Материалдар / Тәрбие сағаты. Отбасы,. 7сынып

Тәрбие сағаты. Отбасы,. 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Менің бақытты отбасым

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың бос уақытын қашықтықтан тиімді пайдалана отырып, отбасындағы әке-ананың, баланың рөлін айқындау;

  • Ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу;

  • Өз отбасын құрметтеуді үйрету.

  • Өз отбасын, бауырларын сыйлай білетін жас ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

  • Оқушыларға ата-ана алдындағы міндеті мен жауапкершілігін арттыру;

  • Отбасы туралы ойларын толықтыру;

  • Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас пен татулықты, байланысты нығайту.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Отбасы туралы суреттер, видеороликтер.

Үйірме жетекшісі:

Құрметті оқушылар!

Бүгінгі тәрбие сабағымыз отбасы туралы болмақ. Отбасы- адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, ең бақытты шаттығы болып саналатын, балалардың өсіп, өмір сүретін орны.Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы. Тәуелсіз елдің ұлы өжет қызы қайратты, халқы қахарман. Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш түреуден тұратыны белгілі. Олар: әке,ана, бала. Осылардың бірлігі отбасының берекесі.

Ортада оқушылардың отбасы жайлы қашықтықтан дайындаған өлең шумақтары

Үйірме мүшесі:

Бақыт деген анаңның жымиған күлкісінде,

Бақыт деген әкеңнің қызым деген көңілінде

Шын шаттық ағаңның жылы құшағында

Әр адамның бақыты үйім деген жұмағында

Тағы да не бақыт деген

Біреу үшін ол ақша мансап екен

Тоқ қарын мен қалың қалтасында

Бақытын қысып ұстап жүреді екен.

Үйірме мүшесі:

Көк жасыл қағазыңның құны бар рас

Ал қағаз жылытар ма келгенде жас

Қуансаң қуана ма көгере ме

Шын бақыт қуанып өмір сүру

Өмірдің ақ қарасын танып білу

Шындығына келгенде міне бақыт

Ғұмыр кешу шаттықпен білмей уақыт.

Үйірме мүшелері дайындаған қашықтықтан отбасы туралы көрініс:





Ән. «Отбасым»

Үйірме жетекшісі:

Оқушылар жарайсыңдар,ал енді отбасы туралы видеороликті тамашалаймыз. Үйірме жетекшісі оқушыларға видеороликті көрсетіп,олардың не түсінгендігі туралы сұрайды.

Үйірме мүшесі:

Ата-ана және бауырларымыз ол біздің отбасымыз болып саналады. Ата-анамыз бізге тәлім- тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге өсіп, дамуымызға, адам болып қалыптасуымызға үлкен септігін беретін ең жақын адамдар.

Үйірме мүшесі:

Елін сүйгер сеніңіз,

Өз отбасын сүйе алған,- яғни отбасын құрметтеп, оларды қадірлей білсек, біздің әрбір жанұя отбасы бақытты болады. Біз болашақ ұрпақ болсақ, отбасы сол болашаққа тәрбие беруші шаңырақ.

Қорытындылау:

Осымен бүгінгі «Менің бақытты отбасым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыс. Отбасымыз берік, жастарымыз сау болып қазақтың бақытты отбасысы көбейе берсін. Бір шаңырақ басында тату да тәтті болып өмір сүрсін .

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Менің бақытты отбасым

Дайындаған:Тургамбекова Ж.Б.

«Флора мен Фауна» үйірмесі





2020-2021 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ