400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ораз Жандосов – ағартушы, ғылымды ұйымдастырушы және реформатор

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ораз Жандосов Қиқымұлының өмірбаяны, қызметі жайында толық мағлұмат бере отырып, олардың білімге деген құштарлығын ояту және сахналық шеберлігін шыңдау. Өз мектептері неліктен Ораз Жандосовтың есімімен байланысты екеніне тоқтала келіп, өз ойларымен бөлісу. Қоғам қайраткерін үлгі тұтатын , Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ораз Жандосов – ағартушы, ғы­лымды ұйымдастырушы және реформатор

Күні: 18.02.2016ж

Сынып: 9 а,ә

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ораз Жандосов Қиқымұлының өмірбаяны, қызметі жайында толық мағлұмат бере отырып, олардың білімге деген құштарлығын ояту және сахналық шеберлігін шыңдау. Қоғам қайраткерін үлгі тұтатын , Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.


Барысы:

1 – жүргізуші :

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9 а,ә сыныптары ұйымдастырып отырған «Ораз Жандосов – ағартушы, ғы­лымды ұйымдастырушы және реформатор» атты кешімізге қош келдіңіздер! Саналы өмірін қазақ халқының сақталуы мен дамуы жолында сарп еткен Алаш ардагерлерінің қатарында Ораз Қиқымұлы Жандосовтың алатын орны ерекше. Ол қоғам және мемлекет қайраткері ретінде өзінің артында үлкен рухани мұра қалдырған бірегей тұлға. Биыл Ораз Қиқымұлының туғанына 117 жыл толады.

2 – жургізуші:

Кешіміз 3 бөлімнен тұрады:

  1. Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі;

  2. Ақындардың арнаулары;

  3. Музыкалық бағдарлама

1 – жүргізуші : Біздің республикамыз бірден қазіргідей бола қойған жоқ. Осы жерді сыртқы жаулардан қорғап қалу жолында ата - бабаларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлік пен шайқасты. Бұл жолда қазақ халқымыз миллиондаған перзенті құрбан болды. Қазақ халқының тарихы ата – бабаларымыздың бостандық жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы. Тарих беттеріне үңілейік.
2- жүргізуші:
 Қазақ халқының дүрбелеңге толы жолдарының бірі аты шулы «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған. 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойыстырып кетті. Қалың халық оңтүстікке қарай басты. Бірақ олар бұдан да асқан жауыздық нәубетінің 2 ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.
1-жүргізуші: Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой қайран елім.
2-жүргізуші: Зар мұңның әні барма сен айтпаған, тағдырдың зәрі барма сен ішпеген. Бізге де күз келді ғой, көктем шығар зілзала қуғын заман өткен шығар, күндіз түн шырылдаған құлын даусы құдайдың құлағына жеткен шығар.
1- жүргізуші: 1931жылы жаппай ашаршылық, 1937 - 1938жылдар жазықсыз жазалау.
2- жүргізуші: Қазақстан бойынша саяси қуғын - сүргінге ұшырағандар – 103мың адам, атылғандары – 25мың адам.
1- жүргізуші: Қазағыма көп азапты жазған ба?
Ел ішінде індет жала қанғанда
Шәкәрімнің сақалына жармасып,
Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға.
2- жүргізуші: Қырандар мен сұңқарлардан айрылдық,
Топшы, сыншы бар қанаттан
Қамалған соң топ бастайтын азамат
Жалтақтардың сөзін тыңдап қайрылдық.
1 – жүргізуші: 1929 - 1931жылдар
Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Үкілі Ыбырай.
2 – жүргізуші: 1937 - 1938жылдары
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, С. Қожанов
1 – жүргізуші: 1941 - 1945 жылдардың қаралы оқтары қаншама қыршынды өмірден қиып өтті. Ер жүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір кісідей аттанды, қаһармандықпен күресті, ерлікпен қаза тапты.

2– жүргізуші:

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары халқымыздың тарихқа, көне тарихи деректерге, тарихи тұлғаларға деген қызығушылығы арта түсуде. XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ тарихына терең із қалдырған көрнекті тарихи тұлғалардың бірі – Ораз Қиқымұлы Жандосов.

1 – жүргізуші:

Оның күрделі әрі тағылымды ғұмырымен танысып, оқып білу – ұлтымыздың өткен жолын өз-өзімізді жете тануымызға көмектеседі. Ол заман ықпалы мен коммунистік идеялогияны таңдаған,тіпті қиын-қыстау заманның өзінде ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруды шынайы көздеген.

2 – жүргізуші:

Елі үшін аянбай жан алысып, жан беріскен ұлт қайраткерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Олай болса келесі кезекті оқушыларға берсек. Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі жайлы


Еркебұлан:

Ораз Жандосов Қиқымұлы – жалынды ер, «ұлтым» деп өткен қайраткер. Нақты деректерге сүйенсек, ол 1899 жылы 20 ақпанда Қаскелең қаласы, қазіргі Жандосов ауылында дүниеге келген. Ораз Жандосов 1908 жылы күзде 8 жаста Верный ерлер гимназиясының дайындық бөліміне түседі. Ол бар ынтасын гимназияда сабақ оқуға арнайды, талантты, дарынды болған.

Ұлпан:

Ораз гимназияда оқып жүріп Тоқаш Бокинмен, Мұхамеджан Тынышбаевпен , Михаил Фрунзе , Жұбаныш Бәрібаевтармен танысады және революция ісіне араласады. Бала Ораз гимназиядағы әскери тәрбие мен пән негіздерін үйренудегі үлкен жетістігі үшін 1916 жылы Петербургтегі патша Романовтар әулетінің тойына қатысады. Салтанатты шеруден кейін екі күн Петербургте болған жетісулық гимназистермен бірге Ораз да қаланы саяхаттап, көптеген тамаша жерлерін көрген. Эрмитажда болып, көптеген ұлы мұраларды көрген гимназист Ораз көптің ішіндегі жалғыз қазақ баласы болған екен. Тіпті гимназияда оқып жүріп-ақ 1916 жылдың жазында Үшқоңыр-Жайылмыс көтерілісшілерінің басшысы Бекболат Әшекеевке Тоқаш Бокиннің құпия тапсырмасын жеткізіп, Бекболат батырмен ауызба-ауыз сөйлесіп отырған. Сондай-ақ 1916 жылы 9 қыркүйегінде патша сотының кесімімен дарға асылған, Бекболат Әшекеевтің ерлігіне тәнті болады. Ораз Жандосов гимназияны патша өкіметі құлағаннан кейін,1918 жылы 2 сәуірде революция кезінде бітіреді де, революциялық істерге белсенді араласады.1918 жылдың аяқ кезінде Жетісу Облыстық Ұлттар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы болып тағайындалады. Ауыл мәдениетін көтеруге, қазақ ауылдарыңда «Қосшы» ұйымын құрып, шаруашылықтарын жолға қоюға көмектеседі.

Диас:

Ол әдебиетті өркендетіп, баспасөзді жандандыруға атсалысады. «Садақ» сатиралық журнал қызметкерлерімен байланыса отырып ,1917 жылдың өзінде-ақ буржуазияның көсемдерін , молдаларды әшкерелейтін түрлі мазақ суреттер салып жариялап отырған. Осылайша ол суретшілік дарынымен де ерекшеленген. (2009 ж. «Жетісу» газеті Баймолда Мусиннің «Халық перзенті мақаласы») 1919-1920 жылдары Ораз Жандосов Түркістан коммунистік партиясында мұсылмандардың облыстық бюросының төрағасы болады.

Арман:

1920-1922 жылдары Жетісу облысының соғыс – революциялық комитетінің төрағасы қызметін атқарып, жер-су реформасын жүргізуге белсене қатысады, отаршылдардың қолында болып келген жерлерді,елдің бәріне әсіресе кедейлерге теңдей бөліп беріп, қазақ ауылдарын кеңестендіру,әрбір ауылда өзінің мектебі,шағын емханасы ,қызыл отауы болуы қажеттілігін насихаттайды сол үшін аянбай қызмет етеді.Қазақ халқы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып, жерді өңдеп, үй салып отырықшылану керек деген пікірді анық айтқан.Ол ел аралап кімнің бай, кімнің кедей екенін зерттеп білген. Бұл жылдарында Ораз Жандосов қазақ ұлтының болашағын социалистік жаңару жолынан іздеген қазақ коммунистері Т.Рысқұлов, С.Сейфулин, С.Қожанов, С.Садуақасов, С. Меңдешовтермен бірге өткізген екен.

Айдана:

Ораз Жандосов 1917 жылдың соңында «Көмек» кейіннен «Ұшқын» атты (қазіргі « Жетісу») газетін шығаруға бастама көтеріп, « Көмек» газеті редакторының міндетін қоса атқарады. 1924 жылдың сәуір айында Ораз Жандосов Қазақстан өлкелік партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді. 1927 жылдың желтоқсанында Қазақстан халық ағарту комиссариатының басшылығына ауыстырылады. 1931 жылы Қазақстан халық концтовар кеңесіне хат жазып, Қазақстанда республикалық мемлекеттік кітапхананың, қазіргі Ұлттық кітапхананың ашылуына мұрындық болған. Сондай-ақ осы кітапхананың алғашқы директоры болған. Кітапханаға өзі басшылық еткен жылдары жер-жерден түрлі кітаптарды, сирек кездесетін құнды деректерді жинақтап, кітапханадағы кітаптың алғашқы қорын 64 000-ға жеткізген.

Балауса:

Ораз Жандосов Қиқымұлының есімі мен ұлт тарихындағы атқарған істеріне үлкен құрметпен қарап, мақтанышпен еске аламыз. Әсіресе, 1930-1933 жылдардағы қазақ халқының басына төнген аштықпен күреседі. Жүсіпбек Арыстановтың жазуынша, Балқаш ауданында 1930 жылы аштықтан қырылған халық көтеріліске шыққанда екеуі елмен кездесіп,түсінік жұмысын жүргізу үшін сол ауданға барады. 1932-1933 жылдың қысында Сарысу өзені бойындағы ел аштықтан қырылғанда Ораз Қиқымұлы оларды көшіріп, Жамбыл облысындағы Байқадам ауылына жеткізуді ұйымдастырып, ажалдан арашалайды. Осы сапарда Ораз Жандосов Қиқымұлы қыстыгүні ақ қар,көк мұзда ат үстінде 1500 шақырым жол жүрген екен.Айта берсе,революционер,қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың халқына еткен қызметі өте көп .

Арнұр:

Ол 1933-1934 жылдары Кеген ауданына аупарткомның 1- хатшысы қызметіне жіберіліп, сонда қызмет еткен.1916жылғы көтеріліс құрметіне Кеген аумағындағы Ереуілтөбе ескерткішін орнату Ораздың ұйымдастыруымен іске асқан . Кеген аумағындағы қызметінде де жергілікті адамдармен жақсы тіл табысып жұмыс істеген ол бір жылдың ішінде ауданның экономикалық-әлеуметтік жағдайын едәуір жақсарта алады.

Дидар:

1935 жылы ол Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалып, қайтадан Алматыға оралады. Ораз Жандосов осы қызметін де ойдағыдай атқарып, «Семиречи» деген атауды Жетісуға, қаланың «Верный» атын ежелгі тарихи есімі Алматыға ауыстырылуы Ораз Жандосовтың қолымен атқарылғандығы туралы жазушы Д.Снегиннің жазбаларында айтылған екен. Ораз Жандосов қызмет еткен жылдарында әсіресе Алматы облысының да, бүкіл елдің де экономикасы мен мәдениетінің көтерілуіне, халықтың тұрмысының жақсаруына үлкен еңбек сіңірген Қазақ халқының бақыты жолындағы күрескер О.Жандосов сол кездегі өкімет басшыларына нақты-нақты ұсыныстар қояды. Әсіресе, жер, оқу, білім, бостандық мәселелері.


Гүлден:

Бұл кезде Ленин қайтыс болып,барлық билік өзіне тиген соң Сталин 1925 жылдың қыркүйегінде Қазақстан басшылығына белгілі төңкерісшіл Ф.Голощекинді жібереді. Желтоқсан айында Қазақстан өлкелік партия конференциясы өтеді, сол конференцияда О.Жандосов баяндама жасап, қазақ елінің мұң-мұқтажын айтады. Осыдан кейін-ақ ол қудалана бастайды. Ораз Жандосовқа тағылған айып: « Кеңес өкіметін құлатып , буржуазиялық өкімет орнату мақсатындағы ұлтшыл, контрреволюциялық ұйымның мүшесі» , Жапон шпионы т.б . Оның қашан, қай күні, қай жерде мерт болғанын анықтау Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң ғана мүмкін болған екен. Ол жаламен Қазақстанда алғаш тұтқындалған және алғаш атылғандардың бірі болғаны анықталған.

Жанерке:

1938 жылдың 3 наурызында Алматыдағы НКВД түрмесінің жер асты қабатында атылып, Іле ауданындағы Жаналық ауылының жанындағы терең жыраға көмілгендігі Ерғали Ахметтің Ораз Жандосов туралы жазған еңбегінде айтылған. ( Е. Ахмет, « Мұқағали» журналы, № 11 ( 47) қараша 2009ж. ) Қалай болғанда да Ораз Жандосов – туған халқын жақсылыққа бастау жолында жан аямай арпалысып , елім деп өткен ер екені даусыз. Даңқты да атақты тарихи тұлғаға жазықсыз жабылған жаламен сотталған үкімі күшін жойып, 1956 ( кей деректерде 1957) жылы толық ақталған. Ақиқатында Ораз Жандосов бейнесі бұл өмірде біз үшін жарық жұлдыз болып жанып тұрады. 


2 – бөлім:

Ақындардың арнаулары;

1-оқушы:

Жандосовпен амандасу

2-оқушы:

Қайран Ораз

3-оқушы:

Оразжан

4-оқушы:

Оразға

5-оқушы:

Ораз туралы ой

6-оқушы:

Ораз Жандосов ескерткішінің алдында

7-оқушы:

Ораз Жандосов аға туралы жыр

8-оқушы:

Ораз Жандосов

9-оқушы:

Жалындаған күрескер

3 – бөлім:

Музыкалық бағдарлама

Ән: «Алға Қазақстан»

Көрініс: Ой – хой, дүние серуен!

Ән: «Туған жер»

Ән: «Қазақ елі осындай»

Көрініс: Қаракемер – Ораздың соңғы жұмыс істеген және ұсталған жері (1937 жыл)

Ән: «Абылай»

Күй:


Көрермендерге сұрақ:

1. Ораз Жандосовтың өмір сүрген жылдары (1899-1938жж)

2. Ораз Жандосовтың дүниеге келген жері (Қаскелең қаласы, қазіргі Жандосов ауылында)

3. Ол қай жылы , қанша жасында Верный ерлер гимназиясының дайындық бөліміне түседі? (1908 жылы күзде 8 жаста)

4. Қазақ ауылдарында қандай ұйымды құрып, шаруашылықтарын жолға қоюға көмектеседі?

(Қосшы)

5. Қандай газеттерде қызмет атқарды? (Көмек, Ұшқын )

6. Қанша жыл өмір сүрді? (39 жыл)

7. Қай жылы толық ақталды? (1956 кей деректерде 1957 жылы)


Қорытынды:

1993 жылы елімізде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Соған сәйкес прокуратура органдары заңсыз қуғындалған 340 мыңнан астам адамды ақтады.

Елбасының 1997 жылдың 5 сәуіріндегі Жарлығымен жыл сайын мамыр айының аяғында еліміз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алады. Иә өткен күнде белгі бар. Сананы сансыратып, қолдан қасақана жасалған мұндай нәубет арада қанша жылдар өтсе де ұмытылмақ емес. Мұны әсіресе, өскелең ұрпақ білуі тиіс. Осымен кешіміз аяқталды.






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі