Мақсаты:оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,үлкенді сыйлау,өз ата-бабасын ұмытпау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне,инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!Ақ жаулықты аналар!Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы!Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері-қарттар,ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын өзінен кейінгі ізіне ерген інілерінен ізеттігін аямайтын,ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып,бір қауымға бас көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше,олай болса,әр халықтың бойында ығылым заманнан бері қалыптасып,оны өзгелерден даралап тұратын,тек озіне ғана тән қасиеттері болады.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау,оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы,сөзі берекелі,ісі тыңғылықты,ойы терең,ақылы телегей теңіз болып келеді.Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетин1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып,»Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты кешімізге қош келдіңіздер.
Жүргізуші:Дүниеге келер бір рет Құрыштан құйған құдірет
-Балалар,ол кім?
-Әрине қарттарымыз .
1.Олай болса,бугінгі кешімізді «Туған жер»әнімен ашамыз.
Өн бойың туған ақыл,ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат.
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат.
2.Ауылымыздың ардагері,қарт зейнеткер ұстазымыз Оңдасын атамызға сөз береміз.
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
3.Ән:»Қазақстаным бақытты»
Жүргізуші:Халқымыздың тәлім-тәрбиесіананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,аталар ақылымен беріліп,өзіндік қасиетімізді қалыптастырукөзделген.Енлеше»Мен атам менәжемнің жалғасымын»бөліміне құлақ түрелік.
4.Өлең тақпақтар.
1-оқушы:Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында,бала-шаға қасында,
Жетпістермен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетем,ьолмаған соң сыңары.
2-оқушы:Жас баладай жаутаңдаған жанары.
Қайта –Қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай.
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап,
Ниеті ақ,көңілі кең даладай.
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
3-оқушы:Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген.
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,сәлемдесіп қол берем.
4-оқушы: Ей,тәккапар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
-Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
5-оқушы:Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің,жұртың,ұл мен қызың бағалар.
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойга қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар,аталар мен аналар!
6-оқушы:Ата күні,әже күні-әлем күні
Әлемді тебірентеді ақылды үні.
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал,бөбектерім,сендер мұны.
7-оқушы: Ата-әже мерекелеріңіз құтты болсын!
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын!
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!
8-оқушы: Асқар тауым,ақылгөйім.,ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса,құлама,
Ер жетсемде еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ата ардақты тұлға,»Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы»деп халық ұрпаққа атаныңмұрасын жалғастыруды уағыздайды.Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады. 9-оқушы: 5.Баяндама: «Аман болшы,қарттарым»
Осыдын 22жыл бұрын,яғни,1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея1-қазандаы «Халықаралық қарттар күні»деп жариялаған болатын.Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат-аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға,жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу,оларға материалдық,әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.Бұл күні біздің елімізде
Ғана емес,әлемнің түпкір-түпкірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп,оқушылар мен студенттердің тарапыннан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып,мемлекет тарапынан арнайы жәрлемақылар тағайындалады.Алайда,қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп,есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алада ма?
«Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келеді»деген сөз бар.Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.Қарттары бар ел-бақытты ел.Сондықтан ел басына күн туған,қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу,жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
6.Бүгінгі кешке ауылымыздың асыл наларымыздың бірі,қарт зейнеткер Тыныштық әжеміз келіп отыр.Әжемізге рақметімізді айта олтырып,сөз кезегін берейік.
10-оқушы: Тұра тұршы есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек ақ әжә-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.
-«Аналар»әнін қабыл алыныздар.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік,әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып,терең тамырлануы, ең алдымен,олардың жекелеген отбасында өркен жаюына,яғни баланың ата-анасын жүрек қалауымен,саналы түрде ардақтап,инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзегше асырылуына байланысты.
Көрініс:»Атасы мен немересі»
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрвамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
7.,»Қазақ биі»бір топ бишілер
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениеткен нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән-жырды сыйға тарттық.
Ән:»Асыл әжем».
8.Ойын:»Әжем менің ерекше».
Көкке өрмелеп көңілің,
Нұрға толсын өмірің.
Бақытты бол жан әке,
Ұзақ болсын омірің.
9.Аталар мен әжелерге ойын:»Әжем менің ерекше»өз әжесін иіскеп табу.
1.Немерелеріңізді еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатал тәрбиелеген дұрыс па?
2.Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді,сіз қалай ойлайсыз?
3.Бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтел айтыңызшы.
4.Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай деп ойлайсыз?
5.Дастархан басында отырғанда тым еркелеп кеткен немереңізге қандай ескерту жасайсыз?
-Енді сіздерден осы оқушыларыңызға бата берулеріңізді сұраймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Қарттар күні"

шағым қалдыра аласыз