Жамбыл облысы, Шу қаласы Сәкен
Сейфуллин атындағы орта мектебі
5
сынып
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі:Сариева Ж.Ш.
Тақырыбы: Қарттарым-асыл
қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай
білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден
ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған
плакаттар
Барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды
аталар. 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Қарттарым-асыл
қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын
ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы,
келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі
кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл
аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір
кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың
арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз
еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын
ата- әжелеріміздің төл мерекесі болып өтті. Олардың өмір жолдары
бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік
парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік,
сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп,
жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің
мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың
ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де
есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ
кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы
құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Мерекенің тарихы
жайында.
1990 жылы желтоқсан
айының он төртінші
жұлдызында Бас Ассамблея 1
қазанды «Халықаралық қарттар
күні» деп жариялаған болатын.
Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар
күні Еуропада, кейін Америкада
тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері
бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
.
Жүргізуші:
Қазақтар «Төрінен қарт
кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне
сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа
айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген
ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін,
әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды
сақтау.
Ардақты оқушыларым сендер өмір
бойы жас болып тұрмайсыңсыңдар. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің
балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік.
Ендеше ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді қадір
тұтайық!
Біздің бүгінгі тәрбие
сағатымыз алты кезеңнен тұрады.
І кезең Ізденіс жұмыстары
ІІ кезең Аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер
ІІІ кезең «Жырымды сіздерге арнанаймын»
ІҮ кезең Мақал-мәтелдер мен
нақыл сөздер
1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем
бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Ү кезең
Сұрақ-жауаптар
Ата-аналар мен оқушыларға
арналады.
Қалай ойлайсыз, қазір таңдағы
жастар қарттарды өз дәрежесінде құрметтеп жүр
ме?
Мемлекетіміз қарттарға арнап
қандай қамқорлық көрсетеді?
Қазақстанның болашағы
жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер
ақыл-кеңестеріңіз қандай?
Сіздердің жастық уақыттарыңыз
бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы
бар?
Алдағы уақытта Қазақстанның
болашағы қандай болады деп айтар едіңіз?
2. Осы заманда көп адамдар
өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне
апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына
кімдер кедергі деп ойлайсыз?
3. Қазақстанның болашағы –
жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл
кеңестеріңіз?
4. Сіздердің жастық
уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар
деп ойлайсыздар?
5. Алдағы уақытта Қазақстанның
болашағы қандай деп айтар едіңіз?
6. Қарт, ақсақал, ата
сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына
жауап береді)
7. Қазіргі жастардың
тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
8. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?. Өнегелі сөз, өсиеттер
айтасыз ба ?
ҮІ кезең Сиқырлы
қалпақтар
Қалай ойлайсыз, қазір таңдағы
жастар қарттарды өз дәрежесінде құрметтеп жүр
ме?
Мемлекетіміз қарттарға арнап
қандай қамқорлық көрсетеді?
Қазақстанның болашағы
жастардың қолында дейді, сондықтан жастарға берер ақыл-кеңестеріңіз
қандай?
Сіздердің жастық уақыттарыңыз
бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы
бар?
Алдағы уақытта Қазақстанның
болашағы қандай болады деп айтар едіңіз?
2. Осы заманда көп адамдар
өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне
апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына
кімдер кедергі деп ойлайсыз?
3. Қазақстанның болашағы –
жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл
кеңестеріңіз?
4. Сіздердің жастық
уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар
деп ойлайсыздар?
5. Алдағы уақытта Қазақстанның
болашағы қандай деп айтар едіңіз?
6. Қарт, ақсақал, ата
сөздерінің айырмашылығы неде?
7. Қазіргі жастардың
тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
8. Немерелеріңізге қандай ақыл айтасыздар ?. Өнегелі сөз, өсиеттер
айтасыз ба ?
Қорытынды: Мұғалім
сөзі.