Материалдар / Тәрбие сағаты "Қазақ тілі - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Қазақ тілі - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру 2)Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту 3)Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шындау, туған жеріне, еліне, тіліне деген сүйіспеншілік арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2018
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру

2)Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту

3)Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шындау, туған жеріне, еліне, тіліне деген сүйіспеншілік арттыру.

Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,әдебиет,тарих, орыс тілі,география,ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар! Тіл мерекесіне арнап 6 сынып оқушылар арасында сайыс ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Менің тілім – менің мақтанышым» атты сайысымызды бастаймыз

Мұғалім:Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды.Ол әр уақытта да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.

Айнала отырып ап иісі қазақ,

Азаматын өзара күрестірген

Сахна төріне бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған 9-11 сынып оқушыларын шақырайық.

Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім:Ойынның барысына тоқталсақ,сайыс 9 кезеңнен тұрады.

Сайыс бағдарламасы:

І. Таныстыру.

ІІ.Ұрандары.

ІІІ. «Бәйге» (Оқушыларға сұрақтар қойылады).

ІV.Өлең-сөздің патшасы (Қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп жатқа айту)

V. «Тіл – өнер» (мақал-мәтел жолдарының айтылмай қалған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазады)

VI. «Ділмар» (бірінеше тақырыптар ұсынылады. Қалған тақырыбы бойынша, яғни таңдаған кеспе қағазда қандай тақырып көрсетілсе, сол тақырып бойынша шешендік өнерін байқатады. Оқушының ой-өрісі, тіл байлығы ескеріледі)

Тақырыптар төмендегідей:

а) Ана тілін ардақтайық. ә) Ауыл – алтын бесік.

б) Мамандығым – мақтанышым в) Менің анам.

г) Тәуелсіз ел – мәңгілік ел ғ) Менің тілім – менің мақтанышым

ж) «Мектеп – кеме, білім – теңіз»

VII. «Өнерлінің өрісі кең» (Сайыскерлердің өнер байқауы актерлік шеберлігін көрсету.)

VIIІ. «Жорға» (Соңғы кезеңге ұпай саны көп екі оқушы шығады.)

Ескерту. Әр кезеңнен кейін оқушылардың ұпай саны хабарланып отырады.

Мұғалім:

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі!

1-кезең: «Сәлем – сөздің анасы»

Қатысушылар рет-ретімен өз таныстыруларын айтады.

2-кезең: Қатысушылар ұрандарын айтады.

1-оқушы: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп»

2-оқушы: «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі»

3-оқушы: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

4-оқушы: «Қандай сынақ болсадағы беріспе, Әрқашанда үміткер бол жеңіске»

5-оқушы: «Ал, балақай, күш жинаудан қалыспа, Содан кейін қыран болып қалықта»

6-оқушы: «Достықта: досқа жан тәнімен берілу, өмірде: сенімді тірек»

7-оқушы: «Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқуменен еңбекке сал барынды»

Ұпай сандары хабарланады.

3-кезең «Бәйге сұрақтары»

  1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкеханұлы)

  2. Қазақта жазба әдебиетінен негізін салушы: (А.Құнанбаев)

  3. Қазактың тұңғыш ағартушы ұстазы (Ы. Алтынсарин)

  4. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы (Ш.Уалиханов)

  5. Қазақта тұңғыш тарихан атағын алған батыр (Шақшақ Жәнібек батыр)

  6. Қазақтың шипагер ғалымы (Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы)

  7. Ұрып-соғатын қару (шоқпар)

  8. Алматы обылыстық газеті («Жетісу»)

  9. Адам үндес музыкалық аспап (қобыз)

  10. Республикамыздың рәміздері (ту, елтаңба, әнұран)

  11. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)

  12. Аспан денелеріне аты берілген ғалым (Қ.Сәтбаев)

  13. Қазақта тұңғыш эпопея жазған (М.Әуезов)

  14. Студенке төленетін айлық (степендия)

  15. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын (Ж.Жабаев)

4-кезең « Өлең-сөздің патшасы»

Мұғалім: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы

Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің мәнердеп өлең оқушеберлігін бағамдаймыз

1 Т.Айбергенов «Ана»

2 М.Мақатаев «Жылдарым, менің жылдарым»

3 І.Жансүгіров «Аттың азалы әні

4 М.Шаханов «Төрт ана»

5 С.Сейфулин «Көкшетау поэмасынан үзінді»

6 Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»

7 М.Райымбек «Ар»

Әр баланың ұпай саны есептеледі.

5-кезең «Тіл өнері»

(Мақал-мәтел жолдарының айтылмай қалған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазады)


1.Ауылдан асқан байлық жоқ

Неден қымбат қазына жоқ? (кітап ...)

2. Талапсыз жас, қанатсыз не? (құс ...)

3. Кім қылығымен көркем? (қыз ...)

4. Бас кеспек болсада, не кеспек жоқ? (тіл ...)

5. Көңілдегі сырды не білдіреді? (көз ...)

6. Білім – теңіз, не кеме? (мектеп ...)

7. Отансыз кім – ормансыз бұлбұл (адам ...)

8. Өнер алды қандай тіл? (қызыл ...)

9. Көсем ел бастар, шешен не бастар? (сөз ...)

10. Кімнің көңілі балада? (ана ...)

Әр баланың ұпай саны есептеледі

Әр баланың ұпай саны есептеледі, хабарланады.

7-кезең: «Ділмар» (Ереже еске түсіріледі)

Оқушы үстелдің үстіндегі кеспе қағазды таңдайды. Қай тақырып өзіне түссе, сол тақырып бойынша сөйлейді. (Ой өрісі, тіл байлығы, шешендік өнер)

8-кезең. «Өнерлінің өрісі кең»

(Оқушының актерлық шеберлігін анықтау)

Өнерлі де әсемпаз кең өрісті,

Жүрегі – айна, көңіл ояу келісті. (ұпай саны есептеледі)

9-кезең: «Жорға» (Бұл сайысқа екі оқушы ғана қатысады)

1.Репрессия құрбандары еске алу күні. (31-ма мыр)

2.Теңіз құсы (шағала)

3.Шешендіктану. (риторика)

4. «Бөтен» сөзінің синонимі. (жат)

5.Шөл кемесі (түйе)

6.Оптикалық прибор(микроскоп)

7.Сауат ашатын кітап (әліппе)

8.Абылай ханның лақап аты(Сабалақ)

9.Мұсылмандардың қасиетті кітабы(Құран)

10.Жасанды арна)канал)

11.І дүниежүзілік соғыстың басталған жылы(1914ж)

12.Қара сөзбен жазылатын әдеби жанр(проза)

13. Шешендіктің түрлері(әлуметтік саяси,сот ісіндегі шешендік,әлеуметтік тұрмыстық, академиялық шешендік)

Мұғалім: Осымен сайыстың шарты аяқталды. Әділқазылар алқасы жалпы ұпай санын есептегенше «Көрермен көзайымы»жанкүйрлер өнерін тамашалайық

Жеңімпаздар марапатталады

Қорытынды

Мұғалім: Жер бетінде адам өмірін өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар

Білімділік пек ізгілікті бойымызға дарыта берейік



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!