15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Отбасы - тәрбие ұясы" Аудандық семинар
Аймақтық семинар
Ата- аналар жиналысы.
Тақырыбы: Отбасы – тәрбиенің ұясы.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру.
Қолданылатын құрал-жабдық: проектор, ноутбук, интерактивті тақта, презентация.
Қорлар көзі: бейнероликтер, психологиялық тест, жағдаяттар, стикерлер, смайлдар.
Жұмыстың барысы:
Жоспары:
Амандасу.
Топқа бөлу.
Кіріспе
«Отбасылық тәрбие» постер құру.
Жағдаяттарды шешу.
Сіз қандайсыз? психологиялық тест.
Ой қозғау
Рефлексия.
Шеңберде тұрған ата-аналаргға фигураларды таңдату.
Алдымен бір- бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір -бірімізбен амандасып алайық.
Сұрақтардың түстеріне қарай топқа бөліну.
Cіз балаңызды білесіз бе?
Балаңыздың туған жылы мен күні?
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
Балаңыз 1- сыныпқа қай жылы барды?
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
Балаңыздың сүйікті пәні?
Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
Балаңыздың досы кім?
Балаңыз қандай мамандықтың иесі болғысы келеді?
Балаңыз нені армандайды?
Кіріспе:
Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.
«Жас көңіл тың жер тәрізді,
Не ексең сол шығады, әрі мол шығады»
деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы және де тәрбиенің ұясы.
Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасының бір-бірімен және баласымен қарым- қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды
қалыптастыруға болады.
Ой қозғау.
1-топ Баланың болашағына отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2-топ Үлгілі отбасы сіздің ойыңызша қандай?
Ойларыңызға рахмет. Енді отбасылық тәрбиеге байланысты шағын бейнеролик тамашалай отырып, өз ойларыңызды жинақтап, қағаз бетіне түсірсеңіздер.
«Отбасылық тәрбие» бейнеролик көру. Постер құрғызу.
Бейнероликтен алған әсеріңіз бен сіздің ойыңыз бір жерден шықты ма?
«Жағдаяттар». Алдымыздағы көкейкесті мәселені шешу үшін тәжірибе алмасу мақсатында ой бөлісудің маңызы өте зор болмақ. Сол үшін әр топ алдарыңызда берілген жағдаяттарды шешсеңіздер. Шешу барысында бұл мәселені рөлдік ойын, қойылым т.б. түрінде ұсынуларыңызға болады. Істеріңізге сәттілік тілейміз.
Жағдаяттар
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата- аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызға қандай тәрбие бересіз?
2.Сіз баланың жақсы оқуға қабілеті бар екенін білесіз, бірақ оның өз-өзін бағалау деңгейі өте төмен. Мысалы: «Менің қолымнан келмейді», «Мен сіздің ойыңыздан шықпауым мүмкін», «Ол маған қарағанда жақсы орындайды» т.б. осындай сөздерді айтқан жағдайда, сіздің іс-әрекетіңі
6. Сіз қандайсыз? Психологиялық тест
- Барлығымыз да бала тәрбиелеп отырған ата- анамыз. Кейде мен қандаймын деген ой бәрімізге келеді. Ендеше қазір Сіз қандайсыз? тақырыбындағы психологиялық тестті шешіп көрейік.
Мына сөздерге қатысты сурет салу.
Үй Жол
Ағаш Қап
Үй-барлық терезе, есіктері бар: бұл отбасында барлық жағдайы қалыптасқан.
Қап-ашық қап: ақкөңіл, мейірімді, жабық қап: ешкіммен ешнәрсесімен
бөліскісі келмейтін адам.
Ағаш-жапырақтары бар ағаш: қуанышты жарқын бейнелі адам.
Жол-қысқа жол: алдына қойған мақсатына жету жолында тез шаршайтын адам, ұзақ жол-мақсатқа жету жолында барлық кедергіге шыдайтын адам.
Тесттің нәтижесі қандай болса да сіз өз балаңыз үшін әрқашанда жақсы екеніңізді ұмытпаңыз.
7.Ой қозғау. Екі топқа да бір сұрақ:
- Бала жаман әдетті қайдан үйренеді?
Ата- аналар ойларымен бөліседі.
- Ендеше, роликті әрі қарай көрейік.
- Баланың тәрбиесінің негізгі ұясы – отбасы екендігіне осы роликтан кейін тағы бір көз жеткізуге болады. Көшеден бұрын жақсы да жаман қасиеттерді бала өз отбасынан алады. Сондықтан да өнегелі ұрпақ қалдырғыңыз келсе өзіңізді түзеңіз дегім келеді.
8. «Рефлексия». Балаңыздың бойынан қандай жақсы қасиет көргіңіз келеді? Стикерге жазып шарға жапсырсаңыз.
- Енді осы қасиеттерді балаңыздың айналасындағы достарынан көргіңіз келе ме? Егер көргіңіз келсе онда шарларыңызды көрші отырған ата- анаға ұсыныңыз.
- Балаларыңыз үнемі тек қана биіктен көрінсін. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген