Материалдар / Тәрбие сағаты "Өз құқығыңды білесің бе?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Өз құқығыңды білесің бе?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілер үшін пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2020
8457
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»

Сабақтың мақсаты:

- Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;

- Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру.

-Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру. Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: ойын, тренинг – сабағы.

Сабақтың барысы:

Топқа бөлу:

Оқушылар «Қызықты суреттер» әдісі арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ: «Ата Заң» тобы 2-топ: «Рәміздер» тобы

1. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)

1-топ:

1.Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?

2. Партада кіммен отырдың?

3. Білім туралы мақал айт.

2-топ:

1.1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?

2.Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

3. Еңбек туралы мақал-мәтел айт.

2. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)

а) Біздің мемлекет – ҚР.

ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.

в) Елорда – Астана.

г) ҚР кім басқарады? – Президент.

Мұғалім: Әлемде 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырымдама» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Тұжырымдама әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» /27 - бап/ - делінген.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Нью – Йоркте ЮНИСЕФ – тің атқарушы директоры Джеймс Грантпенг бірге «Балалар құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Әлемнің 156 – шы елі болып қол қойған бұл елеулі қадам жыл сайын 20 қарашада Республика балаларының өз құқықтарын қорғау мерекесі ретінде аталып өтіледі.

1-топ: 2-топ:

«Құқық» ұғымын ашу. «Рәміз» ұғымын ашу.

Қ-қоғам Р-рақымды

Ұ-ұқыптылық Ә-әділетті

Қ-қорғау М-мейірімді

Ы-ынтымақ І-ізгі

Қ-қызмет ету З-зайырлы

3. «Ертегілер еліне саяхат» ойыны

1-топ: 1.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата – анасынан айырылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер?

(Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды).

-Бала құқығы бұзылды ма?

2. «Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай деген кісі өмір сүрген, ол бір ұл, бір қызды болады. Осы жырда қызының аты Қобыландыға қарындас – деп көрсетеді, бұл арада балалардың қандай құқығы туралы айтуға болады?

(Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады).

-Құқық бұзылды ма?

2-топ: 1.«Тазша бала» ертегісін білесіңдер ғой, оқушылар! Хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен «Қырық өтірік» әңгімесінде «Қырық өтірік» өлең құрастырып халқын, ханын риза қылады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?

(Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін).

-Бала құқығы бұзылды ма?

2. «Ұр тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» алып қалған балаларды «Ұр тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл ретте қандай құқық туралы айтуға болады?

(Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол бермейді.).

Құқық бұзылды ма?

Сонымен біздің қандай құқығымыз бар екен?

- Баланың аман – сау өсіп, жетілуін қамтамасыз етілуі.

- Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды.

-Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады.

-Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін.

-Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол берілмейді.

Мұғалім: Сендер сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінен мысалдарын келтіріңдер.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

1. Заңдарға бағыну.

2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.

4. Қаржы, салықтарды төлеу.

5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.

6. Табиғатты және табиғи байлықтарды сақтау.

7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін орындау.

8. Орта мектеп білімін алу.

9. Қазақстан Республикасын қорғау.

4.«Сәйкестендіру» ойыны

1.Құқық а. Еліміздің негізгі заңы.

2.Конституция ә. Мемлекет басшысы

3.Президент б.Тәуелсіздік

4.Егемендік г. Заңдар жүйесі

Мұғалім: Міне, Құрметті оқушылар! Ата Заң сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы – олардың жеке басының дамуы, ақыл – ойы, таланты өсуі қажет деп көрсетеді.

Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,

Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.

Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,

Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!

Мұғалім: Балалар, бүгінгі бір сабақта алған білімдерің керекке жарайды ғой деп ойлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!