15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ойлан, тексер, жаз!"
Тақырыбы: «Ойлан, тексер, жаз!» сайысы.
Мақсаты: Балаларды қай пәнге бейім екендігін айқындау.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыра түсуге дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: парта, слайд, шарлар, әріпті жәшіктер т. б.
Пән аралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, дене шынықтыру.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
Жүргізуші:
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.
Қымбатты оқушылар, бүгінгі «Ойлан, тексер, жаз!» атты танымдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Мен бүгін өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, өз бетінше жұмыс жасай алатын, еркін сөйлей алатынын көрсеткісі келіп отырған 1 «А» және 2 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырғым келіп отыр.
Олар: І топ «»
Сәлемдесуі:
ІІ топ «Білгіштер»
Сәлемдесу: Күш білімде!
Жүргізуші: Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушы ханым оқу ісінің меңгерушісі Шериева Дина Балғабайқызы. Бүгінгі сайыс 5 айналымнан тұрады. Айналымның барлығын сайыс барысында түсіндіріп отырамын. Әр айналым бойынша әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда, 2-ші топ жауап беріп ұпай санын өз қоржындарына сала алады.
Олай болса, 1-ші айналымның тапсырмасы.
1 айналымның тапсырмасы ширату мақсатында берілген. Олай болса партаның үстіне назар аударайық. Шашылған әріптерден сөз құрау.
а) ПЕТ
ЕМК
Сөзді сипаттап суреттеу. (Мұнда балалар көп болады, көп нәрсеге үйренеді, достарымен кездеседі.)
(мектеп)
ә) ІІ топ.
АЛН
ЕП
(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсаң керегіңді табасың, ол өте қажет оқушыға)
(пенал)
Жүргізуші: Әділ қазы алқалары, әр дұрыс жауапқа максималды 5 ұпаймен бағалайсыздар. Олай болса, екінші айналамды бастасақ.
2
айналым.
Екінші айналымда әр топқа математика
пәні бойынша логикалық сұрақтар
беріледі.
І топ.
* Аулада қаздар жайылып жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар? Жауабы: 3 қаз
* Әтештің салмағы 4 кг. Егер әтеш аяғын көтеріп тұрса, оның салмағы нешеге тең? (4 кг)
* 3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)
* Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма? (екі жайғдайда да бірдей толады)
ІІ топ
*Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр?
Жауабы: 4 құс отыр
* Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кессе, неше бұрыш қалады ? (5)
* Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12 құс. Тордан ұшып кете алмайды)
* 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)
3 айналымға келіп жеттік. Бұл айналымда тапсырмалар қазақ тілі пәнінен беріледі.
І топ.
Берілген сөздердің кем әріптерін тауып, ұяшыққа рет-ретімен орналастыра отырып, құпия сөзді табыңдар.
Әрбір қатарда адамның дене мүшелеріне қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған. Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастырыңдар. Әрбір қатардан артылған бір әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып, жасырылған дене мүшесінің атын іздеп табыңдар.
ІІ топ.
Берілген сөздердің кем әріптерін тауып, ұяшыққа рет-ретімен орналастыра отырып, құпия сөзді табыңдар.
Әрбір қатарда жеміс-жидектерге қатысты сөздер аралас әріптермен жазылған. Осы сөздерді тауып, ұяшыққа дұрыс орналастырыңдар. Әрбір қатардан артылған бір әріпті қасындағы ұяшыққа толтырып, жасырылған жеміс-жидектің атын іздеп табыңдар.
*Топтардың жинаған ұпай сандарын анықтау.
Жүргізуші: Кезек 4 айналымда. Топтар дайын болса, бастайық! Бұл айналымда топтар берілген суреттердің бір-бірінен айырмашылығын табуы тиіс.
Жүргізуші: Келесі 5 айналымды бастаймыз. Бұл айналымдағы тапсырмалар әдебиеттік оқу пәнімен байланысты.
1. Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ. (құрт)
2. Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты. (тұз)
3. Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң? (бал)
4. Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (пияз)
5. Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ. (жұмыртқа)
6. Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады. (жұмыртқа)
7. Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ. (қант)
8. Судан алады,
Суға салса өледі. (тұз)
9. Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім. (қауын)
10. Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
- Ұпай сандарын анықтау. Жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау
«Көк ту» әнімен аяқтау.
Петерфельд орта мектебі
«Ойлан, тексер, жаз!» сайысы
Дайындаған: Молдағожина Р.Д.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген