Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Өмірге келдім"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Өмірге келдім.

Сабақтың мақсаты: 1.Балаларға өздері өмірге келген күннен бастапқы ата-ананың қамқорлығы және олардың әрбір қуанышы жайлы түсінік беру.

2.Балалардың сұраққа толық жауап беруін,сөздік қорын, дамыту,

3.Балаларды үлкенді құрметтеуге ,кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: электронды тақта,салт-дәстүр туралы суреттер.

Әдіс-тәсіл:Түсіндіру, сұрақ жауап,әңгімелеу, үлестірмелі құралмен әліппе дәптермен жумыс.

Сабақтың мақсаты: I.Ұйымдастыру бөлімі

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Тәрбиелі баламыз

Амандасып аламыз

Сәлеметсізбе апайлар!

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыстың кай айы?

Ақпанның нешесі?

Аптаның кай күні?

Қазір бізде кай сабақ?

Өткен сабақты кайталау.

II. Негізгі бөлім

Сөйлеуді дамыту сабағындағы жаңа тақырыбымыз: «Өмірге келдім» деп аталады.Яғни сендердің өмірге келген күннен бастап әңгімелейтін боламыз.

Кімнің үйінде кішкентай бөпелері бар?(балалардан сұрау).

Біздің апа әжелеріміз кішкентай бөпелерімізді үйге келген күннен бастап қонақ шақырып той жасайды ол тойды шілдехана деп аталады. Онда баланы бесікке салады, ауылдын үлкен қадірлі құрметті әжелерімізге салдырады. Енді бала бір жасқа толғанда тұсау кесу тойын жасайды.Мұнда да ауылдың ақылды,білімді ақсақалын алып келіп оған баланың шашын алдырып, тұсауын кестіреді.Ол тұсауды ала жіппен, көк шөппен, малдың тоқ ішегімен кеседі.(жеке-жеке түсінік беру).

Келесі дәстүр жетіге толған балаларға мектепке барған, сүндет , атқа міну тойлар жасалады. Атқа мінгізу ұл балаларда болады. Ауылдың ең үлкен ақылды ақсақалды қарияға берілетін жоралғы болып табылады. Мұндағы мақсат енді менің балам үлкен ел қорғайтын азамат болады деген қуанышы. болып саналады.

Міне балалар біздің ата-анамыздың балаға деген қуаныш тойлары біткен емес.Олар ер жеткенше әліде көп деген тойлары бар.Қалған тойларды келесі сабақтарда жалғастырамыз.

Сергіту жаттығуы

III.Балалармен топтық жұмыс.

I.топ Достық. Бесікке салу дәстүрін көрсетеді.

II.топ Бірлік. Тұсау кесу туралы.

III.топ Татулық. Атқа мінгізу туралы.

4. Дәптермен жұмыс.

Мында суретте көрсетілгендерді қараңдаршы осындағы суреттерді жай қарандашпен сәйкестендіре қосыңдар.Кішкентай бөпеге не керек? Жаңа жүріп жүрген сәбиге не керек? Ал мына балаға не керек? Қане ойлана отырып қосамыз.

Сергіту жаттығуы.

5. Сабақты қортындылау.

Біз қандай сабақ өттік?

Онда не үйрендік?

Тағы не жасадық?

Онда мына жұмбақты шешіп көрейікші.

Сендерге сабақ ұнадыма?

Несімен ұнады?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12