400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Президент күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:

Сынып/Класс/Klass: 2 «Ә»

Пән/ Предмет/ Subject: тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күні!

Мақсаты/ Цель занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: Оқушыларға Елбасымыздың өмірбаяны туралы слайдтан оқу арқылы ақпарат беру. «Елбасы күні»мерекесімен таныстыру.

дамытушылық/ развивающая/ developing:оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәнерін сұрақ-жауап,проблема тудырылғанда өз ойларын білдіру,саяхат арқылы елестеу қабәлеттерін дамытып,қалыптастыру,шығармашылық жұмыс орындау арқылы жетілдіру;

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up:Ел басының өмір жолын негізге ала отырып, оқушыларды адамгершілікке,еңбексүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: тәрбие сағаты

Сабақ әдісі:,көрнекілік,түсіндіру,сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:ана тілі,география,тарих

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: презентация,тақта,рәміздер,Елбасының бейнесі(плакат)

Сабақтың кезеңдері:


Өту барысы:

1.Ұйымдастыру:






2.Психологиялық сәт:







4.Кіріспе







Сұрақтар:














Интерактивті тақтамен

Жұмыс:


















Шығармашылық

жұмыс:









Қорытынды:





Мұғалім:


-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!

Сәлеметсіздер ме, балалар!? (сәлеметсіз бе), көңіл –кұйлерін қалай?(жақсы)

-Бүгін бізде кезекші кім?Сабақта кім жоқ?

-Сабаққа дайынсындар ма? (иә)

-Ендіше сабағымызға көшпес бұрын менен кейін өлең жолдарын қайталандар:

Туған жерді сүйеміз,

Сырын бойға түйеміз

Әрбір сыйын құрметтеп,

Қасиетіңе бас иеміз!



-Ал,енді балалар қазір бізде тәрбие сағаты.Тәрбие сағатымыздың тақырыбы : «1 Желтоқсан Қазақстан республикасының Тұңғыш президент күні!»

-Балалар біз сол күні мереке болғандықтан демалдық солай ма?

-Бүгін біз не себептен? не үшін? Қазір сол туралы тәрбие сағатымызда білетін боламыз.Сендерге қазір бірнеше сұрақтар қойып жауабын тыңдайық.

- Біз қандай елде тұрып жатырмыз?

(Қазақстан)

-Қазақстан Республикасы қандай ел?

(тәуелсіз,егеменді,кең байтақ,тату)

-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

(Астана)

-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .)

Ал Президентіміз туралы не білеміз?

(оқушылар не білгендерімен ой бөліседі)

(президентіміздің өмірбаяны)

-Жақсы балалар біраз білетіндеріңмен ой бөлістіңдер Ал,енді президентіміз туралы толығырақ білгіміз келе ме? (иа)


-Онда ол үшін біз сіздермен бүгін бас қаламыз Астанаға саяхатқа аттанайық!

-(Астана қаласының сәулетті ғимараттары,Елбасымыздың атына ие болған алаң көрсетіледі. )

-Міне балалар бұл ҚР тұңғыш президентіне арналған мүсінді көріп тұрмыз (мүсін деген не? Шағын сипаттама беру)

-Сол алаң кейін біздер Астана қаласындағы Тұңғыш президентіміздің мұражайын көрудеміз иа балалар?Сол мұражайда біздің президентіміз туралы көп білетін боламыз,

-Қане,кіреміз бе? (иа)

-Ең алғаш кірер кезде ішінде не көріп тұрмыз балалар ?

(иа әрине бұл біздің мемлекеттік рәміздеріміз)

-Мемлекттік рәміздер жайында не білеміз?

(оқушылармен ой бөлісу)

Слайдта рәміздер туралы мәлімет ұсынылады .Рәміздеріміз туралы айтылады.


Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың-Қостанай облысында болған суреттері көрсетіледі.




Ал енді оқушылар «Егер мен президент болсам не істер едім? »атты шағын эссе жазайық.Бәлкім арамызда болашақ президент отырған шығар.






-Балалар, сендерге Елордамыз Астанаға аттанған саяхатымыз ұнады ма?

-Саяхат жасаған кезде не көрдік? мұражайда кіммен жақынырақ таныстық?

- 1 Желтоқсан қандай күн?


-Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі