Сабақтың
мақсаты:
|
Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.Оқушылар бойындағы
адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.Оқушыларға қариялар жөнінде,
олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат
беру.
|
Сабақтың
барысы.
І. Ұйымдастыру
кезеңі
|
•
Психологиялық
дайындық:
Жүз дейміз –
ау! Сөз болып па со
– дағы! Тек сол үшін
жазбас едім оданы. Қария
ма? Қария
ол Қартаймас Жас жүрек пен
дана бастың одағы – деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай
қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді. Біз оларды ұлғайған
жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз
қажет.
|
Ой
-толғаныс
|
- Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп
белгіленген. Осы мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен
аталарымызды құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте
сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай,
ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап
бүгінгі тәрбие сағатымыз «Қадірлейік қарттарды» деген тақырыпта
өтпек.
|
ІІІ. Жаңа
сабақ
|
Сұрақ -
жауап
- Қане кім айтады ата деген кім өзі?
(әкеміздің әкесі, анамыздың
әкесі)
- Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің
анасы, анамыздың анасы)
- Тамаша! Дұрыс
айтасыздар
- Ата әжелерімізді қалай
құрметтейміз?
- Оларға қандай құрмет
көрсетесіңдер?
Тақтадағы суреттермен жұмыс:
сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.
- Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте,
сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз
қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың
жауабы)
Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет,
мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні –
мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек.
Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің
балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын
болады.
Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін
ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға
тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.
Бата халықтың рухани күш
алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін
ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін
көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза
болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ
тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
|
ҮІII.
Қорытынды
|
- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар
күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық,
құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де
ұмытпағайсыздар.
Өзгерген
не? Адам ба? Әлде
заман ба? Ата – анаға
деген парыз қалмаған ба, адамда, Ей,
адамдар! Құрметтеңдер
үлкенді Одан ешкім кем
болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз
аяқталады. Келіп
қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат
болайық
|