жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағаты Нұрлы Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан
Тақырыбы: Нұрлы Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Нұр-Сұлтан қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ағартушылары жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.
Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар,ата-аналар! Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Мұғалім сөзі:
«Нұрлы Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.
-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 28 жыл!
Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік
жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған
адамның арманы мен тағдыры тәлкекке
түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге
сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан
өтіп келіп отыр. Сондықтан да,
тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы
теңдесіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің
тұғыры әрқашан биік болсын.
Қазақ
халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын
– қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан
өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға
халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
Рахмет
Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау
күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орны ерекше.
Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар
екенін көрсетті.
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда, Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.
Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетілді.
Жансая:
1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.
Мухаммед:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.
Ясмин:
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Ибрахим:
1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды.
Мадина:
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
Інжу:
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры.
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы,
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
Азиз:
-Егеменді
Қазақстан!
Ән ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз ,бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.
Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)
Біздің Отанымыз осы 28 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
* 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда Қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.
КОНСТИТУЦИЯ - мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент.
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2019 жылы, Конституциямызға 24 жыл толды. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.
1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты
Сергіту сәті:
Оқушылардың орындауында «Қара жорға» биі
Оқушылардың Тәуелсіздік күніне жаттаған өлең шумақтары.
Омар:
Тәуелсіздік –
тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік –
маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік –
сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік –
таймайтұғын тағым бұл.
Эмир:
Кұтты
болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты
болсын еліміздің керегесі.
Жүректе
намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері
жастардың сарқылмаган.
Махир:
Он
алтыншы желтоқсан ,
Тәуелсіздік
алған күн.
Мерекеге
ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мехмет:
Мерекеге
шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар
ұғады,
Тәуелсіздік - ұлық той.
Нұрасыл:
Аралаймын
алаңды,
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр
Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Хавва:
Он
алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік
алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Шырқатып
ән салған күн.
Самира:
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз
күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың
біз батырымыз сенсеңіз!
Исрафил:
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі
жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған,
Аға,
әпкелеріміз.
Арай:
Бабамның
да арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ
береді баршаға.
Көк туымды қолыма,
Бүгін
берік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма,
Менің
Қазақстаным!
1998 жылы 6 мамырда ҚР Президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы, Астана қаласы болып аталынды.
2019 жылы 20 наурызда ҚР жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.Қазіргі кезде ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды.(Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Нұр-Сұлтан қаласының суреттері көрсетіледі )
Қазақстанда 16 миллионнан аса халық тұрса, оның 130 әр- түрлі ұлт өкілдері. Әр халықтың тілі мен салт- дәстүрлері бар.Ал мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Қазақстанның табиғаты тамаша ,байлығы мол, жері көз жеткісіз ұлан- ғайыр.Біздің мемлекетімізде табиғатты қорғау үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Отанды сүю- табиғатқа қамқорлықпен қарау, туған жерді бағалап сақтау.
Патриот болу үшін қандай жақсы қасиеттерді игеруіміз керек ? батыл, ержүрек, адал, шыншыл,
Ең бастысы- біз Қазақстан деген ортақ үйімізде Әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Ендеше осы Тәуелсіздік мерекесіне арналған ән-жырымызды шашу етейік.
Қорытынды: -
Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың
келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап,
бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың
«Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен
қортындылағым келеді:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген