15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: Наурыз думан
Сабақтың тақырыбы: Наурыз - думан
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы білімдерін жетілдіріп, салт-дәстүрімізді құрметтеп, балалардың бойына сіңіру мақсатында көктем мерекесі, Ұлыстың ұлы күні – Наурызды атап өту.
Әдіс-тәсілдер: өлең-тақпақтар, нақыл сөздер, билер, көрініс
Түрі: музыка, тіл дамыту
Барысы:
М-м: Құрметті ата-аналар, қонақтар. Сіздерді ұлт мерекеміз Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Құттықтай отырып, дендеріңе саулық, отбасыларыңа бақыт тілеймін. Сонымен бүгінгі «Наурыз – думан» мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.
ҚЫЗЫР (ҚЫДЫР) АТА
Мұсылмандық аңыз- әпсаналар мен халық наным- сенімдерде Қызыр образы кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі – жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластыруы тегін емес екенін байқауға болады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша , 21- наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түні – «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял – ғажайып персонаж Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші – сыртын, қора қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы- Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6- да себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3- ке тұспа-тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын жібітсе керек. Бұл да наурызға бай- ланысты айтылған сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449 ) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-міс. Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс, Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен.Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер:
Самалық, самалық,
Көк құс көзін ашты ма?
Аяғын жерге басты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Қап тауының көк құсы
Жүгірді ме, көрдің бе?
деп, қойнында көжегі, қолында нәуірзегі(бәйшешек) бар балаларына сұрау қойған.
Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында яғни,22 наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жаратылыс , оның ішінде адам бойында да ерекше сезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.
Міне осы кереметтей мерекені тойлай бастайық.
Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Келіңіздер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!
Ж. Кәусар: Наурыз келді – жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Балалармен бірге енді.
Наурыз келді – нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Мына отырған қонақтар
Тойға әзір боп үлгерді.
Бақдәулет: Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып,
Ұлыстың ұлы күні келді, қонақтар!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Мереке: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс құтты болсын!
Төрт түлік ақты болсын»
Зарина: Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай ,
Жамырасып өріскен.
М-м: Иә, балалар, Ұлыстың Ұлы күні Наурызда адамдар бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағыстырып, өкпе назды ұмытып, кешірімді болу керек.
Амандасу рәсімі.
Әбдіғапбар: Ассалаумағалеқум!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Бауыржан: Уағалейқумассалам!
Ұлыс оң болсын!
Пәле жала жерге енсін!
М- м (сұрақтар)
- Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді? (Жаңа күн)
- Ұлыс күні жасалатын пқандай тағам? ( көже)
Аяужан: Уа, халайық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын мерекең,
Наурыз тойы тойланады мектепте,
Қош келдіңдер мерекені көруге!
Біржан: Күн мен айға әлемнің,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйініп,
Сәлем берем иіліп.
Айдана: Наурыз – шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейміз бәріміз.
Шарифжон: Күлім қағып жетті көктем,
Күн сәулесін төкті көктем.
Наурыз айы берекелі,
Алып келді мерекені.
М-м: Ал, енді тойға келген ақындардың айтысын тамашалайық.
Әбілқас пен О. Кәусар ортаға шығады
Әбілқас: Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Қоса алдың ба мән беріп,
Қанша нәрсе болды сол.
О. Кәусар: Бес қосу бес он болар,
Оны бәрі біледі.
Сен дейсің бе саусағын,
Санай алмай жүретін.
Әбілқас: Тура сөзді жақтаймын,
Ойдан шықса мақтаймын.
Лағындай еліктің,
Сендей құрбы таппаймын.
О. Кәусар: Мен әдептен аспаймын,
Достығыңнан қашпаймын.
Қандай ақын болсаңда
Жеңілем деп саспаймын.
Әбілқас: Ұлы Наурыз тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс жақсы болады ,
Айтысқанда теңімен.
О. Кәусар: Наурыз айтыс болсын деп,
Шығып жүрмін ортаға.
Шешен болсаң көрейін,
Мен айтысып сенімен.
Әбілқас: Келмеймін деп мектепке,
Жылауыңды қойдың ба?
Көтерші деп арқаға,
Сұрауыңды қойдыңдың ба?
О. Кәусар: Ерке қызбын білесің,
Бірақ кімге күлесің?
Кәмпіт сұрап өзіңде,
Күнде жылап жүрсің бе?
М-м: Ой, бәрекелді, екеуің де мықты ақын екенсіңдер. Наурыз күні бір-бірін сыйлап отырғанға не жетсін!
Арайлым: Ата жолын қуаыйық,
Салт-дәстүрді сыйлайық.
Наурыз келсе құт келгені халайық,
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық.
-
Қызды әсемдеу.
Шашын өріп, шашбау тағып, сақина , білезік тағып, айналдыра жүргізіп көрсету.
М-м: Қыз баланың шашпаудысылдырлатпай жүруі, оны салмақты, ибалы болуына тәрбиеленген.
-
Қолға су құю.
Үйге кірген қонаққа және дастарханнан тұратын қонаққа су құю дәстүрін көрсете отырып, құман, сүлгіге мән беру.
М-м: Ер баланың қолға су құйып үлкендерден алғыс, бата алып жанын жадыратуға тәрбиелеу делінген
-
Қонақ күту.
Асығыс қонаққа көрсетілетін құрметті көрсету (нан ауыз тигізу)
Отыратын қонаққа дастархан жайып құрмет көрсетіледі. Дастаханға алғаш келетін тағамды көжені ұсынады.
М-м: Жай жүріп, жылы қабақ көрсетуге тәрбиелеген.
-
Ас қайтару.
Үйде ас қайтару көрінісі.
Тойда ас қайтару көрінісі «шапан жабу»
Бесікке салу салт-дәстүрін көрсету
Рауан.
Бесікті ашып алас, алас,
Әр пәледен қалас
Асқар, асқар таумен кет.
Ағыны қатты сумен кет.
Тастай қараңғы түнмен кет.
Айдана:
Түбегіңді, шүмегіңді салайын,
Денің таза болсын деп.
Бас жастықша салайын,
Басың жұмсақ болсын деп.
Рауан:
Екі бел жастаншы,
Бел көрпеңді салайын,
Сымбатты сұлу өссін деп.
Аяқ жастықты, аяқ көрпешені салайық,
Аяқ тұзу өссін деп.
Айдана
Тарипа бауды тартайын ,
Сымға тарқан сүйріктей,
Денің сау сұлу болсын деп.
Қолбауыңды тартайын,
Тыныштығын,
Терең ұйқың қансын деп.
Айдана:
Бісіміллә, балам ұйқың тәтті болсын.
Күлкің қатты болсын, - бесікке салады.
Рауан:
Жабуыңды жабайын,
Жел, суық тимей қалсын деп.
Бесік жыры:
Индира: Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Мойнымдағы маржаным,
Қорамдағы мал-жаным,
Бесігіңе жата ғой.
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Шарапат: Әлди, әлди, әлди-ай,
Ұйықта балам көзіңді іл,
Әлди, әлди, әлди-ай,
Еркесің ғой өзің бір,
Ертегі айт деп жалынып,
Әурелеме әжеңді.
Ақ көрпеңді жамылып,
Тыныш қана жат енді.
Индира: Ақылы көп «дәу бала-ай»
Айтқаныма көнгіш ең.
Әрі-бері аунамай
Ұйықтасаңшы сен енді.
Шарапат: Айнала айтап жүрсінші,
«Азаматтың өзі» - деп тілеуіңді тілейін.
Ұйықта балам тезірек,
Әлди, әлди, әлди-ай.
М-М: Балалар, біз бесікке салу салт-дәстүрін тамашаладық.
Енді бізге Қызыр атамыз тапсырмалар жіберіпті. Қандай басқа да салт –дәстүрлерді білесіңдер? Ал, енді қазақтың тыйым сөзі-тәрбие көзі жайлы толғайық.
Назерке: Бас киіммен ойнама.
Ақты төкпе, малды теппе.
Бүйіріңді таянба.
Мерей: Кешқұрым ұйықтама.
Айға қолыңды шошайтпа.
Нанды баспа.
Жанасыл: Табаныңды тартпа.
Жайдан жай уһілеме.
Сиырды теппе, сүтті төкпе.
Алмас: Малды басынан ұрма.
Босағада тұрма.
Қолыңды төбеңе қойма.
Мейірбек: Түнде суға барма.
Таңдайыңды тақылдатпа.
Дінислам. Кісіге қарап есінеме.
Сүт сауатын ыдыспен суға барма.
«Асық» ойынын ойнату
«Арқан тартыс» ойыны
«Сақина салу» ойыны
Оқушылардың әндері
Құттықтау сөздер
Соңы
Сабақтың тақырыбы: Құқық әлеміне саяхат
Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары туралы және құқықтың кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру. Әр бала өз пікірін айтуға құқықты екенін түсіндіру. Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, баптар Сабақтың барысы: Құқық әлеміне саяхат «Азамат» деген сөз нені білдіреді?
Алмат: Барлық адам болмысынан тең құқықты және азат болып туылады. Барлық адамға ақыл-ой берілген, сондықтан бір-бірімен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс. (Декларайияның 1 бабы)
Сұндет: Мен әлі кішкентаймын. Бірақ соған қарамай, кең байтақ елде туылған, Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі бола отырып, сол елдің азаматымын.
Жасмин: Әр елдің өз азаматтарына арналған Заңы Конституциясы болады. ҚР-ның өз Заңы бар. Оған еліміздің қоғамдық құрылымы, жеке адамдардың бостандығы, құқығы, еркі туралы арнайы баптар енгізілген. Адам құқығын қорғайтын заңдар осы Конституцияға сәйкестендіріліп жасалады.
Рамазан: Қазақстан азаматтарының бірі ретінде біз де осы Заңға сай мемлекет тарапынан қамқорлық пен қолдау көре аламыз. ҚР-ның Заңы бойынша, Республика өзінің азаматтарын қорғайды, оларға өз елінде, одан тыс жерлерде де қамқорлық жасайды. (11-бап)
Аягөз: ҚР-сында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі. Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін Конституция анықтайды.
Досбол: Конституцияға орай ҚР-сын Президент басқарады. Республикадағы әр адам мен бүкіл қоғамның мүддесін қорғайтын заңдарды халық қалаулыларынан құралған Парламент шығарады.
М-м: Әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқалардың құқықтарын бұзбауға және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұл біздің балаларымыздың бақытты, еркін өмір сүруіне жасалған қамқорлық. Еліміздің әрбір облысы, ауданы, қалаларында балалар қорғалуға тиіс. Балаларды зорлықпен азаптаудан жедел қорғауға міндетті. Бұлар облыстық, қалалық, аудандық білім беру жүйелеріндегі «Балаларды қорғау» инспекторлары. Балаға зұлымдық жасалынып, оның өміріне қауіп төнгенжағдайда оны халық тыныштығын қорғайтын мемлекет сақшылары сот, прокуратура қызметкерлері қорғауға міндетті. Мектепте күнделікті өмір қиыншылығына ұшыраған балаларға көмекті әлеуметтік педагоктардың қатарын: мектеп директоры, мектеп психологы, мектеп инспекторы, сынып жетекшісі құрайды.
Әр адам қайда жүрсе де заңмен қорғалуы тиіс. (6-бап)
Барлық адам заң алдында тең. (7-бап)
Біріккен Ұлттар Ұйымы дегеніміз не?
Б. Зарина: БҰҰ жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым. Ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң 1945 жылы құрылған. БҰҰ-ның алдына қойған басты мақсаты дүние жүзінде бейбітшілікті сақтау.
Мерей: БҰҰ –на алғаш мүше болып кірген мемлекеттер 51 болса, 50 жылдарда оған дүние жүзінің 185 мемлекеті мүше болып кірді. Соның қатарында біздің ҚР-сы 1992 жылдан БҰҰ –ның мүшесі болып табылды.
Дамир: БҰҰ АҚШ-ның Нью-Иорк қаласында орналасқан. Мұнда әр жылы БҰҰ мүше мемлекеттердің өкілдері жиналып, оның жалпы жиналысына қатысады.
Қарлығаш: БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылы өте маңызды халықаралық құжат Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ Декларацияны қабылдады. Онда әрбір адамның азамат ретіндегі құқығы мен еркіндігі атап көрсетілген.
М-м: Адам құқықтарының жалпыға ортақ Деклорайияны бүкіл дүние жүзі халықтарына адамға, адалдықпен, имандылықпен, ізеттілікпен қатынас жасаудың үлгісі көрсетілді. Барлық мемлекетті өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап қамқорлық жасауға шақырады. БҰҰ 1989 жылы қазан айында «Бала құқығы» туралы Конвенция қабылдады. Балалар, біздің мемлекетіміз құдайға шүкір Елбасымыздың және Ел ағаларының асқан ақылды саясатының арқасында, тынымсыз еңбектерінің арқасында тыныш, тату, бейбіт өмір сүрудеміз. Бірақ басқа көптеген елдерде балалардың жағдайы мәз емес. Олар қуаңшылық пен аштықтан, аурудан, табиғи апаттардан және соғыс қасіретінен өліп жатқан балалар жайында таныса отырып оларға жәрдем беру мақсатында бала құқығы туралы Конвенция даярланды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 1989 жылы Бала құқығы туралы Конвенция қабылданған соң 1990 жылдың қаңтар айынан бастап оған мүше болып табылатын дүние жүзі елдерінің өкілетті елдері қол қоя бастады. Біздің мемлекетіміз осы шартқа қол қоя отырып Қазақстан балаларының бақытты өмірін қамтамасыз етуге міндеттеме алды. ҚР-сында өмір сүруші барлық бала осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды білуі шарт. Оның бір дәлелі – 1992 жылы Қазақстанда жетім, мүгедек және ауру балаларға мемлееттік қамқорлық жасау мақсатында құрылған «Бөбек» қоры.
Бала білуге тиіс құқықтар не? «Менің құқығым бар» деген сөзді қалай түсінесің?
Нұриса: Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей, тек жақсылық жасауға құқықтымын.
Ахметжан: Ең бірінші мен өмір сүруге, дем алуға, қыдыруға құқықтымын. Бірақ ол менің қалауымша болуы тиіс.
Самат: Өз ойымды айтуға, қалаған тілімде жазуға, сөйлеуге, оқуға құқығым бар.
Оралхан: Оқуға, ойнауға және тәртіптен тыс болмаса бәрін істеуге құқығым бар.
Е. Зарина: Секіруге, жүгіруге, кітап оқуға, жазуға, жұлдыздарға қарауға, анама көмектесуге құқықтымын деп ойлаймын.
Серікбай: Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ – деп түсінемін.
Көрініс: Партаға таласып отыруға құқығым бар деген.
М-м: Екі баланың екеуінің де қолданған «Менің құқығым» деген сөздерінің дұрыс емес екендігін дәлелдеп беру. Өз қлауыңды құқықпен араластыруға болмайды. Әрине, сендердің әрқайсысың оқуға, білім алуғағ йнауға құқықтысыңдар. Сынып бөлмесіндегі әрбір орынға да отыруға құқығың бар. Бірақ жеке басының қажетін ойлап, таласуы ұят болады.
Құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің адамға рұқсат еткенінің бәрі, яғни қоғам менмемлекет жалпыға бірдей ережелерін орындау. Адам өз құқғы жайында өз мемлекетінің Заңынан, ең алдымен Конституциясынан, сондай-ақ, егер мемлекет қол қойған болса құқық туралы хлықаралық шарттан оқуына болады. Балалар, өзіңе берілген құқықты қалай қолданса да өз ықтияры екендігін жақсы түсініп алың.
Аида: Мысалға тісің ауырса жалпы емханада емделесің бе, әлде ақылы емханада емделесің бе өз қалауы бойынша емделуге құқығы бар. Оған ешкім тыйым сала алмайды.
М-м: Құқық оқу мәселесінде қандай болмақ? Бастауыш сынып оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? «Қаламасам оқымаймын! Бұл менің құқығым!» дей ала ма? Жоқ. Бұлай болуы мүмкін емес. Өйткені Мемлекетіміздің Заңында адамның құқығымен қатар міндеті де айқын көрсетілген. Адам неге міндетті? Декларация 26 бабында және ҚР-сы Конституциясының 30 бабында көрсетілген:
-
Бастауыш білім баршаға міндетті, ал техникалық білім және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болуы керек.
-
Білім беру адамның жеке басының кемелденуіне, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністікке және достыққа ықпал етуі тиіс.
-
Ата-аналар балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқықты.
-
ҚР-ның азаматтары тегін орта білім алуға міндетті.
Сондықтан әр бір баланығ жақсы оқып сабақты өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді біліп отыруға құқығы бар. Бала мектепті бітірген соң, міндетті болмаса да, оқуын жалғастыруға құқығы бар. Сонымен «құқық» - адамның міндеті де боып табылады. Құқық адамға тек жақсы, игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынған.
Ерекше қамқорлық.
Көпшілік ел конвецияны «Бал құқығының әлемдік Конституциясы» деп атайды. Неліктен балаға тек оның ата-аналар ғана емес, сондай-ақ ол өмір сүріп отырған мемлекет, қатетті жағдайда бүкіл БҰҰ ерекше қамқорлық жасайды.
-
Бала өзі кішкентай және әлсіз болғандықтан, ерекше қамқорлық қажет.
-
Оның қолына қазірше іс келмейді.
-
Егер балаларды қорғамаса оларды ренжітуі мүмкін.
-
Бала өзін қорғай алмайды.
-
Олар ересектер жасағанды жасай алмағандықтан, көмек қажет етеді.
-
Бала қауіпті жағдайға түсуі мүмкін, өйткені ол әлсіз.
-
Баланы күшпен ұрлап кетуі мүмкін. Сондықтан қамқорлық қажет.
-
Бала аңқау, оны тез алдауға болады.
-
Бала қорқақ, сондықтан қорғайды.
М-м: Дұрыс, Конвенцияда баланың денесі мен ақыл ойының толық дамып жетілмеуі себебінен ол арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді деп айтылған. (Деклорацияның 5-бабында) «Ешкімде азапталмауы, қаталдықпен адамшылыққа жат қылықтармен жазаланбауы тиіс» деп көрсетілген. Бала әзірше жұмыс істемейді, бірақ оған тамаққа, киімге, ойыншыққа, кітапқа және көптеген өмір қажеттіліктерін өтеуге ақша қажет болады. Бұл мүмкіндіктерді ересектер жасау қажет. Бұған мемлекетімізде қарап отырған жоқ.(Көптеген жәрдемдер туралы тоқталу)
Құқық туралы және де толығырақ айтып кетейік.
-
Көрініс (Қатар жүрген баланы түсіне, киіміне, әлеуметтік жағдайына қарап кемсітуге болмайтыны айтылады)
-
Көрініс (Екі бала әңгімелесіп, біреудің атына кір келтіруге болмайтыны туралы)
Заң; 12 – бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласыға, рұқсатсыз үйіне кіруге , біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
Мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер оқылып мағынасын ашып түсіндіре кету арқылы сабақты қорытындылау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген