Тәрбие сағаты: "Қарттарым-асыл қазынам" 9 "А" сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Қарттарым-асыл қазынам" 9 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге оқушылардың бойында мейірімділік,қарттарға деген құрмет сезімін ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 9 «А»

Тәрбие сағат тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам

Тәрбие сағат мақсаты:

Оқушылардың бойына қазақи салт – дәстүрлерді сіңіруге, инабаттылық пен ибалылыққа, қарттардың алдын кеспеуге, қарттарды тыңдауға тәрбиелеу.

Мұғалім: Көп жасаған қария Ақылы теңіз дария.

Құрметті оқушылар! Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне бүгін 1- қазан қарттар күні келді.. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін  қарттар күніне орай ауылымыздағы асыл қазынамыз: соғыс, тыл,еңбек ардагері Есходжаев Жақсылық атамыздың үйіне барып, мерекесімен құттықтап келейік!

Оқушылармен сабақ аяқталғаннан кейін гүліміз бен кішкене сыйлығымызды алып барып амандасып, оқушылар өздерінің ыстық лебіздерін өлең шумақтар арқылы жеткізді.

Picture 1

Бекжан:

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.


Picture 2

Әсем:

Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр…


Ғазиза:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!






Мұғалім: Осындай тосын сыйдың нәтижесінде Жақсылық атамыз қуанып,марқайып, көзіне кішкенк жас алыпта қалды. Оқушыларым сендер адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, қарттарды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қуанта аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!





Сынып жетекші: Ниязбекова Айман Ырысовна






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
4885
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі