400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: Қазақ халқының қолөнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қазақ халқының қолөнерін таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспары

Күні:

07.02.2020ж

Сыныбы:

3 А

Өткізген:

Машимбаева Шынар Ахметжановна

Тақырыбы:

Қазақ халқының қолөнері

Мақсаты:

Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Презентация; «Алтын адам», «Тайқазан» суреттері;

Бейнефильм;


Сілтеме:

Интернет желісінен бейнефильм

«Қазақтың ою-өрнектері»,

«Ұлттық зергерлік бұйымдар»;




Сабақ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушы

іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру


Амандасу

Оқушылардың назарын аудару

Кіріспе

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Қазақ халқының қолөнері».

Балалар,қолөнер дегенде көз алдарыңызға не елестейді?... Дұрыс айтасыздар!

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы,халықтың қазынасы – қолөнері болып т

абылған.Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін,ою-өрнектерді,табиғи шикізаттарды пайдалана отырып тұрмыстық заттарды да жасаған.






Қолөнер түрлерін атайды









ІІ. Ой шақыру

Видео: «ЭКСПО - 2017» халқамыздың ұлттық өнерін көрсететін алаң.

Балалар,араларыңыздан екі белсенді шықса, «Экспо-2017» көрмесін осы жерде өткізейік!

Екі оқушы қолөнер көрмесімен таныстырады

ІІІ. Ой қозғау

«ОЮ-ӨРНЕК – ӨРЕЛІ ӨНЕР» БӨЛІМІ

Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш өрнек.Ою-өрнекті бекерден бекерге сала бермеген, әр өрнектің өзіндік мағынасы бар.


Интербелсенді тақтадан «Қазақтың ою-өрнектері» бейнефильмі көрсетіледі

«Ою- өрнек түрлері» туралы қысқаша шолу.

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тірізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

«ГҮЛ» ою-өрнегін кестерлерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне қолданылады.

«ҚҰСТҰМСҰҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнікер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып  көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзіккке қарап ата-анасы қызының ұзатылған  жерінің жақсы екендігін біледі.

«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш-осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

ЖЫЛАН», «ЖЫЛАНБАС» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек.

Ою-өрнек түрлерін атап,олардың мағынасымен бөліседі














ІІІ.Мақал-мәтелді жалғастыр

1.Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.

2.Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

3.Жігіт көркі - өнер.

4.Ата өнері - балаға мұра.

5.Қазаншының өз еркі
Қайдан құлақ шығарса.

6.Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

7.Өнерліге есік ашық.

8.Шебердің қолы көпке ортақ.


IV.Зергерлік әшекей бұйымдар түрі

Экранға назар аударсаңыздар

«Қазақтың зергерлік бұйымдары»



Мақал-мәтелдің жалғасын айтады.

«Шебердің қолы көпке ортақ » деген мәтелді талдайды.




Экраннан көрсетілген әшекей бұйымдарды атайды


«Алтын адам»

«Тайқазан» туралы балаларға ақпарат беріледі


V. Шығармашылық жұмыс

Қолөнер – сырлы өнер

1.Киіз үйлер. 2.Текемет. 3.Торсық.4.Сандық

5.Үй тұмары.6.Құрақ.7.Қобыз

Өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен таныстырады

VI. Ой түйін





Қорытынды:

«Көнені керек етпесең,жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай,көнені қадірлеп,кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңа үлкен рахмет!Ұлттық қолөнердің түрлерін танып,білді деген сеніммен бүгінгі сабағымызды ән/күй шашумен аяқтайық.

Домбырамен ұлдар күй шертеді

VII. Кері байланыс

Бағалау

Мен білдім

Мен білгім келеді






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі