Тәрбие сағаты "Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

1-жүргізуші:

Құрметті ауыл тұрғындары, қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің бас қосу сағатымыз жылына қазақ еліне бір сілкінтіп келетін наурыз тойына байланысты болмақ. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келіп жетті! Той құтты болсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

2-жүргізуші:

Наурыз – парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Яғни, бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеліп, бұдан былай күн түннен ұзара береді. Жақсы күн жасыл көктемді жайната нұрлантып, одан соң жадыраған жаз келеді. Ұлыстың ұлы күні түнгі сағат бірді соға бастағаннан соң ел елжірей қуанып, есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды. Бұл күні ешқандай реніш болмауы керек. Әрбір адам иманжүзділік көрсетіп, қуанышын білдіріп, күлімдей сүйсініп, бар жақсылығын жайып салып, жадырап жүруге міндетті. Сонымен бізге «Наурыз келді, халайық!».

1-жүргізуші:

Наурыз қазақша жыл басы. Наурыздың 22-сі күні – Наурыз мейрамы, яғни Жаңа жыл мейрамы. Бұл иейрам – дін мейрамы емес, ұлт мейрамы.

Уа халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Наурыз салтанаты!

2-жүргізуші:Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып қайта түлейтін Табиғат мерекесі.

Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастархан басында бірге отыратын ынтымақ-бірлік мерекесі.

1-жүргізуші: Наурыз - жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі.

Наурыз – ел мен елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған Ұлы күн. Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың даршысы, жаңару белгісі, тіршіліктің тынысы, теңдіктің терезесі ашылып, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлеген қасиетті күн.

Ән: 2-жүргізуші:

Кел халайық, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянда боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

Наурыз келсе, құт келгені халайық,

Есік ашып шашу шашып,

Ел боп, қарсы алайық.

(«Көктем» боп киінген қыз сахнаға шығып, шашу шашады)

Сүйінші! Алақай көктем келді! Көктем! Сүйінші!

Қыз көктем:

Сәлем анам алтын күн!

Сәлем қарты халқамның!

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым.

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өнерде,

Айтылады жырымыз. Ниеттерің ақ ьолсын!

Бастарыңа бақ қонсын!

Тыныш болсын еліміз!

Гүл жайнасын жеріміз!

(сахнадан шығып кетеді)

1-жүргізуші:

Ұлыстың ұлы күнінде өзінің игілікті істерін көрсетіп, жастар қариялардан бата алады. Халық аңызы бойыншат бұл күні Қыдыр баба барлық босағаны аттап, төрге шығып, бақыт, мерей, қуаныш әкеледі, жақсылық нұрын шашады. Қыдыр баба – елге тек жақсылық әкелетін, жақсылыққа бастап қолдап жүретін ұлы бейне. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам өз шамасына қарай өнер көрсетеді. тамаша әндер айтылады. Кезекті әнге берейік Ән: Наурыз айы туғанда 2-жүргізуші Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.

Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!(Қызыр ата бата береді).

Қадыржан аға Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)

Тазша бала: Ерлан ака

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда

Көрмегендер де арманда

Қызықтан тыс қалмаңдар.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, біздің қазақ өнерлі халық, өз өнерін халыққа паш етуді жаны сүйген халық. Қазір қонақтарға, Қызыр атаға балалар өздерінің өнерлері мен білімдерін көрсетпек.

(Балалардың шағын сайысы)

Наурыз туралы өлеңдер айтылады.

Айкөркем Наурыз айым, айналайын! Нағыз айсың, аймалайын! Ұлыстың бұл – ұлы күні! Жарқын әман шұғыласы – Әнім, сенсің – жылдың басы! Жаңа күнің ашық болсын! Жаңа жылдың басы болсын! Тойға Қыдыр ата келді, Тойшыларға бата берді Ерасыл нурислам

Жаңғырар дәстүр салтымның,

Кезелсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке «Наурыз» жыл басы.

Нұрислам

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Басталыпты Наурыздан.

Асланбек

Шаруаның ұлы кенелген,

Күн мейрамы ежелден,

Құтты болсын бұл, Наурыз!

Назерке Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Нұржайна Келді Наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан,

Айналайын, Иеңдігім, Елдігімнен.

Арайындай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық, сан бір ұлттың.

Жарқырай бер, жер – көкте, жаса Наурыз,

Ұлы достық мейрамы мәңгіліктің.

2 Жүргізуші: ерасыл Наурыз келіп, қар кетті.

Ақ қар көк мұз жұтатқан

Шаруа елінен қар кірді.

Наурыз келіп, жас кірді,

Жас хабаршы әз кірді.

Күнге тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Міне, бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп жіберген екен, ал біз аналарымызға арнап « » атты әнімізді айтып берейікші.

1-жүргізуші:Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

тұсауды тоқшылық болсын деп, тоқ ішекпен, көктей көгерсін деп, көк шөппен, адал болсын деп, ала жіппен кескен.Біз еліне, жеріне ата - анасына адал болсын деп, ала жіппен кесейік.Тұсауды кесуге ауылымыздын әжесі Аққаным апаға берейік. Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін.

Аяжан: Қаз, қаз бөпем жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай, құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

2-жүргізуші:Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық, асланбек
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би: «Қара жорға»

1 - жүргізуші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Келесі кезекте қазағымыздың салт дәстүрі Бастанғыға берейік.

Ән: Дастархан

2-Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Ән:

1-жүргізуші:Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кім қандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге алу, асық ойнау).

- Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап көрейікші.

1. 2 ойыншы ортаға шығып Мақал – мәтел айтып жарысады.Кім көп айтса сол женімпаз болады.

2 « Күш сынасу » ( білектесу ).

2-жүргізуші:

Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!

Би: Бипыл ай

Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)
Рахмет! Отырамыз!

1-жүргізуші

Болсын – деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы Салты солай Наурыздың... Ей, адамдар тым болмаса,Ұлы бол ұлыс күні, - деп келесі кезекті айтысқа береміз

Сыйлық

Күн мен  түн  теңелді:

Күнде ұзарам мен енді.

Гүлмен жерді жайнатып,

Гүлден, Наурыз, сен  енді.2 рет

Перизат

Ау,  жараңдар, келіңдер!

Той  қызығын көріңдер!

Наурыз айға  бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер! 2рет

Сыйлық

Жаса, Наурыз айымыз!

 Жаса, көктем тойымыз!

 Өссін өстіп ойымыз!

 Биіктесін бойымыз! 2рет

Перизат Жайнатамын гүл-гүлді, Сайратамын  бұлбұлды, Мерейлі жұрт  тойлансын, Мейрам етіп бұл күнді 2рет

Екеуі Күннің  жаңа нұры бар: Мұның ғажап сыры бар! Халық сүйген мейрам-бұл: Қарсы алайық, тұрыңдар! 2-жүргізуші:Наурыз мерекесіне арнап ауыл ақсақалдарынан бата сұрайық. 1-Жүргізуші: назерке Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылсын ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман - есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

2-Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ,



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1832
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі