейік тұрыңдар.

Би «Қара жорға»биін қабыл алыңыздар .

Әдеби монтаж

1-оқушы: Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

2-оқушы: Наурыз қайта оралды,аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.

Үй- дастархан, думанымыз - сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурыз шақырамыз!

3-оқушы: Ашық болсын қос қабақ,

Тас атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

4- оқушы: Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта тағы бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

5-оқушыЖас қосатын жасына

Жыл басы бұл наурыз

Әр кіргізген асыңа ,

Бал татыған сары уыз .

6-оқушы: Әбігер жұрт неге

Деп бекер таңдан ба.

Қайнатып құрт көже,

Той қамын қамдауда.

Көктем тойы –әніміз

Көркем өнер сәніміз

Өлең , әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз .



Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Жау-Жау жаңбыр»

7- оқушы: Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

Сәскеде - жаз,

Түнде - қыс,

Секілді екен наурыз!

8- оқушы: Төлдеп жатыр малымыз,

Қазан толы сары уыз.

Сүті көп те,

Көмірі аз

Болады ғой наурыз!

9-оқушы: Жайдарымыз бәріміз,

Дастарханда дәміміз.

Көжесі көп, қыры көк,

Қандай жақсы наурыз!

Ән «Бау бақша белдер »



10-оқушы: Жаңа жылдай - халықтық

Мерекеміз бар біздің.

Кім ұқтырар қанық қып

Мән- мазмұнын Наурыздың!

Ұлттық ойындар

Оқушы: Ей, балалар, балалар,

Енді маған қараңдар!

Наурызды тойлайық,

Қызық ойын ойнайық

« Арқан тартысу»

«Білектесу»

Қарама қарсы отырған екі ұл бала оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ өолтығына тығып алады. Білегі жығылған палуан жеңіледі.



«Соқыр теке»

Ойнаушылар айнала шеңбер құрып тұрады да, ортасынан екі адамды бөліп шығарады, біреуінің көзін байлайды. Байлап болғаннан кейін көз байлаушы адам түрте салып қашады. « Соқыр теке» көзін байлаған адамлы қуады.Қашушы да, қуушы да шеңберден шықпайды.Егер « Соқыр теке» ешкімді ұстай алмаса, шаршағанша қуа береді. Ал ұстаса, онда сол адам «Соқыр теке» міндетін атқарады. Осылайша ойын жалғаса береді.

: Наурыз қайта оралды,аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.

Үй- дастархан, думанымыз - сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурыз шақырамыз деп бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз .

 

 Енді аналарымыздың ,әжелеріміздің ақ дастарханына балаларды жайғастырсақ .

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі