400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қарттарым – асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік жұмыспен айналысатындарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

Габдуллина Гульназ Толеугазиновна

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2- жүргізуші:  1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Ән:

1.Жүргізуші:

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

2.Жүргізуші:

Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.



1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше балаларыңыздың тілектеріне құлақ түрелік.

  1. Оқушы: Дильназ

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз. 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

2-оқушы.  Алина

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

3-оқушы:  Мәди

Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

  1. Жүргізуші: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
    Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

2-Жүргізуші:

Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Ән:

4-оқушы. Шынасыл

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді.

Аман болсын басыңыз

Ағармасын шашыңыз

Шөбере сүйіп әлі де

5-оқушы. Ерәлі

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Әкешім өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

6-оқушы. 

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

2-Жүгізуші: Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалынан көрініс

1-Жүргізуші: «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

1- Жүгізуші: Әкелер!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

2-Жүгізуші: Аналар!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Маңдайыңды әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүздерің өзгермеген.

Ән:

1-Жүгізуші: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

  Ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

2-Жүгізуші: Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің бірі.

  1. Жүргізуші: Іңкәр, келесі кезекті қонаққа келіп отырған ата-апаларымызға берсек қалай қарайсың?

  2. Дұрыс айтасың Дарын.Аталарымыз бен апаларымызға біраз сұрақтар беріп,ақыл-кеңестерін тыңдасақ.

Сұрақ-жауап.

1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазіргі таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кінәлі деп ойлайсыз?

3. Балаларды қалай еңбекке баулуға болады?    

4.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты балаларыңызға берер ақыл кеңестеріңіз?

1- Жүргізуші. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

2-Жүргізуші: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің  жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

1-Жүргізуші. Баталы құл – арымас,

Батасыз құл – жарымас.

Батаменен ел көгереді

Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.

Ендеше қарияларымыздан бата сұрайық





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1184
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі