400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Өркениетке ұмтылған өскелең ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өркениетке ұмтылған өскелең ұрпақ


Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт–дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

2.Ата-аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата-аналармен кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу.

3.Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру, Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру, халқымыздың тәлім-тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру.

Міндеті: Ата-анаға бала тәрбиесінде олардың алатын орны мен баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Кіріспе

3.Негізгі бөлім

а) топпен жұмыс

ә) көрініс

б) ой қозғау

в) бейнеролик

г) тығырықтан шығу

4. Қорытынды

Жүректен жүрекке

Амандасу

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Әнұран

Кіріспе сөз

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші, әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата-ана мен тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту. «Сезімді тәрбиелеу», яғни баланы қоғамдыұ мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету. Әр ата-ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, салт-дәстүрін, ана тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата-аналық міндет деп түсіну керек.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Өркениетке ұмтылған өскелең ұрпақ» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше болмақ.

2-жүргізуші: Осынау іс-шараға келіпсіздер жиылып,

Сәлем бердік сіздерге біз де, міне, иіліп,

Қызың өсіп келеді ата-ананың үміті,

Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті,- дей отырып баланың басты

ұстазы – ата-ана екенін айта кеткен жөн. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ата-ана – отбасының тірегі», «бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады» деген сияқты нақыл сөздер жетерлік.

1-жүргізуші: «Отан отбасынан басталады». Біз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге, тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан-жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта – отбасы. Отбасы – шағын мемлекет.

2-жүргізуші: Адамзатқа өмірде ең жақын, ең қымбат нәрсе – отбасы. Онда өзара түсіністік, мейірімділік, татулық, сыйластық, сенім, қамқорлық, бауырмалдық, кешірімділік, сүйіспеншілік болғанда ғана бірлік болады. Осындай отбасында тәрбиеленген ұрпақ өзгелерге , Отанға шынайы махаббат сыйлай алады.

Негізгі бөлім: топпен жұмыс.

  1. Мейірім(ата-ана). «Отбасы – тәрбие бастауы»

  2. Қаһарман (ұлдар). «Ұл-әке мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы»

  3. Кәусар (қыздар). «Қыз тәрбиесі – ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай, ендігі кезекте әнге құлақ түрсек.

1-жүргізуші: Ақыл, білім жастарда,

Сөз берейік жастарға

Тыңдайық жастар өнерін.


Көрініс: Бақыт, байлық, сүйіспеншілік


2-жүргізуші: Би билейді біздің қыздар тамаша

Әуезді әнмен құлпырып бір жараса,

Шөл басқан сезімді де идіреді,

Билесе мың бұралып қыздарымыз

Жер тербеліп, аспанда күн күледі.

(Би)

2-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен бұл аналар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

Ата-аналарға «Қызықты сұрақтар»:

  1. Балаңыздың туылған күні?

  2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

  3. Балаңыздың аяғының өлшемі?

  4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  5. Балаңыздың парталасын білесіз бе?

  6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

  8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер қолданасыз?

  9. Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

  10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

1-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Жұмбақтың жауабын тауып, оның шешуіне мақал құрайсыздар.

1-кезең

  1. Бір үйге көзсіз болып кіресің,

Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп)

(Мектеп – кеме, білім – теңіз)

  1. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су)

(Су ішкен құдығыңа түкірме)

  1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

Қыста жер бетін басады

Жазда сайға қашады. (қар)

(Қалауын тапсаң қар жауар)

  1. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

(Қоянды қамыс, батырды намыс өлтіреді)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ таппайсың. (тұз)

(Досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам)

  1. Қаз да емес, үйрек те емес, дастарханда болмайды,

Бірақ барлық адам дәм татқан. (ана сүті)

(Ана сүтін ақтамағанды,ешкім де жақтамайды)

2-кезең. Сурет арқылы мақалды тап.

  1. Оқу инемен құдық қазғандай

  2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

  3. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса ауыздағы кетеді.

  1. Сөз атасы – құлақ,

Жол атасы – тұяқ,

Су атасы – бұлақ.

  1. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

  2. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.

  3. Ер қаруы – бес қару.

2-жүргізуші: Келесі кезең «Тығырықтан шығу»

1-жағдаят

Раушан сыныптастарынан кітап жетіспегендіктен, математика кітабын сұрап алды. Оны сіңілісі жоғары қойған жерінен алып, жыртып тастады. Енді Раушан сыныптастарына не деп жауап қайтарады? Оны досы кешіре ма?

2-жағдаят

Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім. Апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы. Сіздердің ой-пікірлеріңіз?

3-жағдаят

Үйде бәрің теледидар көріп отырсыңдар. Болып жатқан бағдарлама саған ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны көргің келеді. Сенің әрекетің?

4-жағдаят

Ата-ананы қуанту үшін сендер не істей алар едіңдер?

5-жағдаят

Сіздің балаңыз сырт көзге жақсы, оқуы да жаман емес. Бір күні сынып жетекшісінен балаңыздың екі күн бойы сабаққа келмегенін естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

6-жағдаят

Ұлыңыз немес қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздің келесі әрекетіңіз қандай болмақ?

7-жағдаят

Анаң жұмыстан шаршап келе жатыр. Үй жиналмаған, ыдыстар жуылмаған күйі тұр. Анаңның келуіне 10 минут уақыт қалды. Сенің әрекетің?

8-жағдаят

Балаңыздың көңіл-күйі жоқ. Үнемі ұйқысы шала. Байқасаңыз ол үнемі ғаламторда отырады. Не істейсіз?

1-жүргізуші: Келесі кезең «Жүректен жүрекке» деп аталады.

Жүрекшеге тілек жазып, ата-аналар балаларына, балалар ата-аналарына, ұстаздарына береді. « Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім...» деген ойды жалғастыруы керек.

Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық «Отбасында берілге тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер», - деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес ең алдымен, адамшылығының белгісі. Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп Құдайға жалбарынған ата-аналарымыз аман-есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан,

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...

Адамның бауыр еті, жүрегі – бала. Сондықтан да осы жүректі аялай білейік.

«Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап, қыз өсер» деген мақал бар. Бұл жерде «әке» және «шеше» ұғымдары ұл мен қыз үшін идеал болып табылады. Осы идеалдарсыз, өмірінің алғашқы кезеңінде, өсіп келе жатқан ұрпақтың қалыптасуы, дамуы еш мүмкін емес. Ендеше осы идеалдың немесе Абай атамыз айтқандай «мінсіз адам» бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?









  1. Балаңыздың туылған күні

  2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні












  1. Балаңыздың аяғының өлшемі

  2. Балаңыздың сүйікті асы қандай













  1. Балаңыздың парталасын білесіз бе?

  2. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?










  1. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

  2. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер қолданасыз?












  1. Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

  2. Балаңыздың ең жақын досы кім?













  1. Балаңыздың сүйіп оқитын кітабы

  2. Балаңыздың сүйікті ұстазы












  1. Бір үйге көзсіз болып кіресің,

Бұл үйден көреген болып шығасың







  1. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.








  1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

Қыста жер бетін басады

Жазда сайға қашады.










  1. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.









  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ таппайсың.









  1. Қаз да емес, үйрек те емес, дастарханда болмайды,

Бірақ барлық адам дәм татқан.




  1. Оқу инемен құдық қазғандай





  1. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар






  1. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса ауыздағы кетеді.





  1. Сөз атасы – құлақ,

Жол атасы – тұяқ,

Су атасы – бұлақ.





  1. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.






  1. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.






  1. Ер қаруы – бес қару.




1-жағдаят

Раушан сыныптастарынан кітап жетіспегендіктен, математика кітабын сұрап алды. Оны сіңілісі жоғары қойған жерінен алып, жыртып тастады. Енді Раушан сыныптастарына не деп жауап қайтарады? Оны досы кешіре ма?








2-жағдаят

Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім. Апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы. Сіздердің ой-пікірлеріңіз?








3-жағдаят

Үйде бәрің теледидар көріп отырсыңдар. Болып жатқан бағдарлама саған ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны көргің келеді. Сенің әрекетің?







4-жағдаят

Ата-ананы қуанту үшін сендер не істей алар едіңдер?








5-жағдаят

Сіздің балаңыз сырт көзге жақсы, оқуы да жаман емес. Бір күні сынып жетекшісінен балаңыздың екі күн бойы сабаққа келмегенін естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?







6-жағдаят

Ұлыңыз немес қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздің келесі әрекетіңіз қандай болмақ?








7-жағдаят

Анаң жұмыстан шаршап келе жатыр. Үй жиналмаған, ыдыстар жуылмаған күйі тұр. Анаңның келуіне 10 минут уақыт қалды. Сенің әрекетің?








8-жағдаят

Балаңыздың көңіл-күйі жоқ. Үнемі ұйқысы шала. Байқасаңыз ол үнемі ғаламторда отырады. Не істейсіз?


























Shape1


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.02.2019
1288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі