Тақырыбы: «Қазақстан- тәуелсіз, байтақ елсің!»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанын сүюге, елін-жерін қорғауға
тәрбиелеу:
2. «Отан», «Тәуелсіздік», «Әнұран» туралы кеңірек ұғым
беру:
3. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау, білімдерін
жетілдіру.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Формасы: әдеби-музыкалық монтаж
Әдісі: флеш-презентация көру,
мәнерлеп өлең оқу, әдеби-монтаж, ән, би, сахналық
көрініс.
Көрнекілігі: тәрбие сағатының тақырыбы
жазылған бильборд, Президенттің суреті, Желтоқсан құрбандарының
суреттері, слайд және т.б
Тәрбие сағатының барысы:
-
1.
Кіріспе.
-
2.
Тарих шежіресіне көз жүгірту
-
3.
Әдеби-монтаж, мәнерлеп өлең оқу.
-
4.
Флеш-конференция (Слайд көру).
-
5.
Сахналық көріністер, ән, би.
-
Қорытынды
Әнұран орындалады
1ж: Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін
аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды.
Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде
тәуелсіздігімізді алдық.. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың
соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз
бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке
айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру,
ұғындыру мақсатында, бүгінгі тәуелсіздік күніне орай
өткізгелі отырған «Қазақстан- тәуелсіз, байтақ елсің!»
атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер. Тәуелсіздігіміз баянды
болсын, ағайын!
2ж: Міне, Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді
танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды.
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға
пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз
шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
1ж: Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып,
елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау,
қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның Тәуелсіздігінің
оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір
Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, туды көтеруі
керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға
міндетті.»
2ж: Туған жердей жат жердің болмайтыны-ақиқат,
Оған
көңілің ешқашан толмайтыны-ақиқат
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат-деп тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
1ж: Ән: «Жаса Қазақстан»
2ж: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы 3
ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан
болмады. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау
дүбірлі батырлар заманынан бері елі мен жері үшін қаншама қан
төгілді, қаншама адам құрбан болды.
1ж: 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын
сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен
тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Бұл теңдік үшін, елдік үшін бас
көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың
аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға
айналып еңселі ел болған күніміз. Бұл күн халқымыздың қуанып,
болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
2ж: Келесі кезекті әдеби монтажға берейік.
1ж:Би. Ортада 6 сыныбының биші қыздары.
2ж: Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің
жеңісті жемісі іспетті. Олай болса, құрметті қауым, тәуелсіздік
күніне және Желтоқсан оқиғасы жөнінде М.Шахановтың
шығарған өлеңіне тоқталайық.
1ж: әсем ән: «Алатау»
2ж: 1986 жылдағы 16 желтоқсанның құрбаны болған
азаматтарымыздың бірі Қ.Рысқұлбековтың өмірі жайлы
және өмірінен қысқаша үзіндіні тамашалаңыздар.
Көрініс: «Қайраттың ақтық сөзі» .
1ж: Би: «Қара жорға»
2ж: «Әдеби монтаж»
1ж: Келесі кезекті көрініске берейік:
Ләззәт
2ж: Ал енді слайдқа назар
аударайық.
1ж: Ән: (Желтоқсан желі)
2ж: Ортада өзбек биі..
1ж: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке
желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық
тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз
басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген
азиялық айбынды мемлекетке айналды. «Болашақтың
барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем
байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет
түзеуде.
2ж:Көп аузынан түспейтін,
Отан
деген немене?
Оның
тұлға, түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
1ж: Отан-тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, өз халқың.
Отан-өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан
сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан»-деп өс жас қауым,
Оны
ардақтап сүйе біл.
2ж: Иә, Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,
туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал қазір
бәріміз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп
«Атамекен» әнін орындайық.
Хор:
«Атамекен!».
1ж: Белгілі ақын атамыз
Ж.Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі-деген екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі
уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері болашақ жастарға яғни біздерге
аманат.
2ж: Сондай-ақ еліміздің егемендігін танытатын
ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз,
Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап
қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты
ұрпақ, мықты азамат болуымыз керек.
1ж: Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк
туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын,
Еліміз әрқашанда тыныш болсын-дей келе бүгінгі ашық тәрбие
сағатымызды осымен аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп
тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет.
2ж: Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің
ұрпақтары.