400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: "Қазақ поэзиясының Хантәңірі".
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Базарбекова Рымкеш Жумабаевна .

Ашық тәрбие сағаты. 4-сынып.

Қазақ поэзиясының Хантәңірі.

Сабақтың мақсаты:

М.Мақатаевтың өмір жолымен шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, әнін нақышына келтіре орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Бүгінгі сабағымыз ақын қазақ поэзиясының Хантәңірі М.Мақатаевқа арналмақ. Хантәңірі етегінде, Қарасаз мекенінде, Қарасу жағасында, Шәлкөде даласында ХХ ғасырдың ұлы ақыны 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген. Шын аты Мұқамедқали мұқағали деп өзі өзгерткен. Мен бұл есімнің қадір-қасиетін білемін бе деген ой келді. Өйткені ол есім бүкіл адамзатты табындырған Мұхаммед Пайғамбардың есімі. Соны өзінше өзгертіп Мұқасы мен Ғалиын ғана алып Мұқағали деп өзгертіп алдым. Кейін төлқұжатына да солай жаздырады. Мұқағали сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын. Өзінің естелігінде ақын мені сөзге, жырға үйір еткен халық, сүюге тәрбиелеген әжем деген екен. Мұқағалидың балалық шағы 1941-1945 жылғы соғыспен тұстас келді. Соғыс басталғанда он жаста екен. Тиын деген әжесі болған. Сол кісі бауырына басып баулып өсірген. 1941 жылдың күзінде Мұқағалидың әкесі Сүлейменді әскерге алады. Ел жиналып әскерге шақырылған адамдарды шығарып салуға бара жатады. Топ ішінде әкесімен қоштасушы Мқұағали да бар. Сүлеймен. Уа- елім-жұртым сендерге бір өтінішім бар. Мына Мұқағали тұңғышым болса да, өзіме тартпадым, жақындатпадым. Әжесінің баласы болып өсіп еді, осының бетінен иіскеуге рұқсат етіңіздер деп сұрайды. Жиналған халық риза болып рұқсат, рұқсат деп шуылдасады. Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланың бетінен сүйеді. Ал Мұқағалиым, сенің ұлы атаң Қамысбай өлгенде Мақатай атаң он жаста екен. Міне мен соғысқа кетіп барамын. Сен де он жастасың, бізге құдай әкесінен он жаста қалуды жазған екен қарағым. Енді сен азаматсың. Анау кәрі әжеңді, шешеңді екі жас ініңді саған тапсырдым. Сен жаспын деме, осыларға бас бол. Біріншіден әкесінің аманаты бар, екіншіден өзінен басқа үйде ересек ешкім болмағандықтан Мұқағали үй шаруасын өз мойнына алады. Оқуын да тастамайды. Зерек, алғыр оқушы болыпты. Мұқағали бала кезінде ақ Ілиястың «Құлагер» поэмасын мәнерлеп жатқа оқитын болған. Өзі де 10-11 жасында өлең жаза бастапты. Анасы Нағиманның айтуынша Қарасаздың Шәлкөде жағы саздау екен де, сазда қаз, үйрек жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, пошта машинасын жүргізетін орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттер алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. Міне осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген екен. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. Осы қызметтерде жүргенде мектепке орыс тілінен мұғалім таппай ауыл басшыларының өтінішімен орыс тілінің мұғалімі болып орналасады.

«Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі. 1972-73 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істейді. Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылады. Бүгінде Мұқағали ақынның 1834 өлең 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Аққулар ұйықтағанда, Райымбек т.б. поэмалары. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. Көзінің тірісінде он бір жинағы, бір таңдамалысы шығып халыққа кеңінен мәлім болса да ресми өкімет орындары тарапынан лайықты бағасын ала алмай өмірден кеткеннен кейін ғана жан-жақты мойындалып екі томдығы, үш томдығы жарық көріп 50-жылдық, 60-жылдық мерейтойлары республика көлемінде кеңінен аталып өтті. Алда бүкіл дүние жүзі болып атап өтер кездер де келеді әлі. Өзі дүниеден өткеннен кейін де он жеті жинағы жарық көрді. Бұрын соңды басылып шыққан 28 кітабын айтпағанда күні кеше жұрт ұсынылған «Аманат» атты кітабының өзі іздеу салар сирек кітап болып үлгерді. Соңғы жылдары жоғары орындардың арнаулы нұсқауынсыз ақ Мұқағалидың туған күні еліміздің түпкір-түпкірінде халықтың өз ықыласымен аталып өтуде. Ғасыр ауысар тұста Қазақстан Жазушылар Одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» атанды. Түбі осылай боларын, әлдекімдердің көргісі, бағалағысы келмей жүрген кездің өзінде Мұқағали данышпандықпен алдын ала болжап білген екен. Оған куә мына бір өлең жолдарына тоқталсақ.

Өлеңдерім жай болып атылғанда,

Атылғанда аспаннан оқылғанда.

Мықтыларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға

Кемел ойлы ақынның, қай туындысы болмасын өз еліне, жеріне деген шексіз махабатынан туған дүниелер. Мұқағали ғажайып ақындардың бірі. Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем деген екен. Ендеше қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.

Picture 3

Жансая.

Менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе неге іздедім.

Алауыртқан таңдардан, сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Данагүл.

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай-ақ келдағы от ал менен.

Не сыйлады, не береді келер күн,

Неде болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған,

Тұрсақ екен, елім де аман мен де аман.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым, ұданғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын гауһар жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты.


Дос болам десең.

Досымды сыйла қымбаттым,

Досыңа сонда.

Досыммен ғана қымбатпын,

Дос болам десең,

Мендегі доспен достасқын.

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көп пе

Апырау неткен жақсы едің!

Досым ау менің

Досым ау менің тапшы емін.

Достарыңменен достастыр мені асылым

Достастыр мені

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін

Достыққа жүрмін құмартып

Өзіме-өзім мін артып

Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан

Достардың барып ауласында өлген мың артық.

Данагүл.

Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер ме мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.

Жазылар естеліктер мен туралы деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып, дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп білгендердің ішінде (тіпті көрмегендері де) құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем. Қазір сол естеліктер жайында сөз қозғайық.

Данагүл.

Жыр басы Қарасаздан басталған Мұқағали Мақатаев бүгінде ән болып, аспанда қалықтап жыр болып, жұлдыздармен сырласып сонау поэзия әлемінде шырқап барады.

Рза Қунақова.

Жансая.

Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда күнбе-күн қасымызда. Әне ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп бүкіл залды бір өзі толтырып жазық маңдайы жарқырап жарқындап жыр оқып тұр!

Әбділдә Тәжібаев.

Мөлдір.

Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан биік адамгершіліктен тұратын.

Лашын Әзімжанова.

Мұқағалидай ақыны бар халық бақытты халық.

(Ф.Оңғарсынова.)

Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз.

М.Қаратаев.

Жансая.

Қазақ жырының аспанында аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды оңай танушы едік, сенің жұлдызың, ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.

Т.Молдағалиев .

Қазір Мұқағалидың аты аталмайтын бір күн жоқ деп айтуға болады. Бүкіл еліміз көлемінде алып айтсақ күн емес-ау тіпті сағат, минут жоқ. Не әртістер радиодан нақышына келтіріп өлеңін оқып жатады, не әншілер ақиық ақынның өлеңіне жазылған әнднрді теледидардан шырқап тұрады. Әр күні газет-журнал беттерін қарап отырсаңыз мақала, хабарларының бірі болмаса бірінде


Мұқағали туралы сөз қозғалып, не өлең шумақтары айтылып жатқанының куәсі боласыз. Мұқағали атындағы мектеп, көше елдімекен өзі туған ауыл ауданында ғана емес өзге облыс орталық қалаларда да баршылық. Ақынның туған жері Қарасазда мұражайы бар.

Жансая.

Көшеде.

Мен жолымды берейін, өт , қарағым.

Несін күттің, несіне көп қарадың?

Анасының бергенін саған берген.

Аруағынан айналдым текті ананың!

Жалған-ай!

Жарасымды-ау ізет деген!

Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.

Қасиетін халқының сыйламайды,

Атасының дәстүрін күзетпеген.

Десек те жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай,

Тайраңдап алды-артына қарамаған.

Қарағым ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.

Өсиетін бабаның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.

Мен долымды беремін, өт қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың?

Қор болмассың құлыны текті ананың,

Жолын алсаң, өзіңдей текті ағаның!

Ақтан.

Picture 1

Арыз жазып кетейін.

Бүгін менің туған күнім

Ой, бәлі-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім –ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау-шапан, мынау-атың, мін демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем!

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен.

Халқым сенің қасиетіңді білем деп.

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен.

Айтамын деп қуанышын, мұңыңды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды.

Мен бәрібір өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең дағы ұлыңды.

Тойланбаса, тойланбасын, не етейін,

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін,

Бар балам қала көрме қатарыңнан.

Иә Мұқағали-ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқырбояулардан бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тұратын жұмбақ ақын.ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды. Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

Ән. «Саржайлауым».

Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен монологы және өз туындысын тыңдайық.

Жансая.

Picture 2



Мұқағалиға арнау.

Өлең десе тұла бойың сілкінді,

Көз ілместен өткіздің-ау күн –түнді.

Барлық ойың жеткізу-ед халыққа,

Жүректегі лүпілдеген үніңді.

Өмір сүйдің, сүйдің аққу өлеңді,

Күнің таяп, жүрек жаурап өртенді.

Сонда дағы арнадың сен халқыңа,

Өлең деген жұмсақ, жылы көркіңді.

Өзің болдың жалғастырған Абайды,

Байқап өттің, көз қырыңмен талайды.

Осы күнде халқың сізге бас иіп,

Поэзияның қыраны деп санайды.

Шынында да Мұқағали ұлы еді,

Кең еді ғой оның дархан жүрегі.

Ол адам боп бұл фәниден өткенмен

Өлең болып мәңгі өмір сүреді.

Мұқағалиға арнау.

Өмірдің көп сұм азабын

Шын жүректен тербене жыр жазатын.

Дәл өзіңдей, о ұлы Мұқағали,

Қазағымда сірә да тумас ақын.

Шен-шекпенге қызықпай, атаққа да,

Нәп-нәзік өлеңменен жаздың жара.

Сен айтқандай ақынның ақындығы,

Атақта емес, пәк таза, арда ғана.

Өлеңдерің біздерге мәңгі есте,

Ортамыздан ағатай кеттің ерте.

Ажал сені ап кетті, бізге қимай,

Аяқ басқан кезіңде қырық беске.

Мұқағали, о ұлы Мұқағали,

Ешқашан да есімің өшпес сенің.

Бағындырған себебі ақынды өлім,

Бағындыра алған жоқ өлеңдерін.

Міне балалар Мұқағали жайлы біраз мәлімет алдыңдар. Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп, тұлғалана түседі. Тау өзінің биіктігімен, теңіз тереңдігімен, дала кеңдігімен көрікті десек Мұқағали болса жанға жақын жырларымен, сүйікті өлеңдерімен көрікті.

Менің қасым болсаңшы кешірімді,

Сабыр етші, тауысамын несібемді,

Басталмаған ісім көп, аялдашы,

Қақпашы, тым ертерек есігімді.

1976 жылы 26-наурыз. Бұл күні қазақ поэзиясының басына қара бұлт үйірілген орны толмас өкініш пен қайғыға толы қаралы күн болды.

Бұл күні ажал атты келместің кемесі өз «Барсакелмесіне» өр тұлғалы, ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.

Ақын өлген мен оның артында өшпейтін өлмейтін асыл мұрасы қалды. Осы Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ- ғасырдың жастары сендерсіңдер.

Мұқағали поэзиясы бір жылдың, не бір айдың немесе бір сабақтың еншісі есмес. Ол таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол-поэзияның Хантәңірі. Ол-сыршыл ақын. Ол-қара өлеңнің шебері. Ол патриот ақын. Ол қайта өмірге келген ақын. Ол-ұстаз. Ол-драматург. Ол-сатирик. Ол-жазушы. Ол-журналист.

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай еңбегінің қызығын да көре алмай от боп жанып өтіп кеткен ақынға мәңгілік қып өмір берген өлеңді ай- дей келіп «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз. Келесі жыр додасында кездескенше.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі