Тәрбие сағаты "Қарттарым - асыл қазынам" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қарттарым - асыл қазынам" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты оқушыларды қарттарды сыйлауға үйретеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5-7а



Сабақтың тақырыбы

«Қарттарым -асыл қазынам»

Мақсаты

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(5 мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

2. Тренинг арқылы 2 топқа бөліп алу. Ол үшін оқушылар стикерге жазылған қайырымдылық,қамқорлық тақырыптарын таңдап алады.

І топ. «Қайырымдылық»

ІІ топ. «Қамқорлық»

3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де “сіз”

Кішіге де “сіз”

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз


Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 2 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады..


Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1) – Қазына деген не?

2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?

3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?

4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз - үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам» деп аталады.Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні.Қазан айы - қайырымдылық айы.

Сабағымыздың мақсаты: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру.

Сабақ барысы айтылады.

- Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.

Міне,өздеріңіз көргендей сәби кезімізден бағып-қағып өсірген ата-анамызды үлкейіп,қартайған кезде бізде оларды бағып,киіндіріп, ренжітпей, еркелетіп,бар мүмкіндігін жасау керек екенбіз.

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.











Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.




Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.




Негізгі бөлім

(15мин)



І тур. Жағдаят(ситуация)

Әр топ шағын көрініс көрсетеді.Сол бойынша жағдаятты баяндау


1. Қайырымдылық тамшысы (Автобустағы жағдай) Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жастар үлкенге орын бермей өздері отырып алады.Неге олай ойлайсыңдар?


2.Үлкенге құрмет (Немересінің ата-әжесімен сөйлесуі. Мінекей өздерің көргендей кейбір балалар ата-анасын немесе немерелері ата-әжелерін жақтырмай қарсы сөйлейтіндер де жоқ емес.Неге?


3.«Атаңа не істесең,алдыңа сол келер»Не үшін ата-анасын қарттар үйіне тапсырады?(Қарттар үйіндегі жағдай.Видеоролик)Қазір ата-анасын қарттар үйіне тапсыру да көбейіп бара жатыр,не үшін?


ІІ тур. Н.Тілендиев «Қара шал» термесін тыңдату.

«Тәрбие тал бесіктен» Әр топ қайырымдылық,сыйластық туралы мақал,нақыл сөздер,әңгіме айтады.(Қағазды суыру арқылы тақырып таңдайды.)


Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды


Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.




Қорытынды

(15мин.)




Қорытындылау.

«Ата-ана ақысы»фильмнен үзінді көрсету.(киноны көру арқылы сыни ойлап,постер жазады)

ІІІ тур.Постер құрау.

1 топ. «Қайырымды істер»

2 топ. «Менің қайырымдылыққа қосар үлесім» тақырыптарына әр топ постер жазады.



Рефлексия.Оқушылар стикерге жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз.

Балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!


Сау болыңыздар!


Әр топ постерді қорғайды.



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.










Сынып оқушыларының үйден дайындап келген «Асыл әжем» әні орындалады және Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі оқылады.









.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
20300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі