Материалдар / Тәрбие сағаты: «Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар»

Тәрбие сағаты: «Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауған ақиқатына, яғни, кешегі Ауған соғысының тарихына шолу жасап, білімгерлерге ата-бабаның тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау, соғыс жүрегіне өшпес жара салған сарбаздарға құрмет көрсету, олардың елжандылығы, ержүректілігі, әскери азамттығынан өнеге алуға тәрбиелеу мақсатында жазылған.
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты: «Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың, Ауғандағы азап шеккен арыстар»

Мақсаты: Ауған ақиқатына, яғни, кешегі Ауған соғысының тарихына шолу жасап, білімгерлерге ата-бабаның тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау, соғыс жүрегіне өшпес жара салған сарбаздарға құрмет көрсету, олардың елжандылығы, ержүректілігі, әскери азамттығынан өнеге алуға тәрбиелеу.

Барысы:

1 – жүргізуші: - 15 ақпан – ерлік пен елдіктің, батырлық пен батылдықтың, өр-рухты, жауынгер жүректі ерлердің күні. Отан алдындағы борышын Ауған жерінде адал атқарған сарбаздардың күні.

2 – жүргізуші: – Бұл күн жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналардың баласын, батырлардың бақи болған қаһарман бауырларын қатардан іздеген күн. Интернационализм деген саяси науқанның құрбанына айналып, күл талқан болған тағдырлардың шешілген күні.

1 – жүргізуші: - Бауыржан Момышұлынан «Батырлық – тәуекел мен ақылдың есебінен шығуы тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды», деген тәмсіл қалған. Осы орайда, тәуекелге бел буып, 10 жылға созылған Ауған соғысында қан төккен батыр ағалардың ерен ерлігі қашанда мақтан етуге лайықты.

2 – жүргізуші: - Ауған жерінде интернационалдық борышын атқарған Кеңес әскері әділетсіз соғыстың құрбаны болды. Не бәрі 18 бен 20 жас арасындағы өрімдей жастар өзге елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз.

(Үнсіз еске алу сәті)

1 – жүргізуші: - 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, А. А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

2 – жүргізуші: - Әуелі Ауған соғысының тарихына аз-кем тоқтала кетсек. Шынында бұл соғыстың көздеген мүддесі не еді? Он жыл бойы қан төгілгенде түпкі мақсатына жетті ме? Әрине, жоқ. Өйткені, бұл – бір елдің ішкі саясатына басқа елдің араласуынан туындаған майдан. Асыл ерлерді құрбан еткен – олардың интернационалдық борышы дедік. Ал, ақиқатында тарих бедерінде саяси ойын мен бейтарап мүдделердің құрбандары ретінде есте қалды.
1 - жүргізуші: 10 жылға созылған кескілескен соғысқа Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Видео көрсету. https://youtu.be/R15g-yCkP_Q
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!
1 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.

1 - жүргізуші:
Сіздердің назарларыңызға 9-10 - сынып оқушылар өлең оқып береді. (Әскери киімде жоғары сынып оқушылар шығады.)
1- оқушы:

Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.
2- оқушы:
Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!

3 - оқушы:
Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
4 - оқушы:

Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді
5 - оқушы:
Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

6 - оқушы: «Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.)  

Бауырым, бұл хатымды аласың ба?

Ауғанның тауларының арасында,

Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

Жатырмыз ессіз -түссіз жар астында.

  Қоршаудамыз, барады айдан асып,

  Анталаған жаулармен тайталасып,

Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,

Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?

 Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,

 Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.

 Түн ортасы басталар қанды қырғын,

 Жарылыстан -жарылыс – күл боп ұшқан.

Күні өтеді осылай жастығымның,

Жолдасымның естідім ақтық үнін.

  Қансырады, құлады командирім,

  Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.

 Күліп жатты жалғанның барлығына,

   Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!

   Көтергенмен рухын жауынгердің,

   Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!

    Басқа салды, біз көндік, амал қанша?

    Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.

   Қай бұрышта қалады бас домалап,

    Алла білер, жортатын сапар қанша?

   Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,

   Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,

   Бауырым, дән риза мен болар едім,

   Осы хатым еліме барып жетсе!

    Түсімізге енеді ақ қорымдар,

    Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.

     Бәрімізде бір арман қоршаудағы;

     «Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»

7 - оқушы:
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

8 - оқушы:

Ауғанның қанды даласы,

Адамзаттың наласы.

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар қарашы.

Адасып барып армандар,

Ауғанда күл боп қалғандар.

Гүл болып өніп көгеріп,

Өмірді қайта жалғаңдар.

Арманда кеткен ар үшін

Ұмытпас елім арысын.

Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын.

Азаттық орнап арман ел

Құлпырды мәңгі жайнап ел.

Байрағың басын имесін,

Ауғанда болған ардагер.

 9 - оқушы:

Баласын аңсап аналар,

Анасын аңсап балалар.

Жүрекке түскен бомбадай,

Жазылар қашан жаралар.

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

 Ауғаннан қайтқан жаралы.  

Ар үшін туған арысым,

Егемен елдің бағы үшін.

Биіктен туың түспесін,

Естімей оқтың дауысын.

Азаттық орнап арман ел,

Құлпырды мәңгі жайнап ел.

Байрағың басын имесін,

Ауғанда болған ардагер!

10 - оқушыАрмысыңдар, ауғандық жауынгерлер?

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,

Біз сәндікке кимейміз деп,- шалбар менен бөрікті.

Отан- ана алдындағы өтеймін деп, - борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.  

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.  

Жау дейміз-ау қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың сайқалдығы-ай уландырған тамырды.

Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,

Заманы еді кеңестің ол сұрапылды дауылды.  

11 - оқушы: 

Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,

Қыран ерлер, ардагерлер сендер түгел тазасың.

Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,

Жандарыңның жараларын қай мықты бар жазатын.

Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,

Жебейді олар аруағымен сендерді.

Аналардың көл боп ақты көз жасы,

Жетімдер мен жесірлерді ойлашы.

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,

Елі үшін құрбандық тек ер басы.

  

12 - оқушы: 

Бүгін біздер солдатымыз Егеменді қазақтың,

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.

Сіздер көрген азап пенен тозақтың,

Енді құдай бетін әрі қаратсын,

Енді атса, тек бейбітшілік таңы атсын.  

Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі – бақи тірісіңдер, тірісің.

1-жүргізуші: - Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар,- дей отырып, сөз кезегін ардагерлерімізге берейік.

2- жүргізуші: -Түйіндей айтқанда, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған жас сарбаздар осынау үлкен саяси ойынның бел ортасынан табылды. Оған қоса, мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, қаншамасы жарақатпен оралды. Бір сөзбен айтқанда, оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі етуіміз керек.

1- жүргізуші: - Міне, Ауған соғысын артқа тастағанымызға да 36 жыл болды. Ардагерлеріміз аман болсын. Қазақ елі гүлденіп, көркейіп, жасай берсін. Бейбітшілік пен жасампаздықта, ынтымақтастықта, бейбітшілікте біз, сіз деп өмір сүрейік!
Осы тәрбие сағатына келген қонақтарға, қатысқан оқушыларға алғысымыз шексіз. Келгендеріңізге рахмет!


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі