400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Өнеге-отбасынан басталады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отбасы туралы кеңінен түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: « Өнеге отбасынан басталады»

Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі басының ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен»,«Ата – бәйтерек, бала — жапырағы», карточкалар, слайдтарды қолдану.

 Түрі:  викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу.

 І. Таныстыру.

11. Викториналық сұрақтар

III. «Бақытты отбасы» суреті.

IV.Тығырықтан шығу

V.«Сөз тапқанға-қолқа жоқ».

Кіріспе сөз

Қане қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Тұрып болсақ шеңберге.

Алақанды ұрайық.

Бірге алақанымыз арқылы мейірімділік,сүйіспеншілік нұрын бойымызға сіңіреміз.

Ал біз қандай әріпке ұқсаймыз сол әріп туралы бір-бір сөзден атаңыздар.

Алдарыңызда түстер бар қалағандарыңызды алыңыздар.

Ақ- алдына мақсат қоя білетін және мақсатқа жете білетін адам.

Қызыл- энергия,күш қуат мол,ізденуге құштар адам.

Сары-көңілді,ашық жан-жағына шуақ шашып түратын адам.

Жасыл-өзіне сенімді,тиянақты,бастаған істің соңына жетпей қоймайтын адам.

Күлгін-шығармашылық,ізденімпаз.

Көгілдір-тыныштық,үйлесімді іс әрекет жасайтын адам.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана алдында нәзік те қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық
.

Видео. «Біздің жанұя» (1 серия асыл арна осы көріністі көріп шығайық).

І бөлім.  Таныстыру.

1 топ  «Достық»

2 топ «Бірлік »  

 ІІ бөлім.

«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топқа

  1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)

  2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?«қазы—қарта, жал—жая,бесбармақ,

     қымыз, шұбат.»

  1. «Қаракемпір», «Қарашал»«Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші—сазгерА.Қоразбаев).

4.Ұлттық киімдер қалай аталады?  ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешект.б)

5.Беташар қашан айтылады?  ( келін түскенде)

6.Қазақ халқының салт—дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесіктой, тұсаукесу, құдатүсу, келінтүсіру, қызұзату. т.б.

7Әкеден балаға берілетін зат( мұра)

  1. Үйдегі алтын адам кім?( ана)

  2. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекермалшашпақ)

ІІ топ

1.Тәрбиемен білімнің ордасы( мектеп)

2.18жасқа толмаған адам( бала)

3.«Өзін—өзітану»бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

4.Екі адамның бір—біріне деген адалдығы ( достық)

5.Жеті атаңды ата.

6.Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым)

7.Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

8.Үш қуаныш( алғысалу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

9.Мемлекеттік рәміздерді ата  ( елтаңба, ту, гимн)

ІІІ бөлім .

«Бақытты отбасы » суретін  салу және қорғау.

ІV бөлім

 «Тығырықтан шығу»

Жағдаяттық сауалдар беру.

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Ұзақ тоқсан,досың сабақ оқуын азайтып, сабақ үлгерімі төмендеп кетті, ал сен не істейсің?

  3. Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көребілмейді.сен не істейсің?

  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  5. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

  V бөлім

 «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

  1. Ананың көңілі балада, …………………….. (баланың көңілі далада)

  2. Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқандасоныілерсің)

  3. Ананың сүті – бал, …………………………..( баланың тілі – бал)

  4. Туған үйдің түтіні жылы, ………………………( туған ананың күтімі жылы)

  5. Анаңа ауыр сөз айтпа, ………………………….( артыңаауыржүкартпа)

  6. Бала – бақшадағы гүлің, ———————-(оны тәрбиелеу үлкен ғылым)

  7. Құс балапаны үшін——————————(тұзаққа түседі,)

  8. Ана сүтін ақтамағанды —————————(ешкім жақтамайды).

  9. Әдепті бала ата-анасын мақтар ————- (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

 Қорытындылау:

Отбасы –адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.Адамның өміріндегі ең қуанышты,қызық дәурені осы отбасында өтеді.Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің –ата-анаңды,туған туыстарыңды,жасы үлкендерді сыилап,құрмет тұту,жасы кішілерге қамқорлық жасау мектептегі сабағыңды жақсы оқып,білімді,мәдениетті,жан-жақты болып өсуге ұмтылу.Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың,атап айтқанда белгілі дәстүрлердің,жағымды өнегелер,мұралар мен салт-дәстүрлердің сақталуына өзіндік үлес қосу.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
1795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі