15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ортақ біздің жеріміз"
1 –мамырға арналған тематикалық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»
1-мамыр-Қазақстан
халықтарының бірлігі күні
«Бүкіл
шер шарының балалары достықта»
Әдемі
әуен ойналады.
Тәрбиеші:
Құрметті балалар, әріптестер!
Сіздерді
1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік
бар жерде- тірлік бар» дейді дана
халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса
керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар
достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз
дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір
шаңырақ шаттық пен қуанышқа
кеңелсін.
Тәрбиеші: Біздің
Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілдері
тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар
бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді.
Осы достыққа арналған ән-жырларымызды
бастайық.
Тақпақтар:
Бірінші
май бүгін,
Мереке келді деп.
Көк аспан айдыны,
Ашылды мөлдіреп.
Май келді,май келді,
Бүгін мейрам алақай.
Көңілді әнді біз,
Шырқайық бәріміз.
Көктем келді май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Ән
«Әр қашан күн сөнбесін».
Тақпақтар:
Дос
болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын
ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас
асылмын
Бейбітшілік
ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән
қанатты қыраны
Еркіндігі
халқымның.
Достықты үлгі санаған,
Бір
үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік
асыл мұрамыз.
Біз
балдырған тең басқан!
Дос құшағын
кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық
болсын кең аспан!
Ойын: «Достық үйі»
Тақпақтар:
Дос
болайық бәріміз,
Жарасып тұр
әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын
күліп таңымыз!
Әрқашан дос
біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері
жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Болсын жер мен су да ортақ
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ән «Зеңгір көктен»
Тәрбиеші: Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!
№4 «ЖО ж ҚББМО» «Балбұлақ»шағын орталығы
1 –мамырға арналған тематикалық тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»
Ортаңғы топ
2018 жыл
№4 «ЖО ж ҚББМО» «Балбұлақ»шағын орталығы
9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Бейбіт күн жасасын әлемде...»
Ортаңғы топ
2018
жыл
Тақырыбы: «Бейбіт
күн жасасын әлемде…» 9 мамыр Жеңіс
күніне арналған тәрбие сағаты
Мақсаты:
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді жинақтау арқылы бейбіт өмірдің жарын болашағын балаларға ұғындыру. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғыс жылдарына қысқаша шолу.
9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.
Аз емес зар жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Алихан:
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.
Айсұлу:
Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Мақал –мәтелдер.
Балалар Отанға, ерлікке , туған жерге байланысты мақал- мәтелдер айтайықшы
1. Отан оттан да ыстық
2. Туған жердей жер болмас,
3. Туған елдей ел болмас.
4. Ер отан үшін туады, отан үшін өледі.
Үн
таспадан «День Победы» әнін тыңдау
Нұрасыл:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап,тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ…
Ақгүлім:
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.
Кәне балалар жұмбақ шешіп көреміз бе?
Белі бүкір, Алысқа түкір.
Ұшарын жел біледі, Қонарын сай біледі.
Құс емес аспанда ұшады,
Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сирым жалап тұр.
Айдалада ақ отау, Аузы мұрны жоқ отау.
Тәрбиеші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!
Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген