Тәрбие сағаты: «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: «Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты :

5

Күні

29.09.2025

Сынып жетекші:

Ранова Ұ.

Сынып:

6 а


Сынып сағатының тақырыбы:

«Қария – елдің тірегі, ұрпақтың жүрегі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

5-САБАҚ

6 –сыныптар: Дербес деректер: қауіпі мен жауапкершілік

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу..

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Интернет желісінде қауіпсіздік дағдыларын дамыту.

Қауіпсіздік сабағының міндеті:

Интернетте жеке деректерді берудің қатерлері туралы білім алушылардың білімдерін арттыру.

Құндылықтарды дарыту:

тәуелсіздік және отаншылдық Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Апта дәйексөзі:

«Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!»

Сынып сағатының барысы:


Сынып сағатының кезеңі/ уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар/


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

-Сыныпты топқа бөлу

-Қызығушылықты ояту: (Ой қозғау )

Қарт деген кім?

Қарттардың бізге беретін ең үлкен сыйы не?

«Қарты бар үй – қазыналы үй» дегенді қалай түсінесің?

- Балалар, бата деген не? - Батаны кім береді? -«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?


- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.













- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік.

Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.

Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.

Кезекпен жеті аталарыңды атап шықсаңдар


























-оқушылар жеті аталарын айтады.


























Ортасы (30 мин)


Қарттар – біздің асыл қазынамыз!

Ортамызда жүрген қарияларымыздың Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


1-топ: Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздерін айтады.

2-топ: Қарттарға арналған тілектер мен өлең шумақтар оқу

3-топ: Қарттар туралы мақал-мәтелдер жинап, мағынасын түсіндіру.

1.Қарттар туралы мақал-мәтелдер жинап, мағынасын түсіндіру.

2.Жас жүрген жер — мереке.

Қарт жүрген жер — береке.

3. Қарт келсе асқа,

Жас келсе іске.

4. Ақыл жастан шығар,

Жүйрік аттан шығар.

Ақыл қарттан шығар,

Асыл тастан шығар.

5.Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

6.Аталы баланың сөзі ойнайды,

Атасыз баланың көзі ойнайды.

7.Атадан өсиет, анадан қасиет.

Атаның салған жолы бар,

Ананың тіккен қолы бар.

8.Атаң өлсе өлсін,

Атаңды көрген өлмесін.

Эссе.Қарттарым асыл қазынам

Талап: Эссе ата-ана қадірінің маңыздылығын түсіндіріп, олардың мейірімі мен қамқорлығын сипаттау керек. Оқушы ата-ананы құрметтеудің және оларға алғыс айтудың маңызды екенін көрсетуі тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

5 САБАҚ. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР: ҚАУІПІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сабақтың барысы:

Кіріспе

«Жеке ақпарат» ұғымымен танысу: аты, мекенжайы, телефон нөмірі, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды, ата-аналардың және өздерінің банк карталарынан және т.б. өз деректерін қорғауға және қауіпті жағдайлардан аулақ болуға үйрету.

Негізгі бөлім

Кейстермен жұмыс

1-кейс:

Қайырлы күн! Менің атым Айдана, мен 14 жастамын. Жақында біреу менің «В Контакте» аккаунтымды бұзып, менің атымнан әдепсіз суреттерді жариялай бастады. Сондай-ақ менің атымнан достарымды жекеде қорлады. Мен оны құрбымнан білдім, өйткені мен болған саябақта интернет болмады. Мен тіркелуді қалпына келтіріп, парольді өзгерттім, бірақ кеш болды. Көбісі мені достарымнан алып тастап, «қара тізімге» қосты, ал кейбіреулері менімен сөйлесуді тоқтатты. Мен бұл бетті бірнеше жыл бойы жүргізіп келемін, менде мыңға жуық оқырмандарым болды, енді бәрі жоғалып кетті. Айтыңызшы, мен енді не істеймін? Оқырмандарымды қалай қайтаруға болады?

Жауап:

Бұл жағдайда біз оның беделіне зиян келтіргенін көрдік. Бұл жағдайда келесі әрекеттерді ұсынуға болады:

Басқа онлайн ресурстарға тіркелу үшін құпия сөзді өзгерту.

Барлық жағымсыз хабарламаларды өз парақшаңыздан жойыңыз.

Пост жазу арқылы оқырмандардан кешірім сұраңыз.

Жақын достарыңызбен жеке сөйлесуге тырысып оларға жағдайды түсіндір.

Мұндай жағдайды болдырмауға келесі қадамдарды орындау керек:

Күрделі құпия сөздерді және екі сатылы жүйені қолданыңыз.

Аутентификациялау.

Интернетке кіру жүзеге асырылатын барлық құрылғыларға антивирустық бағдарламаларды орнату.

Басқа біреудің компьютерінен тіркелгіге кіру кезінде сақтық ережелерін ұстану.

Жалған беттерге тап болған кезде қауыпсіздік ережелерін сақтау.

кейс:

Сәлеметсіз бе! Менің атым Анар, мен 15 жастамын. Жақында мен бір жігітпен әлеуметтік желіде таныстым. Ол менің досымның танысы және маған қызықты болып көрінді. Біз сөйлесе бастадық, бізде көптеген ұқсастықтар бар екен. Біз бір-бірімізге өзіміз туралы, қайда оқитынымыз, саяхаттайтынымыз жәйлі айттық. Бірде ол кездесуді ұсынды. Мен аздап қорқып, одан бас тарттым. Ол менің қайда оқитынымды және қайда тұратынымды білетінін айтты, мектептен үйге барар жолда аңдып тұратынын ескертті. Мен мұның рас екенін білмеймін немесе ол мені қорқытты. Мен шынымен қорқамын. Енді жалғыз, досымсыз, мен мектепке бармаймын. Айтыңызшы, мен не істесем екен?

Жауап:

Бұл жағдайда келесі әрекеттерді ұсынуға болады:

Жазбалар тарихын мұқият оқып шығыңыз және бопсалаушыға қандай жеке ақпарат түсуі мүмкін екенін түсініңіз.

Жалпы байланыстарды мұқият зерттеп, бопсалаушы туралы қандай ақпаратты білуі мүмкін екенін түсіну.

Ересектерге (ата-аналарға, педагогтерге) хат алмасу тарихын айту немесе көрсету, олар мектеп оқушысын қорғау үшін, құқық қорғау органдарына жүгінуге дейін әрекет ете алады.

Егер бопсалаушы қайтадан байланысқа шықса, оған барлық әрекет туралы хабарлаңыз және оны «қара тізімге» жіберіңіз.

Мұндай жағдайды болдырмауға келесі қадамдарды орындау керек:

Бейтаныс адамдарды достар санатына қосу және олармен достарыңның достары болса да, олармен хат алмасуда сақ болу. Бейтаныс адамдарға жеке ақпаратты бермеңіз. Ол зиянсыз болып көрінсе де, оны жәбірленушіге қарсы оңай қолдануға болады.

3-кейс:

Қайырлы күн! Менің есімім Арсен, 9-сыныпта оқимын. Бірде информатика сабағында мен әлеуметтік желідегі аккаунтыма кіріп, шығуды ұмытып кеттім. Бір аптадан кейін сыныптастарымның бірі менің атымнан кіріп, ол менің достарыммен жеке хат алмасқанымды скриншоттап және көпшілікке жариялап, жағымсыз пікірлер жазады. Онда ештеңе жоқ, бірақ бәрібір мен үшін жағымсыз болды. Барлығы маған күлді. Мен бұрын сыныпта бұлай «танымал» болған емеспін, енді бәріне күлкі болдым. Мен не істеуім керек? Мұны жоюға бола ма? Сыныптасты қалай жазалауға болады?

Жауап:

Бұл жағдайда біз электронды байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылған жәбірлеу-кибербуллингке тап болдық.

Бұл жағдайда оқушыға келесі әрекеттерді ұсынуға болады:

Құпия сөзді аккаунтта өзгертіп оны уақытша жабыңыз.

Әлеуметтік желіні қолдау қызметіне көпшіліктің өзінен және жеке хат алмасудан скриншоттарды қоса отырып, оны жоюды сұрап хат жазыңыз, осылайша сыныптастың жеке деректерін теріс пайдаланғанын растаңыз.

Егер жағдай қайталанса және жойылғаннан кейін жаңадан қайта құрылса, әлеуметтік желіні қолдау қызметіне ресурсты пайдалану ережелерін бұзған пайдаланушының аккаунтын жоюды сұрайтын хат жазыңыз.

Ересектерге (ата-аналарға немесе педагогтерге) жағдай туралы айтып, олардан мектептегі жағдайға араласуды сұраңыз.

Қорытынды

Интернеттегі негізгі қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздерін айтады. Кім көп біледі екен?

1-оқушы: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.

2-оқушы: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.

4-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

5-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.

6-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.

7-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.

8-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

1-оқушы Әжем менің әманда

«Әдепті жан бол» деген.

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

2 - оқушы

Менің әжем, ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

3 - оқушы:

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, нұр әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз әжем, тіл әжем. т.б.


1.Қарттар туралы мақал-мәтелдер жинап, мағынасын түсіндіру.

2.Жас жүрген жер — мереке.

Қарт жүрген жер — береке.

3. Қарт келсе асқа,

Жас келсе іске.

4. Ақыл жастан шығар,

Жүйрік аттан шығар.

Ақыл қарттан шығар,

Асыл тастан шығар.

5.Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

6.Аталы баланың сөзі ойнайды,

Атасыз баланың көзі ойнайды.

7.Атадан өсиет, анадан қасиет.

Атаның салған жолы бар,

Ананың тіккен қолы бар.

8.Атаң өлсе өлсін,

Атаңды көрген өлмесін.









Пайдалы сілтемелер:


https://docs.google.com/presentation/d/1auMcNXk03TSjoVsr58VxQXbjuM9QJpZ1/edit?usp=sharing&ouid=110516144726477210122&rtpof=true&sd=true





Соңы


(2 мин)




Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады



Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі